Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАҒДАРЫМЫЗ — НҰРЛЫ ЖОЛ!

23.02.2016
FacebookWhatsappTelegram

Ел ордасы Астанадан шыққан «Мәңгілік Ел» пойызы өткен аптаның жұмасында  ұлылар еліне келіп жеткен еді. Ақтоғай, Шар, Защита станцияларында болып, халықпен жүздескен патриоттық акция қатысушылары мінген пойызды семейліктер темір жол вокзалы басынан сән-салтанатпен қарсы алды.

Бұл күні темір жол бекетінің басы әдетте-гіден тыс абыр-сабырға бөленген еді. «Мәңгілік Ел» пойызы станция басына ұзын-сонар гудок дауысымен жетті. Ал бұл жерде мәртебелі меймандарды салтанатты марш ойнаған оркестрмен жергілікті атқарушы билік өкілдері, теміржолшылар, зиялы қауым қарсы алды. Әжелер шашу шашты.

Қонақтарды құрметпен қарсы алған қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова алғашқы болып сөз алып, ілтипатты пікір білдіріп өтті.

— Құрметті қала қонақтары, қадірлі жерлестер! Бүгін біз «Мәңгілік Ел» пойызын Семейде қуана қарсы алып отырмыз. Мәртебелі меймандар, Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтардың еліне қош келдіңіздер! Нұрлы жолды    бағдар етіп, Мәңгілік Елдің іргесін қалауда мұндай патриоттық шараның берері мол,- деп ізгі лебізін білдірді.

Көпшілік алдында «Мәңгілік Ел» пойызының штаб жетекшісі, танымал қоғам қайраткері, тарихшы, жазушы, Л. Гумилев атындағы   Еуразия ұлттық университетінің профессоры  Әміржан Әлпейісов сөз алып, еліміздегі татулық пен бірлікті ту еткен патриоттық акцияға қатысушылар атынан семейлік жұртшылыққа ыстық ықыласы үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар осынау пойызбен келген 98 адам бір күн бойы қалада болып, зиялы қауым өкілдерімен, жастармен жүздесетінін, ал дәрігерлер, құқық саласының қызметкерлері мен министрлік өкілдері жұртшылыққа тегін кеңес беретінін жеткізді.

— Биылғы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ту етіп осынау патриоттық акцияны ұйымдастыруда бірнеше мақсат көзделді. Соның бірі жер-жерлерде жұртшылықпен тығыз байланыс орнатып, қоғамды біріктіруші, береке-бірлікті нығайтатын шараларды жандандыру болатын. Бүгін Семейге ат басын тіреп отырмыз. Ұлылар еліне үлкен толқыныспен аяқ бастық. Сіздерге Астананың ыстық сәлемін әкелдік. Келудегі мақсатымыз — биылғы жылдың тарихи жыл екендігін паш ету,- деп атап өтті Әміржан Қайырбекұлы.

Ал өз кезегінде семейлік теміржолшылар атынан пікір білдірген Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Талғат Еспанов аталмыш пойыздан түскен меймандарға алғыс білдіріп өтті.

– Сіздердің бұл келген қадамдарыңызға халықтың ықыласы ерекше жоғары. «Мәңгілік Ел» пойызы біздің ортақ Отанымыздың тұғырын биіктетуге шақырады деп білеміз. Және байтақ еліміздің абыройын арттыру жолында барша семейліктер талмай үлес қосатын боламыз,- деп лебіз білдірді.

Осыдан соң шаһар қонақтары қаладағы іргелі оқу орындары мен Достық үйінде болды. Дөңгелек үстелдер мен семинар — кездесулер өткізілді. Облыстық Абай кітапханасында «Тәуелсіздік тарихы – ұлт рухының өлшемі» тақырыбында қоғам қайраткерлері лекция оқыды. Ал №6 емханаға келген дәрігерлер қала халқы үшін тегін түрде медициналық тексерулер өткізіп, кеңестер берді.

«Мәңгілік Ел» пойызымен келген қонақтардың Семей қаласындағы бір күндік сапары жайлы газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

 

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

7 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС