Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АРДАГЕРЛЕР АЛДЫҢҒЫ САПТА

05.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Үржар аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің жиыны өтті. Жиынға аудан әкімі Серік Зинабекұлы Зайнулдин, Шығыс Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен ауылдық округтерден 50 белсенді ардагер қатысты.

Көпшілік алдында алғашқы болып Үржар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрланбек Сандыбаев сөз алып, аудан көлемі бойынша атқарылып жатқан ардагерлер кеңесінің жұмысын баяндап өтті.

— Биылғы жылдың қаңтар айында ШҚО Ардагерлер ұйымының 7-ші есеп беру-сайлау конференциясында ШҚО Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Айтқазы Сейітұлы Шерубаев сайланды. Айтқазы Сейітұлы бүгін арнайы сапармен біздің аудан-ға аудандық ардагерлер кеңесінің активімен кездесіп, осы кезеңге дейінгі атқарылған жұмыстармен жан – жақты таныстыруға арнайы келді,- деген Нұрланбек Бөлекбай-ұлы өз атынан, Үржар ауданы ардагерлер кеңесінің мүшелері атынан Айтқазы Шерубаевтың жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ Нұрланбек Сандыбаев өз баяндамасында аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысымен жан – жақты таныстырды. Үржарда ардагерлердің бастамасымен атқарыл-ған шараларға тоқталып, аудан әкімі Серік Зинабекұлының ұйымдастыруымен үржарлық ардагерлердің Астана қаласына саяхат жасап, Алакөл жағалауында «Үржарайым» демалыс үйінде демалуға мүмкіндік ал-ғанын, соңғы үш жылда Наурыз мейрамында аудан басшының мерекелік дастарқан басында қабылдауы дәстүрге айналғанын айтып, ардагерлер атынан аудан басшысына ризашылығын білдірді.

—  Биыл сәуір айында Республикалық ардагерлер ұйымының VII съезді болады. Делегат ретінде сол съездің жұмысын одан әрі жандандыруға барлық күш-жігерімізді саламыз деп сенім білдіруге руқсат етіңіздер,- деп өз сөзін аяқтады аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрланбек Бөлекбайұлы.

Сөз кезегін алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев:

— Ардақты ардагерлер, менің өз қызметімді алдымен сіздердің аудандарыңыздан бастауым  сіздермен танысайын, қандай мәселе бар екенін білейін, бірақ сіздерді үйретейін деп емес, керісінше, сіздерден үйренейін деген ойымнан еді,- деді Айтқазы Сейітұлы. — Үржар ауданы ШҚО – дағы әлеуеті әлді, экономикасы тұрақты аудандардың алдыңғы қатарында. Алдағы уақытта бірлесіп, ақылдасып жұмыс жасауға шақырамын. Өйткені осы жердің тарихын, мәселелерін тек сіздер, ардагерлер ғана білесіздер. Сонымен қатар 20 наурыз күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауында ШҚО бойынша үржарлық ардагерлер жоғары көрсеткіштер көрсетті. Бүгінгі күні Елбасы            Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында әр ардагер өзінің жеке басының қамын емес, елдің, жердің мәселелерін көтереді. Осының өзі еліміздің тыныштығы мен жайма-шуақ өмір сүріп жатқандығымызды білдіреді, — деп түйіндеді өз сөзін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Қашанда алдыңғы аға буынға қолдау танытып отыратын аудан әкімі Серік Зинабекұлы бұл жиынға арнайы қатысқан еді. Аудан әкімі кездесу кезінде аудан ардагерлері әрдайым әр істе белсенділік танытып отыратынын айрықша атап өтті.

-Құрметті Айтқазы Сейітұлы, ардагерлерімізбен осындай келелі жиын өткізгеніңіз үшін көптен-көп рақмет. Үржарлық ақсақалдардың берекесі мен бірлігі жарасқан.     Алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге шақырамын,- деді қорытынды сөзінде аудан басшысы Серік           Зинабекұлы.

Аталмыш жиын барысында ауданымыздың белсенді ардагерлері С.Сапаров, Ж.Жақанбаев, Ш.Кәкімжанов, Қ.Етекбаева, А.Жанұзақовалар сөз алып, облыстық ардагерлер    алқасының төрағасы А.Шерубаевтың алдағы жұмысына табыстар тіледі. Сондай-ақ аудан әкімі Серік Зинабекұлына бір ауыздан ардагерлерге    деген қамқорлығы үшін ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Өмірдің сан өткелінен өткен ардагерлер қауымы жақсы істердің жаршысы болуға, жастарға тәлімді тәрбие беріп, Үржардың шоқтығын биіктен көрсетуге атсалысамыз деп тарқасты.

Бауыржан ЖАҚЫП, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС