Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК — ІШКІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

01.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласы әкімінің жанынан құрыл-ған діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің тоқсандық отырысы болып өтті. Алқалы басқосуға ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкілдігі мен Воскресенск православ шіркеуінің дін қызметкерлері, ақпараттық-насихаттық топ мүшелері және журналистер қатысты.

Жиынның кіріспе сөзін қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев алып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер қатарымен таныстырып өтті.

Бірінші кезектегі мәселе бойынша «Семей қаласындағы мектеп оқушылары арасындағы дін мәселелерін оқыту аясында білім беру саласындағы Мемлекеттік саясат принциптерін іске асыру жөнінде» тақырыбында қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко кең көлемде баяндама жасады.

Наталья Анатольевна айтып өткендей, бүгінгі таңда мектеп жасындағы өрендерге әлемдік діндер тарихы, дәстүрлі діни түсінік туралы мағлұматтар берудің маңыздылығы зор болып тұр. Бұл ретте қалалық білім бөлімі өңіріміздегі білім ордаларындағы оқыту және тәрбие беру процестеріне оң ықпал ететін ілкімді шараларды жүзеге асыруда. Оның ішінде оқушылардың діни экстремизм мен терроризм туралы базалық білімдерін қалыптастыру мақсатында да бірқатар жұмыстар жүргізілген.

Бүгінгі таңда білім беру бағдарламасына дінтану факультативтік курсы енгізілгені белгілі. Бұл ретте аталмыш пәнге жылына 34 сағат уақыт берілген.

— Қазіргі таңда дінтану пәніне арналған жаңа оқулықтар алынбақ. Сол себепті аталмыш оқулықпен дәріс жүргізу және оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатындағы шаралар да қолға алынуда. Мұғалімдер тәжірибелерін жетілдіріп, жаңа жинақтың мазмұнын толық меңгеруде, — деді өз сөзінде Н.Фесенко.

Сонымен қатар қаламыздағы бірқатар мектептерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы танымдық дәрістер, сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде дебаттар, флэш-мобтар ұйымдастырылып, қала прокуратурасының ұсынысымен танымдық фильмдер көрсету ісі ұйымдастырылуда. Қорыта айтқанда, жас буынның жат ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін, оларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге баса мән берілуде.

Осыдан кейінгі кезекте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Сәния Жақсылықова «Жастарға қажетті мәдени, рухани тәрбие беруге жағдай жасау арқылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу» тақырыбы бойынша тұшымды баяндама жасады.

Сәния Қайыржанқызының айтуынша, бүгінгі таңда қаламызда 49 мәдениет және өнер нысаны бар екен. Осы ретте мәдени ошақтар діни экстремизм және терроризмнің алдын алу шаралары бойынша біршама жұмыстар жүргізуде. ШҚО Семей қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ақпараттық-насихаттық жұмыстар барысында кең көлемде іске кірісуде. Атап айтсақ, ауылдық, қалалық кітапханалар мен олардың бөлімшелерінде, әсіресе жастар арасында мәдени-көпшілік шараларын өткізіп, дәстүрлі емес діни ұйымдар идеологиясына қарсы тұру шараларын өткізу қарқын алуда. Мұндай жиындарда діни радикализмнің түп негізі және қоғамға төндірер қаупі жайында да жиі талқыланып, жастарға танымдық сипатта мол мағлұматтар беріледі. Сонымен қатар еліміздегі ұлтаралық, дінаралық келісімнің қалыптасу негіздері жөнінде де насихаттық жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ қазақ мемлекеттілігінің және оның рухани-мәдени құндылықтарының қалыптасуына ертеден негіз болғандығымен қатар, қазақ ұлтының және Қазақстан жеріндегі көптеген этностардың ата діні болып табылатын исламның ел халқының өміріндегі рухани-мәдени маңызын айғақтау жұмыстарына да басымдық берілген. Мұндай бағыттағы жұмыстардың бүгінгі таңда өскелең ұрпақ үшін берері зор.

Осыдан кейінгі сөз кезегін Семей қалалық  ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев алып, жиналған қауымды Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-насихаттық тобының жұмыстары туралы мағлұмат берді.

А.Серікқазыұлының айтуынша, биылғы жылы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізетін  топ мүшелері арасында кәсіби біліктілігі жоғары теологтер мен психологтер бар. Яғни, алдағы уақыттарда қаламыздағы түрлі оқу орындарында, мекемелерінде жүргізілетін ақпараттық-насихаттық жұмыстар жаңаша сипат алмақ. Бұл ретте жастарымызды жалған құндылықтардан бойын аулақ ұстауға үйретіп, оларды отансүйгіштікке, мейірімділікке, адамгершілікке баулып, дәстүр мен ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген рухы биік, намысты азаматтар етіп тәрбиелеуге басымдық берілетін болады. Бұл үшін қоғам мүшелерінің діни және дінтанулық сауаттылығын арттырып қана қоймай, азаматтық белсенділігін күшейту, отансүйгіштік сезімдеріне ой салу, ғасырлар бойы қалыптасқан діни таным мен рухани құндылықтарды жаңғырту аталмыш топтың идеологиялық бағдарының негізгі өзегіне айналмақ.

Теріс пиғылды әрі жалған діни ағымдар мен түрлі сипаттағы экстремистік және террористік ұйымдардың әрекетіне бірлесіп қарсы тұратын шеп құруда АНТ мүшелері өзге де мемлекеттік құрылымдармен тізе қосып қызмет етпек. Жалпы, экстремистік идеялар халықты өзінің ертеден келе жатқан бай рухани құндылықтары мен салт-дәстүрінен бас тартқыза отырып, азамат­тардың ұлттық, тарихи, мәдени, рухани санасын жоюды көздейтіндігі де жасырын емес. Ал тап мұндай идеология кез келген мемлекет үшін, сондай-ақ Қазақстан үшін де аса қауіпті екені күмәнсіз. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің ішкі тұрақтылығына да елеулі қатер төндіретін мұндай кеселді мәселелермен ымырасыз күрес жүргізіле беретін болады. Сонымен қатар Айдар Серікқазыұлы Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетімен ынтымақтастық меморандумы жасалғанын да атап өтті. Отырыс соңында  қарастырылған мәселелер қорытындыланып, жасалынған баяндамалар тал- қыланып, сөз алушыларға сауалдар қойылды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС