Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰЛТ КӨСЕМІ ЖАДЫМЫЗДА

11.03.2016
FacebookWhatsappTelegram

Биыл қазақтың көрнекті қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл. Қазақтың дербестікке қол жеткізуін мұрат еткен Алаш арысының 150 жылдық мерейтойы ағымдағы жылы «ЮНЕСКО» көлемінде аталып өтіледі. Алаштың астанасы атанған Семейде Әлихан Бөкейхановтың құрметіне мәдени іс – шаралар бастау алып, өткен аптада Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Әлихан Бөкейхановқа арналған бірқатар шаралар ұйымдастырылды.

Алдымен іс-шараға жиналғандар Әлихан Бөкейхановтың ескерткішіне гүл шоқтарын  қойып, салтанатты жиынға қатысты. Оған Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов, М. Қозыбаев атындағы ғылыми зерттеу орталығының директоры Мұхтарбек Кәрімов, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, шаһардың зиялы қауым өкілдері және студент жастар жиналды. Шараның негізгі мақсаты азаттық үшін тар жол тайғақ кешкен тарихи тұлғаның есімін ұлықтау әрі оның қоғамдық-саяси қызметін жастарға үлгі ету арқылы олардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру болып табылды. Қазіргі уақытта  Алаш қайраткерінің мерейтойы ел көлемінде кеңінен аталып өтілуде. Арап Еспенбетовтің айтуынша, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын атап өтуде Семей қаласының жөні бөлек. Себебі ұлт зиялылары Алаштың ақ туын алғаш рет осы ұлылар мекенінде желбіретті.

— Құрметті зиялы қауым! Ел тарихында ұлы тұлғалар баршылық. Солардың бірегейі Әлихан Бөкейханов. Кеңес заманында оның есімін айтуға тиым салынатын. Ол тоталитарлық жүйенің салдарынан халық жауына айналды. Сол қысыл таяң кезеңде Алаш көшбасшысы халықтың мұң-мұқтажын еш қорықпастан боямасыз билікке ашық жеткізе білді. Семей мен Әлихан ұғымын бөліп қарастыруға болмайды. Оның 150 жылдық мерейтойы “ЮНЕСКО” деңгейінде тойланады деп көзделуде. Бұл қуантарлық жағдай. Міне, соған байланысты Семей қаласының әкімдігі және Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті іргелі шараларды қолға алып отыр. Ол жыл бойы жалғасатын болады. Ел егемендігіне қол жеткізуде Алаш арыстарының еңбегі зор болғаны даусыз. Сондықтан да Әлихан сынды дара тұлғаларымызды әрқашанда ардақтай білуіміз қажет, — деп түйді өз сөзін Арап Сләмұлы.

Ал қала әкімінің орынбасары Н.Шарова ұлт көсемінің саяси қайраткерлігіне тоқталып, оның ел болашағы үшін атқарған игі істері ұрпақ жадында мәңгіге сақталатынын жеткізді.

— Әлихан Бөкейханов Алаш қозғалысының көрнекті жетекшісі болғаны сөзсіз. 1905 жылы ол Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші мемлекеттік думаға депутат болып сайланған болатын. Сондай-ақ Әлихан Бөкейханов «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде редакторлық қызметтерін атқара білді. Ал 1917 жылы бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ Республикасының тұңғыш төрағасы ретінде тағайындалды. Солақай саясаттың салдарынан қудаланып, соңында ату жазасына кесілді. Дегенмен де қаншама жылдар, ғасырлар өтсе де оның өскелең ұрпақ үшін атқарған ұлы істерін халық ешқашан ұмытпас. Оның артында қалған мұраларын жинақтау бәріміздің ортақ парызымыз, — деді өз сөзінде Надежда Васильевна.

Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Н. Шарова бастаған құрметті қонақтар университетте ұйымдастырылған «Алаш көсемі — Әлихан Бөкейханов» атты дөңгелек үстелге де қатысты. Онлайн жүйесінде өткен шара барысында тарихшы Мұхтарбек Кәрімов «XX ғасыр басындағы Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі» атты баяндамасын жиналған қауымға ұсынды.

— 20-шы ғасырдың басында қазақ даласында Қарқаралы петициясы қабылданған болатын. Оның түпкілікті мақсаты патшалық        Ресейдің отаршылдық жүйесіне қарсы тұру еді. Осы петицияның басында Әлихан Бөкейхановтай дара тұлға тұрды. Бұл қадам арқылы ұлт зиялылары өздерінің саяси бағдарламасының толықтай әзір екендігін көрсете білді. Ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа мазмұнға ие болуының тағы бір көрінісі қазақтардың Ресейдің мемлекеттік думасына қатысуын айтуға болады. Семей облысы қазақтарының атынан Ә.Бөкейханов 1-ші мемлекеттік думаға депутат болып сайланғаны баршаға мәшһүр. Сол сәттерде ол өзінің саяси көрегенділігін көрсетті, — деді Мұхтарбек Қарпықұлы.

Сонымен қатар мерейтойлық шаралар күнтізбесіне сәйкес, білім ордасында «Теңдік туын көтерген Алаш көсемі» атты кітап көрмесі, «Қазақ халқының тағдыры» атты бейнефильм көрсетілімі, «Алаштың Әлиханы» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС