Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚЫСҚЫ СПОРТТА ЖЕТІСТІКТЕР БАР

08.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Наурыздың 17-26 күндері Риддер қаласында шаңғы жарысынан ел чемпионаты болып өтті. Республикалық біріншіліктің қорытындысында облыс шаңғышылары  жалпыкомандалық есепте топ жарды. Бұл жайында сәуірдің 5 күні Семей қалалық Ақпарат орталығында қысқы спорт түрлері бойынша ағымдағы жылғы жетістіктерді қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

Баспасөз мәслихатына шаңғы спорт түрлері бойынша Семей қаласы құрамасының жаттықтырушылары Вячеслав Баядилов, Қайникамал Дүйсенова, биатлон спортынан қала құрамасының жаттықтырушысы Рафаиль Мирсалимов, конькиден жүгіру бойынша қала құрамасының бапкері Ильмира Хамитова, шайбалы хоккейден қала құрамасының жаттықтырушысы Александр Мохер және бірқатар жас спортшылар қатысты. Алғаш болып сөз алған шаңғы спортының жаттықтырушысы Қайникамал Дүйсенова биылғы жыл семейлік спортшылар үшін табысты болғанын айта келе, байрақты бәсекелерде қол жеткізген нәтижелерге тоқталып өтті.

— Биылғы маусым біздің шәкірттеріміз үшін жаман аяқталған жоқ. Әсіресе жасөспірімдеріміз жарады. Темірлан Төлегенов есімді жас өрен республикалық чемпионатта үздіктер қатарынан көрінді. Қазір ол ұлттық құраманың сапына алынып отыр. Сондай-ақ Надиль Хасанов сынды болашағынан зор үміт күттіретін жас дарын бар. Оның да көрсеткіштері бапкерлік құрамның көңілінен шықты. Әсет Дүйсенов есімді  спортшымыз еліміздің жастар құрамасының атынан Румынияда өткен Әлем чемпионатына қатысты. Щучинск қаласында өткен ел біріншілігінде біздің спортшылар облыс құрамасының сапында жалпыкомандалық есепте 2-ші орынға қол жеткізді,- деді білікті бапкер Қайникамал Төлеуғазықызы.

Сонымен қатар биылғы маусымды семейлік конькишілер де жақсы нәтижемен аяқтапты. Мәселен, Алматыда ҚР-ның Универсиадасында жерлес спортшы Эльвира Халикова 1500 шақырым қашықтықта үздік үштіктің қатарында болды. Ал Қазақстан чемпионатында жастар арасында сынға түскен Малика Марканова 1-ші орынды иеленген.

— Осы маусымда Эльвира Халикова ҚР спорт шебері атағына қол жеткізді. Дарья Завгороднева соңғы ел біріншілігінде 2 қола және 2 күміс медальді олжалады. Бұл — өте жақсы көрсеткіш. Ересектер сайысында да жүлделі орындардан шет қалған емеспіз. Бүгінде семейлік конькишілер Астана, Алматы және Қостанай спортшыларымен иық тіресе алатын дәрежеде. Кезінде бізді қарсылас ретінде көп ешкім елемейтін. Ал осындай жетістіктерімізден кейін барлығы бізбен санасатын болды. Бұл әуелі жүйелі жұмыс пен балалардың табанды жаттығуының нәтижесі деп білемін. Дегенмен де осымен тоқтап қалу ойымызда жоқ. Семей коньки-шілері әлі де талай белестерді бағындыратынына біз үлкен сеніммен қараймыз,- дейді Ильмира Хамитова.

Ал Ресейдің Сочи қаласында жалауы желбіреген қысқы Олимпиада ойындарында қазақтың көк байрағын алып шыққан Ердос Ахмадиев 2017 жылы Алматыда бастау алатын Дүниежүзілік қысқы Универсиадада ел намысын абыроймен қорғайтынын жеткізді.

— Қазір жаттығу жұмыстарына аса мән беріп отырмыз. Себебі алда үлкен жарыстар бар. Олардың ішінде Алматыда өтетін Универсиаданы айтуға болады. Ол дүбірлі сайысқа семейлік спортшылар да қатысатын болады. Өзім Әлем чемпионатына қатысуды көздеп отырмын,- дейді Ердос Ахмадиев.

Ж. СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС