Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АУҚЫМДЫ

16.02.2016
FacebookWhatsappTelegram

Өткен апта соңында аудан әкімі Серік Зайнулдин Үржар ауданына қарасты 27 ауылдық округте өткізілген халық алдындағы есептік кездесулерінен кейін халық пен биліктің арасын алтын көпір іспеттес жалғастырушы аудандық қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді.

Алдымен 2015 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өткен аудан басшысы биылға межеленген жоспарлармен де бөлісті. Серік Зинабекұлы өз сөзінде үржарлықтардың өткен жылы ұйымшылдықпен еңбек етіп, соның нәтижесінде ауданның даму қарқыны жоғары өңірлер қатарына қосылғанын жеткізді.

— Әлеуметтік — экономикалық көрсеткіштер бойынша облыстың қала, аудандары арасында 6-шы орынға тұрақтадық. Жалпы, ауданда 2 млн. 340 мың гектар жер көлемі бар, 79 652 мың халық тұрады. Сондай-ақ 10 056 зейнеткер, оның ішінде 617 тыл ардагері, 9 соғыс ардагері бар. Аудан ауыл шаруашылығы саласына маманданғандықтан, кіріс те жоғары. Өткен жылы 30 млрд-тан астам теңгенің өнімдері өндірілді. Үкіметтің қолдауы нәтижесінде 409 млн. теңге субсидия, 92 жаңа техника алынды. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының тапсырмасымен алдағы уақытта ауданымызда 30 млн. тонна құс етін өндіретін фабрика салынады. Суармалы жерлердің тиімділігін арттыруға 4 млрд-тан астам қаржы салынуда,- деп атап өтті өз сөзінде аудан әкімі.

Жалпы, Серік Зайнулдин өз сөзінде ауданымызда орын алатын айтулы жаңалықтармен де таныстырып өтті. Алдағы уақытта  Сейілғазы Еңсебаев пен Досымжан Әсемхан атты азаматтар Қарабұлақ ауылдық округінің маңынан қызанақ өсіріп, томат өндірісін қолға алмақшы. Сондай-ақ облыс басшысының тапсырмасы бойынша сүт-тауарлы фермаларды ашу да жүйелі түрде жүзеге асуда.           Бұл — өткен жыл бойынша үлкен жетістік.

— Ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 млрд. 858 млн. теңге болса, инвестиция көлемі 9 млрд. 251 млн. теңге болды. Ауданда білім саласы бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 1 700 мектеп салынса, оның 21-і біздің ауданда салынуда. 12 мектепке жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Денсаулық саласы бойынша 172 млн. теңгеге орталық аурухананың жылу қазандығын ауыстырдық. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша өңірімізге 13 дәрігер келді. Мәдениет саласы бойынша жастарды ауылда тұрақтандыру мақсатында Ақшоқы, Қарабұлақ, Таскескен, Қарақол, Елтай ауылдарының Мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілді,- деді Серік Зинабекұлы.

Өңір әкімінің сөзінен бұдан өзге де тұшымды жаңалықтарға қанықтық. Ауданда жергілікті полиция әкімдігі құрылып, оған басшы болып Болат Төлешов тағайындалды. Ауданда саяси, қоғамдық ахуал тұрақты. Бүгінгі таңда 29 мешіт, 2 православ шіркеуі қызмет атқарады. Имамдарды үймен қамтамасыз ету мәселесі қолға алынуда. Әртүрлі семинарлар өткізілуде. Жалпы, қазіргі таңда ауданда 17 800 жас бар. Алдағы уақытта ауыл жастарымен бірлесіп қоғамдық шаралар өткізу ісі жоспарлануда. Сонымен қатар аудан бойынша бюджеттің игерілуі 99,6 пайыз болыпты. Биылғы 2016 жылы, Елбасының Ұлт жоспары — «100 нақты қадамында» айтылғандай, ауыл әкімдеріне ерекше жауапкершілік жүктелінеді. Енді жиналған 4 түрлі салықты ауыл әкімдері қауымдастық құрып өзара келісіп, игеретін болады.

Серік Зинабекұлы өз сөзінде кезек күттірмес мәселелер жайында да айтып өтті. Аудан орталығында жыл өткен сайын жол қозғалысының күрделене түсуіне байланысты  Шошқалы өзенінен көпір салу жоспарлануда.      Балалар саябағын абаттандыру ісі де күн тақырыбында тұр. Аудан орталығындағы су құбыры мен кәріз жүйелерінің ескіруіне байланысты оларды ауыстыру қажет. Ауылдық көшелерді, жолдарды жөндеу ісі де көзделуде. 8 мектептің жылу қазандығын ауыстыру сынды жауапты міндеттер тұр.

—  Бұл орайда қоғамдық кеңес те ауданның дамуына зор үлесін қосады деп ойлаймын. Алдағы уақытта береке — бірлікте жұмыла еңбек етейік,- деді жиын соңында сөзін қорытындылаған аудан басшысы Серік Зинабекұлы.

 

Бауыржан ЖАҚЫП,

“Семей таңы”

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

7 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС