Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ҚАЗАҒЫМ-АЙ» ҚАЛЫҚТАҒАН КҮН

23.02.2016
FacebookWhatsappTelegram

Әннің де есері бар, естісі бар,  кестелі тіл, өзіндік өлшемі бар. Тек хас шебер ғана кестелі сөзді көркем дауыстың ырғағына келтіре алады. Семей өңірі ондай саңлақтардан кенде болмаған. Кешегі Әміренің бүгінгі жалғасы Жүсіпбек Елебеков, Есімхан Обаев, Теміржан Базарбаевтардың шәкірті болған сондай күміс көмей сахна тарландарының бірі- дәстүрлі әнші, дара сазгер Тұрсынғазы Рахимов.

Жуырда қаламыздағы Абай театрында елімізге танымал дәстүрлі әнші, белгілі сазгер, Қазақстанның мәдениет қызметкері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әншісі Тұрсынғазы Рахимовтың құрметіне «Қазағым-ай!» атты І-ші Республикалық ән фестивалі болып өтті. Өнер иесінің шығармашылығына арналған салтанатты кешке еліміздің әр түкпірінен үлкен сахнада танылып жүрген саңлақ әншілер жиналып, қалың көрермен мен әділ қазылар алдында сынға түсті. Сонымен қатар байқауға әншінің шәкірттері, өнер әлеміндегі әріптестері мен қалың тыңдарманы қатысты.

Ән мерекесі Тұрсынғазы Рахимовтың Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қазағым-ай!» әнімен ашылды. Осыдан соң сахна төріне салтанатты шара иесі, байқауға баға берер қазылар алқасының төрағасы Тұрсынғазы Рахимов құрметпен шақырылды. Барша көрермен  аяулы әншісін ыстық ықыласпен қарсы алып, зор қошемет білдірді.

Бұдан кейінгі кезек кештің мәртебелі меймандарына беріліп, көпшілік алдына ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай, Абай қорық-мұражайының директоры Болат Жүнісбек көтерілді.

Лебіз білдіріп, сөз алған аймақ басшысының орынбасары Жақсылық Омар осынау әсерлі ән кешімен барша семейліктерді құттықтап өтті.

— Қайырлы кеш, құрметті жақсысының қадіріне жеткен, өнерпазын алақанында аялаған Семей жұрты. Семей шаһарында үлкен тағылымды шара өтіп жатыр десек қателеспейміз. Өйткені, алаштан ән оздырған небір бұлбұл да, дүлдүл де осы бір қасиетті топырақтан түлеп ұшқан болатын. Расында, кешегі өткен Әміре де, Мұқағали да, Жәнібек те мұндай құрмет көрмей кетті. Олардың қасында халқының махаббатына кенелген Тұрсынғазы ағамыз бақытты. Себебі сонау 1992 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағын алды. Ал 2011 жылы Президент Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді. Жасыратыны жоқ, орденге де ұсынғанбыз. Алайда, заң бойынша, алдымен медаль иеленуі тиіс екен. Ол марапатқа да қол жетер күн  алыс емес деп ойлаймыз. «Өнерпаз өз ортасына бірінші кезекте мінезімен сыяды» деген Абайдың ғибратты сөзі осындайда ойға оралады. Тұрсынғазы ағамыздың өз халқына деген сәби махаббаты, мінезі мен ерекше өнері өз халқының, тыңдарманының жүрегін жаулауына септігін тигізді. Расында, өнерпаз үшін халқының құрмет пейілінен, ыстық ықыласынан артық баға жоқ, — деп атап өткен Жақсылық Мұқашұлы өнері иесіне ілтипат білдіре келе, облыс әкімі Даниал   Кенжетайұлының да құттықтауын жеткізді.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары     алдағы уақыттарда Тұрсынғазы Рахимовтың құрметіне арналған ән фестивалін дәстүрлі түрде өткізіп тұруға шешім қабылданғанын да айтып өтті.

Бұл күні әнші-сазгер үшін қошемет мол болды. Атап айтсақ, сөз алып, құттықтау білдірген Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов өнер иесіне       «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы    берілетінін мәлімдеді.

— Қайырлы кеш, қадірменді қауым. Бүгін, міне, жақсы бір кеште жүздесіп отырмыз. Тұрсынғазы Рахимовты барша халық жақсы біледі. Өнеріне қанық. Ағамыздың абыройы үлкен, еліміздің мақтанышы. Алдағы уақытта қалалық мәслихат депуттатары өнер иесін арнайы шақырып құттықтамақ, — деп тоқталып өтті Ермак Бидахметұлы.

Ал Абай қорық-мұражайының директоры Болат Жүнісбек ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ерекше  ықыласпен жазылған Алғыс хатын және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған медальды табыс етті. Сондай-ақ, өз кезегінде кеш иесі Тұрсынғазы Рахимов барша қауымға, ілтипат білдірген басшыларға ал-ғыс білдіріп, осынау құрметке риза екенін жеткізді.

Осыдан соң кезек Тұрсынғазы Рахимовтың әндеріне берілді. Республиканың әр түкпірінен сайланып келген саңлақ әншілер кезектесе сахнаға шығып, асқақ үнмен қазақы нақыштағы әндерді әуелетіп жатты. Әсіресе сазгердің Мұқағали ақынның сөзіне жазылған әндері ерекше нақышпен орындалды. Айта кету керек, Тұрсынғазы Рахимовтың әндерінің тыңдарман жүрегіне жол табуына себепкер болған адам – Мұқағали Мақатаев. Осы уақытқа дейін ақынның он беске жуық өлеңін әнге қосыпты. Бұл жолғы байқау барысында «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн» , «Нені аңсаймын», «Я, Жаратушы Аллам», «Қазағым-ай», «Аягөз ару» сынды жан дүниеңді тебірентетін әндер көпшіліктің құлақ құрышын қандырды. Расында, тыңдарманы Тұрсынғазы әншіні сағынып қалған екен. Әр әнін ықыласпен тыңдап, ұзақ қол соғып қошемет білдіріп отырды.

Қ. ӘЛІМБЕК, Семей қаласы

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

7 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС