Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЕРДІ ИГЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ БАР

23.02.2016
FacebookWhatsappTelegram

Сенбі күні қалалық әкімдікте «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заң жобасы аясында ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді жекеменшікке беру және оларды пайдалануды оңтайлы ету шарасын талқылаған іргелі жиын өтті. Басқосуға қаламызға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков, ШҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейірхан Әшімханов қатысты.  Жиынға сонымен қатар аудандар мен қалалар басшылары да келіпті.

Айта кету керек, аталмыш Заң жобасы Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау аясында әзірленген болатын. Бұл іс бойынша, ағылшындық және голландық әдістер арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беру мәселелері қарастырылған. Аймақ басшысы орынбасары Д. Мусиннің айтуынша, бұл бастаманың жергілікті бюджетті толықтыру мен пайдаланылмай жатқан жерлерді игеруде берері мол болмақ. Бұл жайында Ұлт жоспары — «100 нақты қадамның» 35, 36 — қадамдарында жер ресурстарын ұтымды пайдалану туралы кеңірек айтылған.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы жерлерінің негізгі үлесі азаматтарға жалға берілсе, біразы жекеменшіктің қолында. Сондықтан жаңа Заң аясында жерді жалға алу бойынша кейбір шектеулер жойыл-ған. Осы арқылы жаңа жеңілдіктерге жол ашылған. Атап айтсақ, жерді банкке кепілге қоюға, иеліктен шығаруға және жалдау мерзімі ішінде субарендаға табыстауға мүмкіндік беріледі.

Басқосуда арнайы баяндама жасаған облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков аймақтағы бос жатқан жерлер туралы айтып өтті. Аудан басшылары тарапынан қадағалануы тиіс мәселе — кәсіпкердің өз иелігіндегі жер көлеміне сай, мал басы да, өндіріс орны да көлемді болуы керек. Жерді шаруа басшысы өз иелігіне алған соң, жер менікі деп бос тастамауы тиіс. Ондайларға ерекше талап қойылады.

— Мұнымен қатар тұрғындарға, уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін, оны 50 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген жағдайда сатып алуға болады, — деді Қонысбай Төлеубеков. — Ал егер жалға алған жердің уақытша иелері мүмкіндікті пайдаланбаса, құқығы тоқтатылып, жер, аукцион арқылы сатылымға шығару үшін, мемлекет меншігіне қайтарылады. Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Жер кодексіне өзгертулер енгізілді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, өзінің сапасына қарай, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге жарамды, ауыл шаруашылығы мақсатында жұмыс жүргізуге берілген жерлер жатады. Мәселен, ондай жерлерге ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, су қоймалары, мал қораларымен түрлі ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар жатқызылады.

Жиын барысында бұдан өзге де бірқатар өзекті мәселелер ортаға салынып, талқыға ұсынылды. Басқосуға қатысып отырған құзырлы орындар басшылары тарапынан жаңа заңға байланысты тұшымды мағлұматтар берілді. Атап айтсақ, жаңа заңға сәйкес, шаруаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында әкімшілік кедергілерді алу және шығындарды қысқарту, шаруашылықты жүргізу нысаны өзгерген жағдайда және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты нысандар құрылысы кезінде, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алынып тасталынатын болды. Қорыта айтқанда, адал еңбек етіп, елінің экономикасын өркендетуге үлес қосып отырған кәсіпкерлерді мемлекет те қамқорлық қанатына алатын болады. Алайда басты міндет сол — сатып алынған  жерлер бос жатпауы керек.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

 

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

7 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС