Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ІЛГЕРІЛЕУШІЛІК БАР

23.02.2016
FacebookWhatsappTelegram

Апта сенбісінде қаламыздағы Абай атындағы облыстық кітапхана залында облыстағы ветеринариялық хал—ахуал жайлы жиын өтті. Басқосу барысында аталмыш сала бойынша өткен 2015 жылғы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, ағымдағы жылғы жоспарлар пысықталды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, ШҚО ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ертай Батхолдин, сонымен қатар аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты.

Жиын барысында сөз алған Дүйсенғазы Мағауяұлы өткен жылдың еншісіндегі жемісті еңбек жайлы тоқталып өтті.

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауына орай мал шаруашылығын дамытып, тұрғындарды сапалы ет, сүт өнімдерімен қамтамасыз ету — бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл ретте облыстық ветеринария басқармасы ветеринарлық-санитарлық жағдайды назардан тыс қалдырып көрген емес. Соңғы екі жылда материалды-техникалық базаны нығайту үшін бірқатар шаралар қолға алынды.  Ветеринарлық пункттер мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасы республикалық бюджет арқылы қайта жарақтандырылды. Өткен  2015 жылы мал ауруларының алдын алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аса қауіпті деген аусыл сияқты індеттерге жол берілмеді. Сондай-ақ облыс әкімінің назарға алуымен өткен жылы облыстық бюджеттен 412 млн. теңге бөлініп, түрлі мал ауруларының алдын алу шаралары жүргізілді. Оның ішінде 212 млн. теңгеге арнайы түрде ветеринарлық дәрі-дәрмектер сатылып алынған.

Түйіндей айтқанда, өткен жылы ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тауарлары мал дәрігерлерінің қырағы түрдегі қадағалауында болған. Сонымен қатар сарып ауруына қарсы күрес те жемісті жүргізілген. 2014 жылдан бері қарай бруцеллезге ірі қара малдың шалдығуы бір деңгейде, ал ұсақ мал басында 0,4 пайызға төмендепті. Бұл бағытта ауыз толтырып айтарлықтай тұшымды жаңалықтар бар. Әсіресе еліміздегі ең белгілі маман ғалымдармен бірлесіп жұмыстар жүргізілген. Мәселен, тоқтала кетер болсақ, Астанадан «Биотехгрупп», Новосібір қаласындағы ғылыми-зерттеу институттары мамандарымен бірлесіп іргелі шаралар іске асырылған. Өз кезегінде мұндай ілкімді шаралар аймағымыз бойынша сарып ауруының айтарлықтай бәсеңдеуіне әкелуде.

-Түліктен түрлі аурулар шыққаннан кейін, оның сүйегін көму үшін арнайы жерлер ашылуда, — деді өз кезегінде ШҚО ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ертай Батхолдин. — Бұл 2015 жылдан бастап арнайы жер кадастріне бекітіліп берілген. Биылғы жылы құжаттарды рәсімдеуді аяқтаймыз. Жергілікті облыстық бюджеттен малды көму үшін 10 арнайы орынды салуға 57 млн. теңге бөлінген. Бұлардың ішінде мал өлекселерін көмуге Жарма ауданында алты, Бесқарағайда бір және Көкпекті ауданында екі бірдей арнайы жер берілді. Сондай-ақ халықты қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін мал дәрігерлері ішкі саудадағы 44 нысанды күн сайын тұрақты тексереді.

Бүгінде аймағымызда 326 қасапхана бар. Ал оның жетеуі ет өңдеуші кәсіпорындарға тиесілі. Сонымен қатар, баса атап өтер тағы бір жайт, мал басын есепке алу да жыл сайын тұрақты жүргізілетіндіктен, түліктерді идентификациялау жұмыстары 100 пайызға толық орындалған. Тек ұсақ малға сыр-ға тағу ғана 96 пайыз көлемінде орындалыпты. Оның да өзіндік себебі бар. Сала мамандарының түсіндіруінше, бұл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен малға арналған арнайы белгілердің уақытында толық келмегендігінен көрінеді.

Десек те жиын барысында сын да айтылмай қалған жоқ. Мәселен, ауру малдарды көметін арнайы орындар әлі де болса тапшы. Былтыр осындай орындар құрылысына 57 млн. теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілген. Нәтижесінде 10 нысан Жарма, Күршім, Бесқарағай және Көкпекті аудандарында  жаңадан ашылып, пайдалануға берілді. Айта кетерлігі сол, облысымыздағы 852 елдімекеннің тек 370-інде ғана арнайы орындар бар екен. Яғни, кейбір аудандардағы сала қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктерге осы бағытта жұмыс жүргізу қажет.

— Сарып ауруына келер болсақ, өткен жылы адамдар арасында 11 сырқаттану фактісі тіркелді. Бұл қылмыспен пара-пар. Ертеңгі күнгі экспорт мәселесіне байланысты кедергілер туындамауы үшін, жалпы ветеринарлық-профилактикалық шараларды ширату, қадағалау қажет. Яғни, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі туындап тұр, — деді БАҚ өкілдеріне пікір білдірген Д.Мусин. Сонымен қатар аталмыш мәселе бойынша тағы бір кемшін тұс — кейбір аудандар аталмыш салаға жас мамандар тарту ісінде қарқындылық танытпауда.

Елбасының биылғы Жолдауында да агроөнеркәсіп саласына ерекше назар аударылған. Ауылшаруашылық саласына жаңа заманауи технологияларды енгізіп, ғылыми тұрғыдан айналысу ісі өркендеуде. Соның аясында, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес, сүт-тауарлы фермалар ашу, сүт қабылдау пункттерін ашу ісі нәтижелі жүзеге асуда. Ал осы ретте сүт жинақтайтын орындар мен тауарлы — сүт фермалары да ветеринарлық қадағалауда болуы қажет. Себебі ветеринарлық бақылау, халқымыздың амандығы мен денсаулығына тікелей себепкер бола алады. Жиын барысында аудандардан келген мамандардың ортаға салған бір пікірі осы болды.

Қ. ҚОЖА, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

7 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС