Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҮРЖАР — ШӘУЕШЕК: ЖАҢА ЖОБАЛАР КӨКЖИЕГІ

29.03.2016
FacebookWhatsappTelegram

Апта дүйсенбісінде Қытай Халық Республикасының Тарбағатай округіне қарасты Шәуешек қаласынан екі елдің сауда-саттық қарым-қатынасын одан әрі дамыту мақсатында арнайы делегация тобы келді.

Кездесуге ҚХР делегациясы басшысы, Тарбағатай округі аумақтық комиссиясының мүшесі, губернатордың орынбасары Чжоу Сюйюн, делегация басшысының орынбасары, Тарбағатай округі аумақтық комиссиясының мүшесі, Тачен қалалық комитетінің хатшысы Чжан Янь, Тарбағатай округтік шетелдік және миграциялық кеңесінің партия тобының хатшысы Дан Яо, Тачен қаласының карантиндік шығу бөлімінің басшысы Хуан Цюнь, Тачен қалалық халықтық үкіметі басшысының орынбасары Сюе Хайбинь, «Сан-Бао» Синьцзян сауда корпорациясының бас директоры Кан Хэпин, ЛТД «Сибу» Тачен коммерциялық компаниясының бас директоры Хайлат, Шыңжаң «Синь Та» транспорт корпорациясының бас директоры Ли Сяофэй, Астана қаласындағы Шыңжаңның «Сан Бао» сауда өнеркәсібі филиалының директоры Ду Лунлун, ЛТД «Сибу» Тачен коммерциялық компаниясының қызметкері Абулькему сынды мәртебелі меймандар келді.

Осы жиынға жергілікті тараптан Үржар ауданы әкімі Серік Зайнулдин, Үржар аудандық мәслихатының VI шақырылымының мәслихат хатшысы М.Бітімбаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы К.Қарашев, Үржар аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б.Баймұратов, аудан әкімінің орынбасарлары Қ.Сейітқанов, С.Сәдуақасов, Ж.Байсабыров, Үржар ауылдық округінің әкімі С.Шарықбаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Байпеисова қатысты.

Жиын кіріспесінде алғашқы сөз кезегін Үржар ауданының әкімі Серік Зинабекұлы алды.

— Екі ел арасындағы достық қарым-қатынас-тың нәтижесінде ауданымызда орналасқан Бақты кеденінен ашылған «Жасыл дәліз»   сауда-саттық жолының тиімділігі артып отыр. Бүгінде аудан әкімдігі мен Қытай елінің инвесторлары арасында өзара ынтымақтастық орнаған. Мысалы, «Куәбол Пэн Шэн» ЖШС-мен жалпы құны 2,7 млн. доллар болатын инвестициялық жобаға келісім жасалды. Оның нәтижесінде Үржар ауылынан «Темір — бетонды бұйымдар шығаратын» зауытты іске қосу жайлы меморандумға қол қойылды. Аталған серік-тестікке жер телімі беріліп, электр жүйесі тартылды. Зауыттың қондырғылары Қытай елінен жеткізіліп, сәуір айында орнату жұмыстары жүргізілмек.  Сонымен қатар «Бәтуә» ЖШС мен «Бинтуань» Шыңжаң жобалау институты арасында Үржар ауданы Сартерек учаскесінен жалпы құны 2,1 млн.теңге болатын ирригациялық желі құру» туралы инвестициялық жоба жайлы өзара келісімшарт жасалды. Сондай-ақ көршілес ҚХР-на Бақты кедені арқылы 3 күндік визасыз кіріп-шығу мәселесі қарастырылды. Бұл шара өз кезегінде өңірде шағын және орта бизнестің дамуына, екі ел арасындағы сауда — экономикалық ынтымақтастықтың нығаюына оң әсерін тигізуде. Достық қарым-қатынастың аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы екі ел тұрғындарының игілігі үшін, олардың әл-ауқатын жақсартып, ел экономикасын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мақсатында өткен жылдың 9 — 11 ақпан күндері аралығында Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданының Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданына үш күндік іссапар ұйымдастырылып, аудан кәсіпкерлері сауда жәрмеңкесін өткізсе, аудан өнерпаздары өз өнерлерін Шағантоғай халқының назарына ұсынды. Іссапар соңында екі жақты іскерлік-ынтымақтастық және мәдени байланыстарды одан әрі нығайту жөнінде келісімшарт жасалып, меморандумға қол қойылды. Өткен 2015 жылы ара шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер 3 тоннаға жуық ара балын көршілес Қытай еліне апарып саудалады. Осы жиынды пайдалана отырып Тарбағатай округтік шетел және миграциялық кеңесінің партия хатшысы Дан Яо мырзаға екі ел қарым-қатынасы негізінде елеулі іс атқарып, байланыс орнатып, бізге екі автобусты сыйға тартқаны үшін алғысымды білдіремін, — деді Серік Зайнулдин.

Сондай-ақ аудан әкімі кездесудің негізгі мақсаты облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы негізінде ауданда жылына 30 мың тонна құс етін өндіретін фабрика салу мәселесін талқылау екенін айтып өтті. Осы орайда ҚХР делегациясының басшысы Чжоу Сюйюн мен хатшы Дан Яо мырзаға Үржар ауданында инвесторлар үшін мүмкіндіктің мол екенін айтып, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар өңір әлеуетін еселейтін осындай іргелі жобаларды, мәдени шараларды екі ел достығының ұлғаюы нәтижесінде жүзеге асыра берудің маңыздылығын атап өтті.

Келесі кезекте қытайлық делегация басшысы, Тарбағатай округі аумақтық комиссиясы мүшесі, губернатордың орынбасары Чжоу Сюйюн сөз алып, өз тараптарынан достық қарым-қатынасты дамытуға барша күш-жігерлерін салатынын, сауда-саттықты барынша дамыту мақсатында алда әлі де ауқымды жобалар бар екенін жеткізді. Соның бірі ретінде екі ел арасында темір жол желісін салу ісі кезек күтіп тұрғанын жеткізді. Жиын барысында сонымен қатар туризм, ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша меморандумға қол қойылды.

 

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС