Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ШАЛҒАЙ АУЫЛДЫҢ ШЫРАЙЫ АРТПАҚ

29.03.2016
FacebookWhatsappTelegram

Аудан әкімі Нұрлан Сыдықов шалғай ауылдардың шырайын кіргізуге күш салуда. Осы ретте аудан басшысының Әди ауылына арнайы жұмыс сапарымен барғанын айтуға болады. Партизан жазушы Әди Шәріповтің кіндік қаны тамған мекенге таяуда ресми түрде жазушы есімі берілген болатын. Аудан басшысы ауылға сапары кезінде жол қатынасына ерекше мән берді.

Тастай салған таяғы тал болып өсетін ауылда бұрындары егін мен мал шаруашылығы қатар дамыған еді. Алайда тоқырау жылдары бұл ауылды да айналып өтпеді. Ал қазір іскер азаматтар ауылдың өсіп – өркендеуіне өзіндік үлес қосып келеді. Дегенмен қытымыр қыста қатынассыз қалатын ауыл тұрғындары күзге салым керек – жарағын жеткілікті қылып жинап алуға тырысады. Мұның өзіндік себебі де бар. Таулы мекенге апаратын тас жолдың бұралаңы көп деуге келмейді. Бірақ тауды жанамалап өтетін бөлігін қыс бойына қар алып, қатынасты қиындатады. Осыны ескерген аудан басшысы Нұрлан Бәташұлы күре жолға жауапты мекеме басшыларының басын қосып, қыс мезгілінде қатынасты қалыпқа кел-тіру жайын талқылады.

Тауды жанамалай өтетін жол бөлігі желдің ығында болғандықтан, қыс мезгілінде тазаланған жол артынша бұрқасыннан қайта жабылып, қатынасты қиындатады. Жан-жақты ұсыныстар ортаға салына келе, өңір басшысы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Берік Сәмежановқа жобалық институтпен жұмыс жүргізе отырып, мамандармен бірлесе мәселені бір жақты шешу жөнінде тапсырма берді.

Жалпы елдімекеннің жағдайымен таныса келе, әлеуметтік нысандарға да бас сұқты. Ең алдымен ауылдық клуб ғимаратында болды. Клуб алдағы уақытта ағымды жөндеуден өтеді екен. Ескі ғимараттың іргетасы нығайтылып, жылу жүйесі тартылмақ. Яғни, бұл орын алдағы уақытта жыл бойына халыққа қызмет етпек. Нұрлан Бәтташұлы жергілікті халықтың денсаулығын қадағалап отырған фельдшерлік пункттің де ахуалымен танысты. 280-ге жуық халықтың денсаулығына жауапты мекеменің де ғимараты жөндеуді қажет етеді. Бұл орынға да биыл облыстық денсаулық сақтау басқармасынан қаржы бөлінеді деп жоспарлануда.

Әди Шәріпов атындағы мектептің жалпы материалдық жағдайын аралап көрген аудан әкімі, мектепке жазушы есімі берілгендіктен, мұнда мұражай болуы қажеттігін айтты. Ауылдағы ағайынмен жүздескен аудан әкімі елдімекеннің ертеңіне қатысты өз ойымен бөлісті.

— Ауыл тұрғындарын қыс мезгілінде жол мәселесі қинайтындығы ескеріліп, істі бір жақты шешу жолдары қаралып жатыр. Мамандардың шешімімен жұмыс алдағы бірер жылда қолға алынатын болады,- деді Нұрлан Бәтташұлы.

Әлеуметтік әріптестікке де аса мән беретін уақыт жеткендігін айтқан аудан әкімі ауылда қайта жанданған «Қарадоңғал» шаруашылық құрылымымен әріптестік байланыс орнату жөнінде ауыл әкіміне тапсырма берді. Ауыл тұрғындары атынан сөз алған Талғат Идришев, жол мәселесі шешімін тапса, ауылдың тіршілігі жақсара түсетініне сенім білдірді.

Аудан әкімі сондай-ақ жұмысы тұралап қалып, өткен жылдан бастап «Шалабай» ЖШС-мен қайта жанданған «Қарадоңғал» шаруашылық құрылымының жағдайымен де танысты. Қазіргі таңда Былқылдақ ауылының іргесінде орналасқан шаруашылық алаңы тынымсыз жұмыс алаңына айналған. Шаруашылық алаңында әрбіріне 300 бас ірі қара мал басы сыятын екі бірдей баз салынған. Бүгінгі таңда 150 бас асыл тұқымды ірі қара осы орында бағылып отырса, биыл қосымша тағы да 150 бас әкелінбек. Осылайша, мал басын кезеңмен және төл алу арқылы арттырып, 2018 жылға қарай бұл орында шамамен 1800-ге жуық асыл тұқымды ірі қара өсіру көзделуде.

Аудан басшысы ерекше көңіл бөлген мәселе құнарлы егістік алқаптарының игерілуі болды. Шаруашылық құрылымы еншісіне жалпы көлемі 17 мыңдай гектар жер тиген болса, оның 2 300 гектары егістік алқабы. Жалпы, мамандардың бағамдары бойынша бұл өңірдің жер құнарлығы 40 балбанитетке дейін жетеді. Қазіргі таңда 800 гектардан аса жерге күзгі бидай егіліп отыр. Аудан әкімі шаруашылық басшылығына құнарлы жерді барынша игілікке жаратуды қадап тапсырды.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС