Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ШАҺАР ТАЗАЛЫҒЫНА НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМАЙЫҚ

05.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының Ақпарат     орталығында көктемгі санитарлық тазалық жұмыстарының басталуы және көгалдандыруға байланысты межеленген шаралар жөнінде БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихаты болып өтті.

Басқосуға Семей өңірі бойынша Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Бағлан Шегедеков, ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Ерлан Уәлиев келіп, тың мағлұматтармен бөлісті.

Аталмыш басқосуға келген қаланың бас санитары Бағлан Шегедеков көктемнің келуімен қала ішіндегі тазалық жұмыстарының басталатынын жеткізді. Қазіргі күні шаһардағы санитарлық тазалықтың сын көтермейтінін жасырмаған Бағлан     Салихұлы бүгінгі таңда қала әкімінің қаулысымен тазалыққа байланысты экологиялық екі айлық басталғанын жария етті. Яғни, қаламыздағы барлық мекемелер бойынша және жеке секторлардағы тұрғын үйлер бойынша сенбіліктер ұйымдастыруды қолға алу қажеттігі туындайды. Қазіргі күні қалалық әкімдік учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге арнайы рейд жүргізіп, тексеру шараларын ұйымдастырмақ. Бұл ретте тазалыққа мән бермеген және айналасының қоқыстануына жол берген немқұрайлы тұрғындар әкімшілік жазаға тартылады. Оларға салынатын айыппұл көлемі де қомақты болмақ. Атап айтсақ, заңды тұлғалар үшін салынатын айып көлемі 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін жететін болады. Сол себептен де барлық тұрғындар өз тұрғын үйлері мен өздеріне қарасты нысандар аумағында тазалық шараларын жүргізулері шарт.

Қазіргі күннің өзінде қала көшелеріндегі тазалық жұмыстарын жүргізуге қызу ден қойылуда. Бұл мақсатта 25 техникалық бірлік шаһар көшелерінде жұмыс істеуде. Бұған қоса сәуір айында үш рет жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырылатын болады.

Сонымен қатар жиналған БАҚ өкілдері алдында ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Ерлан Уәлиев да алдағы уақытта қаламызда атқарылатын абаттандыру, көркейту шаралары қатарымен таныстырып өтті. Атап айтсақ, Орталық алаң мен Жеңіс саябағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде аспашамдар, сәкілер жаңартылатын болады. Мұнымен қоса шаһар ішіндегі бірқатар аумақтардағы гүлзарлардың дизайны өзгертілмек. Биылғы жылы қала бойынша 24,02 мың шаршы метр жерге гүл егіледі. Оның ішінде сәндік бағытта өсірілетін петуния, астра, георгина, кохия және раушан тұқымдас гүлдерге орын берілмек. Әлбетте, көктемгі көшет отырғызу ісі де жүйелі түрде жүргізілетін болады. Осы орайда қолға алынатын барлық жұмыстарға пәтер иелері кооперативтері де тартылмақ. Қорыта айтқанда, қаламыздың әдемі келбетін сақтау мақсатындағы жұмыстар, жылдағы дағдыға сай, биыл да жалғасатын болады.

Ал қаладағы Орталық алаңнан салынып жатқан субұрқақты алдағы мамыр айында ашу көзделуде. Өткен жылы 80 пайыз жұмыстары аяқталған жаңа нысанның қала көркін еселей түсетіні анық. Бұған қоса қаланың орталық бөлігіндегі жаңғырту жұмыстары биыл да ширатыла түспек. Атап айтсақ, алаңға 120 түп шырша көшеттері отырғызылып, жаңадан брусчаткалар салынбақ. Және де қала көшелерінің эстетикалық әдемілігін арттыру мен тұрғындар қауіпсіздігін сақтау мақсатында көріксіз әрі шіріген ағаштарды қию ісі де тұрақты түрде жүргізілмек.

Осы мәліметтер жайында пікір бөліскен мамандар барша қалалықтарды тазалық айлығын өткізу ісіне барынша сергек қарап, өз аумақтарында тиісті талап тұрғысындағы жұмыстарды жүргізуге шақыру керектігін жеткізді. Баспасөз мәслихаты соңында қатысушылар тақырып аясында сұрақ-жауаптармен алмасты.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС