Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАРШЫ БОЛҒАН ӘЗ-НАУРЫЗ

25.03.2016
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс халықтарының байырғы мерекесі – Наурыз мерекесі, Ұлыстың ұлы күнін Семей қаласында да ерекше ықыласпен атап өтті. Әсіресе қаланың орталық алаңындағы мерекелік салтанат айрықша сипатта болды. Халықтар бірлігін, табиғат пен адамның жаңаруын, жаңғыруды білдіретін әз Наурыз  шаһардың әр жерінде мерекеленді. Мерекеге орай киіз үйлер тігіліп, онда хал-қымыздың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарынан сыр шертетін көріністер және жабдықтар көпшілік назарына ұсынылды.

Орталық алаңдағы салтанатты мерекені Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов құттықтау сөзбен ашты. Көпшілік алдына шыққан қала басшысы барша семейліктер мен қала қонақтарын осынау ұлық күн —  Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

— Құрметті ағайын, қымбатты жерлестер! Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы құтты болсын. Өмірін табиғат — анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен ынтымақтың арқауы деп бағалаған. Наурызды семейліктер жылдағы дәстүр бойынша сән — салтанатымен, думанды тойымен ән — жырымен қарсы алады. Ұлыстың ұлы күнінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы барынша насихатталып, Әлихан Бөкейханов пен Қайым Мұхамедхановқа ерекше құрмет көрсетілуі тиіс. Халқымыз “Көктемнің бір күні- жылға азық” деген. Биылғы көктем үлкен саяси науқанның өтеуімен ерекше. Барша қазақстандықтар өз таңдауын 20 наурызда жасады. Себебі келешектің кемел болуы өзімізге байланысты. Семейліктер бұл іске бір адамдай кірісіп, дұрыс таңдау жасады деп санаймын.     Наурыз мерекесі елімізде өмір сүріп, еңбек етіп жатқан жұрттың ынтымағын нығайта берсін. Осынау шуақты күні баршаңызға мықты денсаулық, молшылық тілеймін. Мешін жылында еліміз тыныш болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын, — деп атап өтті.

Осыдан соң Наурыз мерекесінің салтанатты ашылу рәсімі басталды. Театрландырылған көріністі қаладағы түрлі білім ордаларының атсалысуымен ішкі саясат бөлімі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырыпты. Ал салтанатты шараға ұлттық киімдер киген мектеп оқушылары, колледждер мен қаламыздағы жоғары оқу орындарының студенттері зор даярлықпен келгендіктерін көрсетті. Сондай-ақ айшықты мерекеде Қыдыр ата үлкен-кішіге батасын беріп, Самарқанның көк тасы еріп, көктемнің жылы шуағымен туған жер төсінде әуелеп ұшқан құстар әуені Ұлыстың ұлы күнін паш етіп, Наурыз жер-дүниеге бейбітшілік дарытып, құт-береке әкелсін деген тілегін жеткізді. Бұл күні ән де әуеледі, күй де күмбірледі. Жергілікті өнерпаздар ұжымдары ұлттық аспаптарда эстрадалық әндер орындап, мерекені тамашалаушы көпшіліктің қошеметіне бөленді. Қаланың үздік әртістерінің, шығармашылық ұжымдарының қатысуымен театрландырылған мерекелік көрініс ұйымдастырылды.

Баршамызға белгілі, Наурыз «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Наурыз айында күн мен түн теңеліп, табиғат түрленіп, жасарып, жайнайды. Наурыздың келуімен ел елжірей қуанып, дастарқан жайып, бірін-бірі құшақтап, құттықтайды. Ұлыстың ұлы күні жаңа күн болғандықтан, көп жаңалық, мол қуаныш, игілік осы күннен басталуы тиіс. Наурыз тойында ән шырқалып, күй тартылады, жыр айтылады. Сөйтіп, жұрттың көңілін көтереді. Ондайда ұжымдасып, ұйымдасып өнер көрсетудің мәні зор. Ұлыстың ұлы күні әрбір адам, бұрынғы реніш, өкпе-наразылығы болса, бәрін кешіп, бірін-бірі мейман етеді. Сый-сияпат жасалады. Қазақ халқының бірлігін насихаттайтын мерекеде осы дәстүрден семейліктер де жаңылған жоқ.

Айта кетер бір жайт, Наурыз мейрамына орай, Орталық алаңға мерекені тамашалауға келген халық жағалай орналасқан қазақ үйлерден наурыз көже, қымыз, палау және басқа да қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Сонымен қатар балалар алтыбақан теуіп, асық ойнады. Арнайы әзірленген алаңдарда қалалықтар ұлттық, спорттық-бұқаралық ойындарға қатысып, жергілікті спортшылардың өнерлерін  тамашалай алды. Әсіресе мұндай ойын түрлеріне қатысуға ынта білдірген мектеп оқушыларының саны басым болды. Мұның өзі ұлттық өнерді ұлықтауға деген жастардың ынта-ықыласының арта түскендігін бай-қатса керек.

Орталық алаңда «Ақындар ауылы», «Салауат ауылы», «Тәуелсіздік ауылы», «Алаш ауылы», «Өнер ауылы» атты 5 ауылдан тұратын киіз үй қалашығы қойылды. Сонымен қатар қалалықтар және қала қонақтарына балаларды атпен серуендету, жастарға арналған көңіл көтеру бағдарламасы, қаланың жетекші әртістері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік концерт, мерекелік сауда, ұлттық тағамдардан дәм таттыру ұсынылды.

Айта кету керек, осынау күні қаланың Орталық алаңында бірқатар киіз үй тігілген болатын. Қазылар алқасы тігілген киіз үйлер арасынан үздіктерін анықтады. Ұлттық үрдістің жарқын үлгісін көрсетіп, жасау-жабдығы, безендірілуі арқылы Наурыздың нақышын бейнелей білген, ұлттық тағамдарды үйлесімді әзірлеп, қонақ күтуде салт-жорал-ғыларды сақтай білген киіз үйлер қатары көп ұзамай анықталды. Нәтижесінде қалалық білім бөлімінің киіз үйі бас жүлдеге ие болды. Одан кейінгі кезекте Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен мемлекеттік медицина университетінің ұжымдары құрған киіз үйлер үздік деп танылды. Барлық жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Осылайша, Орталық алаңдағы Наурыз думаны түс ауғанша толастаған жоқ. Қуанышты көңіл мен рухани ләззат сыйлаған бұл күні жиылған қауым асқақ көңілмен тарқасты.

Ұлыстың ұлы күні мерекесін тойлауға семейліктер қаладағы теміржол алаңына да жиналды. Бұл жерде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесіне қарасты әр мекеме киіз үйлер тігіп, алтыбақандар орнатып, қонақ күтіп жатқан болатын.

Жұртшылық алдында сахнаға көтерілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Семей жол бөлімшесінің» басшысы Марлен Көкірекбаев құттықтау сөз алды. Өңірімізге жылы леп ала келген көктемнің осынау мерекесінің тағылымдық мән-мағынасына тоқталып өткен М. Кәрімұлы өз сөзін:

— Баршаңызды осынау қастерлі мерекемен құттықтаймын. Әрдайым еңбекте табысқа жетіп, еліміздің өркендеуі жолында қосатын үлестеріңіз арта берсін, — деген ізгі тілектермен тамамдады.

Сонымен қатар теміржолшыларды құттықтауға келген қала әкімі Ермак Сәлімов те лебізін білдірді. Тек өңіріміз ғана емес, байтақ еліміз үшін маңыздылығы зор аталмыш салада барша теміржолшылардың табысқа жете берулеріне тілектестік білдірді. Ал өз кезегінде құттықтау тілек арнаған облыстық мәслихат депутаты, өңіріміздегі белді кәсіпкер Әсемхан Досқожанов: «Тасымалдайтын жүктеріңіз көп болып, қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудағы қырағылықтарыңыз арта берсін», — деп жүрек түкпірінен туындаған ізгі лебізін жолдады.

Осыдан соң әуелеп ән, күмбірлеп күй төгіліп, мерекелік шара басталып кетті. Ауа райының тосын мінез танытуына қарамастан, концертті тамашалаушы көрерменнің қарасы мол болды. Бұл жолы концерттік бағдарламада өнер көрсетуге шығыс өңірінің эстрада жұлдыздары арнайы келген екен. Қазақы нақыштағы әуен де, дәстүрлі әндер мен билер де орындалды. Барша көрерменнің көңілі шат болды.

Ал осынау сәттерде сахна сыртында спорттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушы қалалықтар өзара сынға түсіп жатқан болатын. Нысана көздеуден әсіресе Семей вагон пайдалану депосының теміржолшылары алдына қара салмады.

Әрбір теміржол мекемесінен онға жуық киіз үй тігіліп, мол дастарқан жайылды. Әсіресе Семей жол дистанциясы және Жаңа-Семей станциялары тіккен алты қанат киіз үйлерден дәм татушылар легі арылмады. Келушілерге тек дәм татқызып қана қоймай, станцияның қыз-жігіттері ән мен күйден сый-кәде ұсынып та жатты.

Бір бұл емес, киіз үйдің іргесіне тігілген кең шатырда мерекелеуші көпшілікке арналып қайырымдылық дастарқаны жайылған-ды. Жүз литрден аса наурыз көже тегін таратылып, асылған ет пен өзге де ұлттық тағам түрлері ұсынылды. Темір жол ауданындағы салтанатты шара осылайша көпшіліктің мерекелік көңіл- күйін еселеп, жағымды әсер сыйлады.

Ұлыстың ұлы күнін, жылдағы игі дәстүрге сай, Семейдің сол жақ жағалау тұрғындары да кең көлемде атап өтті. Бұл күні М. Әуезов алаңында құрылған алтыбақан және қаз-қатар тігілген ақ шаңқан киіз үйлер мерекенің көркін кіргізумен қатар мән — мағынасын аша түскендей. Осы аудандағы мерекелік думанды ұйымдастыруға Семей қаласының білім бөлімі атсалысыпты. Дәлірек айтқанда, сол жағалаудағы 25-ке жуық жалпы орта білім беру мекемелері мектеп оқушыларының қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырды. Балалардың шығармашылық жұмыстарының дені ағымдағы жылы ел көлемінде аталып өтілетін елеулі даталарға арналған. Бұл туралы қаладағы Шәкәрім атындағы №5 мектеп гимназиясының мұғалімі Мунира Мәулетқызы кеңірек айтып берді.

— Ұлыстың ұлы күнінде Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған №5 мектеп гимназиясының ұстаздары мен оқушылары арнайы өздерінің қолөнер жұмыстарын әкелді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, туындылардың көпшілігі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы мен  Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына және өзге де ауқымды мерейтойларға арналып отыр. Сонымен қатар мұнда шәкірттеріміздің қолынан шыққан «ЭКСПО-2017» сынды халықарылық көрмеге орай ағаштан әзірленген жұмыстарды да көруге болады. Осыған Әлем Мұқанов,  Айдын Әубәкіров және Болатбек Тұтқышев есімді мұғалімдер атсалысты. Бұл сәтті пайдалана отыра, барша қалалықтарға тек жақсылық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, — деген ақ жарма тілегін білдірді Шәкәрім атындағы №5 мектеп гимназиясының оқытушысы              М.Рақымжан.

Бұған қоса оқушылар шаһар тұрғындарының назарына өздері дайындаған әндері мен билерін де ұсынып жатты. Ал сахна төріне көтерілген Семей қаласы жер қатынастар бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуов жиналған тұрғындарға қала әкімі Ермак Сәлімовтің арнайы құттықтауын жеткізді.

— Құрметті жерлестер, шаһар меймандары! Баршаларыңызды Семей қаласының әкімі Ермак    Бидахметұлының атынан Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн- жаңарудың бастауы. Наурыз — елдегі ұлттар мен ұлыстарды бір арнаға тоғыстырып, халықтардың бірлігі мен ынтымағын нығайтатын мереке. Осы айда адамдар маңайларын тазартып, ағаш отырғызуды қолға алады. Қымбатты қалалықтар! Барлығымыз осы әсем қаламызды гүлдендіріп, оны көркейтуге бір кісідей атсалысатындығымызға мен сенім білдіремін. Бүгінгі  Наурыз мерекесімен тағы да баршаңызды құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін, — деп түйіндеді өз сөзін қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуұлы.

Сондай-ақ сол жағалаудағы жаңару мейрамын атап өтуге қаладағы “Теплокоммунэнерго” МКК мен «Семей Водоканал» МКК өз үлестерін қосты. Ал қалалық «Дариға — ай» жастар театрының өнерпаздары               театрландырылған қойылымдарымен мерекенің көркін одан әрі қыздыра түсті.

— Бүгінгі көктемнің бастауы саналатын Наурыз мейрамы бүкіл қазақстандықтарға құт — береке әкелсін. Әр шаңыраққа табыс тілейміз. Жылда отбасымызбен бірге осы Ұлыстың ұлы күнін атап өтуге осы алаңға келіп отырамыз. Жылдан-жылға  Наурыздың мәртебесі мен абыройы асқақтау үстінде. Бұл — қуантарлық жағдай. Мемлекетіміздің тұғыры әрқашан да биік болсын! Мәңгілікке ұмтылған еліміздің болашағы жарқын болатынына біз кәміл сенеміз, — дейді қала тұрғыны Шынар Сатыбалды.

Асан МЫРЗАХАН,

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

Реализация поручений Президента: в Казахстане построят четыре новых фармзавода

22.01.2026
Реализация поручений Президента: в Казахстане построят четыре новых фармзавода

В рамках поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева в стране ведется системная работа по увеличению доли отечественного производства в фармацевтической отрасли. ...

Читать далее ...

Кто вошел в состав Комиссии по Конституционной реформе

22.01.2026
Кто вошел в состав Комиссии по Конституционной реформе

О том, кто вошел в состав Комиссии по Конституционной реформе (Конституционной комиссии), сообщили в пресс-службе Акорды, передает агентство Kazinform. Азимова Эльвира Абилхасимовна — Председатель Конституционного Суда Республики...

Читать далее ...

Президент Казахстана подписал указ о создании Конституционной комиссии

22.01.2026
Президент Казахстана подписал указ о создании Конституционной комиссии

Глава государства подписал Указ о создании Комиссии по Конституционной реформе (Конституционной комиссии). В целях выработки предложений по Конституционной реформе Президент постановил: 1. Создать Комиссию...

Читать далее ...

Исполнение поручений Президента: Правительство направит 8 трлн тенге на поддержку реального сектора для роста экономики

21.01.2026
Исполнение поручений Президента: Правительство направит 8 трлн тенге на поддержку реального сектора для роста экономики

Правительство обеспечит рост ВВП на уровне не менее 5% и направит порядка 8 трлн тенге на поддержку реального сектора экономики....

Читать далее ...

А знаете ли вы, что сегодня на Национальном курултае говорили уже не о деталях, а о новой конструкции власти в Казахстане?

21.01.2026
А знаете ли вы, что сегодня на Национальном курултае говорили уже не о деталях, а о новой конструкции власти в Казахстане?

Если совсем коротко и по делу, обсуждение шло по нескольким пунктам. Во-первых, Парламент. Речь идет о переходе к однопалатной модели...

Читать далее ...

Президент поддержал идею создания фонда «Национальное цифровое наследие»

21.01.2026
Президент поддержал идею создания фонда «Национальное цифровое наследие»

Такая инициатива в рамках Года цифровизации и искусственного интеллекта откроет новые возможности для сохранения и глубокого изучения исторического наследия. Об...

Читать далее ...

Новости

Реализация поручений Президента: в Казахстане построят четыре новых фармзавода

1 час назад

Кто вошел в состав Комиссии по Конституционной реформе

2 часа назад

Президент Казахстана подписал указ о создании Конституционной комиссии

2 часа назад

Исполнение поручений Президента: Правительство направит 8 трлн тенге на поддержку реального сектора для роста экономики

22 часа назад

А знаете ли вы, что сегодня на Национальном курултае говорили уже не о деталях, а о новой конструкции власти в Казахстане?

22 часа назад

Президент поддержал идею создания фонда «Национальное цифровое наследие»

22 часа назад

Токаев: Парламент предлагается наделить правом избирать судей Верховного суда

22 часа назад

Передать гидротехнические объекты в доверительное управление поручил Глава государства

22 часа назад

Президент потребовал выявить бенефициаров коррупционных схем в соцсфере

22 часа назад

Работа Парламента зависит от активности депутатов — Айман Умарова

23 часа назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС