Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖОЛ САПАСЫ СЫНҒА ҰШЫРАДЫ

29.03.2016
FacebookWhatsappTelegram

Қала бюджетінің қаражатына жасалған жолдардың жыл өтпестен ой – шұңқыры көбейіп, сапасының сын көтермеуі жиі орын алады. Осы ретте жұма, 25 наурыз күні Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов шаһардағы бірқатар көшелерді аралап автокөлік жолдарының бүгінгі жағдайымен танысты. Кейбір көшелердегі жасалған жолдардың сапасы қала басшысының көңілінен шықпай, мердігерлердің жұмысын қатаң сынға алды.

Ең алдымен қала әкімі қаланың сол жақ жағалауындағы заезд Шульбинский көшесіне аялдады. Бұл жердегі жөндеу жұмыстарымен «Семей жолдары» ЖШС айналысыпты. Жолдың жиегі тиісті деңгейде нығайтылып, бекі-тілмегендіктен, мұндағы асфальт отырып кеткен екен. Мердігер шаһар басшысына жіберілген олқылықтарды сәуір айының басына дейін түзетуге уәде етті. Ал Садовая көшесіндегі көлік жолының қазіргі жағдайын айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі өткен жылы ғана жөндеуден өткізілген жол учаскесінен тек ойдым-ойдым шұңқырлар ғана қалыпты. Мердігер мекеме жүктелген міндетті лайықты атқара алмаған. Жолдың мұндай күйге түсуіне,  «Автодорсервис» ЖШС-нің ресми өкілі Ерлан Алпысбаевтың айтуынша, ауа райының қолайсыздығы мен сапасыз битум себеп болған. Дей тұрғанмен мердігер компания сәуір айының орта тұсында аталмыш көшеге өз есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетіндігін жеткізді.

— Бұл — өз жұмыстарына салғырт қарайтын мекемелердің бірі. Өткізілген тендерді жеңіп алды. Бірақ, көріп тұрғандарыңыздай, жүктелген міндетті толыққанды атқа-ра алған жоқ. Бүгінде жол жөндеуге байланысты жаңа байқау жарияланып отыр. Әлбетте, ағымдағы тендерге осы компания тағы да қатысуға бел буса, заңнамалық тұрғыда біз оларға кедергі келтіре алмаймыз. Осыған байланысты біз арнайы регламентті дайындауды қолға алдық. Ол құжаттың негізінде мердігер барлық талаптарды орындап шығуы тиіс болады. Солай ғана оларды жауап- кершілікке тарта аламыз. Бұған қоса Өскемен қаласынан тәуелсіз зертхананы тартуды көздеп отырмыз. Өйткені мердігер сотқа шағымдануы ықтимал. Сол сәтте біз де олардың жауапсыздығы жөнінде нақты және дәйекті құжаттарды көрсете алатын боламыз. Облыстық бюджеттен Семейдегі жолдарды ағымдағы жөндеуге шамамен 200 млн. теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ бұл мақсатқа жергілікті қазынадан қосымша 500 млн. теңге қарастырылмақ. Негізінен, шаһар бойынша 140 шақырым жол ағымдағы  жөндеу жұмыстарын талап етеді. Қазіргі уақытта құны 1,4 млрд. теңгені құрайтын жеті жобаның сметалық құжаттамасы ШҚО-ның әкімдігіне жіберілді. Облыс әкімдігі ол құжатты құптайды деген сенімдеміз. Әзірге, жоғарыда атап өткенімдей, оның 200 млн. теңгесі бөлінді,- дейді Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы.

Сонымен қатар рейд барысында қала басшысы Семейдің оң жақ жағалауындағы Аймауытов және Терешкова көшелеріне де аялдады. Аймауытов көшесіндегі жолдың жағдайы да әкімнің сынына ілікті. Суды кешіп, шұңқырлардан айналып өтіп жатқан көліктер – бұл  осы көшенің бүгінгі көрінісі. Ал «Семей жолдары» мекемесінің өкілдері болса көшеде су ағатын арықтың жоқ екенін айтады. Мердігердің уәжіне қанық болған Ермак Сәлімов орын алған олқылықтарды келер айдың басына дейін ретке келтіруді тапсырды. Ал Терешкова көшесінің жолын «Гордорстрой» ЖШС жөндеген екен.  Мекеме басшысы Бауыржан Қайрамбаев келген жұмыс тобын атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырды.

— Біз битумның сапасын түрлі қоспалар арқылы арттырамыз. Соның нәтижесінде асфальт ауыр қысымдарға төзімді болады. Жол жиегіндегі қалың топырақтарды алып тастадық. Әрине, ұсақ-түйек кемшіліктер де  бар. Дегенмен де дәл уақытында олардың алдын алуға тырысамыз,- деп атап өтті Б. Қайрамбаев.

Өз кезегінде Ермак Бидахметұлы «Гордорстрой» кәсіпорнының жұмысын оң бағалады. Айта кету керек, барлық мердігерлер жөндеуден өткізген жолдардың сапасына үш жылға  кепілдік береді. Егер де осы уақыт аралығында оның талаптары сақталмаса, қала билігі жұмсаған қаражатты қайтарып алуға толыққанды құқылы.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС