Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Даниал АХМЕТОВ: ЗАЙСАН КӨЛІНІҢ БАЙЛЫҒЫ ХАЛЫҚТІКІ

29.03.2016
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұмада, 25 наурыз күні, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Тарбағатай ауданына келді. Облыс басшысын Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев Зайсан қаласының әуежайында қарсы алды.

Белгіленген жұмыс кестесіне сай, облыс әкімі бірінші кезекте Тұғыл ауылына ат басын тіреп, ондағы     «Рыбаки Зайсана» кооперативінің өндіріс орындарымен танысты, балықшыларымен кездесті. Байтоғас ауылындағы еңбекшілермен де жүздесті. Балықшылармен болған жүздесуде Даниал Кенжетайұлы табыс көзін айдынды көлден тауып, ел ырыздығын балық аулау кәсібімен еселеуге бейімделген қарапайым еңбек адамдарын толғандырып жүрген мәселелерді сөз етті. «Рыбаки Зайсана» кооперативінің төрағасы Өтепбай Рүстемов, Байтоғас ауылындағы жеке кәсіпкер Тұрсынғали Тоқтағұлов өздері басқаратын кәсіпорынның жағдайымен таныстырды.

Көл байлығын игерудегі еңбек қатынастары бұрын қалай еді, енді қалай болады? Балық аулау құқығы кімге беріледі? Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмысшылармен кездесуінде, міне, осындай сауалдарға нақтылы, тұжырымды жауап берді.

— Бұрын балық аулау рұқсаты лицензиясы барларға берілуші еді. Жалпы басқару тетігі сол кісінің қолында болды,- деді облыс басшысы. — Ол сіздерді жалдайтын. Сіздер сол кісінің қас-қабағына қарайтынсыздар. Мысалы, сен, Ғабит, балықшысың ғой, қожайынға ұнамай қалсаң, сені кооперативтен шығарып жіберетін. Шықсаң, үлесің қожайында қалатын. Жұмыссыз қалған саған енді не істеу керек? Отбасын асырау үшін, күн көру үшін көлден барып балық аулайсың. Балық аулауға рұқсатың жоқ болғандықтан, сені ол жерде «браконьер» дейді, айып салады.  Осы дұрыс па? Дұрыс емес. Балық аулаған кісі браконьер емес, ол – жұмыскер, еңбек етіп, отбасын қамтамасыз еткісі келеді. Сондықтан балықтың қожайыны бір кісі болмауы керек. Қарапайым халық өз табыстарына өзі ие болуы керек. Міне, менің пікірім осыған саяды. Барлық лицензия қарапайым балықшыларға, сіздерге, берілуі тиіс. Сонда ауланған балықтың қожайыны өздеріңіз боласыздар. Бұл жобаны жүзеге асыру да жеңіл жұмыс емес. Үкіметке барып, министрмен кездесіп, оның бұйрығына өзгеріс енгізуіміз керек. Сонда әр балықшы өзі жеке бизнесін жүргізе алады. Аулаған балығын кооперативке қосылып өткізе ме, жоқ әлде қалаға апарып сата ма, өзі біледі,- деп ойын білдірді.

Балықшылармен болған әңгіме ке-зінде облыс басшысы жеке еңбек адамдарының мемлекеттен несие алып, өндірісін дамытуға, қайық, балық аулайтын ау, басқа да қажетті құралдар сатып алуға мүмкіндік жасалатынын да ескертті. Сонымен қатар Даниал Кенжетайұлы ауылда, кең-байтақ жерде отырған адамдардың төрт түлік мал өсіріп, игілігін көруі керектігі жайлы да айтты.

Облыс басшысы сол күні Ақжар ауылына келіп, онда жаңадан салынып жатқан мектеп құрылысымен де танысты. Облыс әкімі жаңа мектептің қанша баланы оқытуға арналғанына, «апатты жағдайда» деп танылған М.Әуезов атындағы ескі мектептің қазіргі жағдайына ерекше мән берілетінін айтты. «Апатты жағдайда» делінген мектепті аралап көрген облыс әкімі осы білім ордасының шын мәнінде апатты екеніне көз жеткізе алмағанын айтты. 600 орындық мектеп пен 300 орындық интернатты толық пайдалану мәселелерін қарастыруды Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаевқа, облыстық білім басқармасының басшысы Айжан    Садықова мен Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Даутбаеваға тапсырды.

Сөзінің соңында Даниал Ахметов өңірдегі мектептердің көпшілігі толық пайдаланылмай, 30-40 пайызы бос тұратынын айтты.

– Бұл мектепті апатты жағдайда деп кімнің бағалағанын мен білмеймін. Бірақ мен мұндағы апатты жағдайды көріп тұрғаным жоқ. Қабырғасы кішкене жарылды екен деп апатты деуге болмайды. Анық-қанығын айқындайтын комиссия жіберемін. Жаңа мектептің де құрылысын аяқтау қажет. Ол мектепті балаға толтыру үшін, біршама уақыт керек. Мына мектепті де жақсылап жөндеп, істі жалғастырыңыздар. Түрлі сылтаумен «апатты» деп бұрынғы мектептер жабылып, жаңа мектептер салынып жатыр. Бұл мектеп салудың дұрыс жолы емес.  Мұндай жағдай енді қайталанбауға тиіс. Білім ордалары халықтың қаражатына салынады. Ақшаны үнемдеп жұмсау керек. Әр ауылдағы мектеп ондағы бала санына лайық болуы керек,- деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сол күні облыс әкімі Д.Ахметов Ақжардағы Мәдениет үйі өнерпаздарының концертін тамашалады, өнер мектебінің директоры, Қазақстан     Суретшілер одағының мүшесі Әлібек Шоқановтың сурет көрмесімен танысып, қылқалам шеберінің шығармашылығын жоғары бағалайтынын айтты.

Тарбағатай ауданындағы жұмыс сапарының қорытындысында облыс әкімі бірнеше азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

30.04.2026
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с президентом по регионам Европы и Африки компании Air Products (США) Иво Болсом....

Читать далее ...

Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

30.04.2026
Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей в рамках реализации поручений Главы государства по развитию казахстанской фармацевтической и медицинской...

Читать далее ...

Молодежь области Абай присоединилась к обсуждению новой антикоррупционной политики страны

30.04.2026
Молодежь области Абай присоединилась к обсуждению новой антикоррупционной политики страны

Департамент Агентства РК по делам государственной службы по области Абай продолжает серию широких общественных обсуждений, направленных на формирование новой Концепции...

Читать далее ...

В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

29.04.2026
В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

В настоящее время наркобизнес и наркомания являются одной из актуальных проблем не только в нашей стране, но и во всём...

Читать далее ...

Как защитить ребёнка от религиозного давления?

29.04.2026
Как защитить ребёнка от религиозного давления?

Сегодня ребёнок получает воспитание не только в семье и школе, но и через интернет и социальные сети. Особенно большое количество...

Читать далее ...

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

27.04.2026
Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

В городе Харрогейт Великобритании состоялся престижный международный чемпионат по робототехнике UK First Lego League Championship, организованный Institution of Engineering and...

Читать далее ...

Новости

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

7 часов назад

Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

7 часов назад

Молодежь области Абай присоединилась к обсуждению новой антикоррупционной политики страны

7 часов назад

В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

1 день назад

Как защитить ребёнка от религиозного давления?

1 день назад

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

3 дня назад

Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

3 дня назад

В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

3 дня назад

Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

3 дня назад

Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС