Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТКЕ САН ҚЫРЛЫЛЫҚ КЕРЕК

08.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының Ақпараттық орталығында өңірімізге қарасты мәдениет ошақтары жетекшілерінің басын қосқан жиын өтті. Бірқатар өзекті мәселелер қозғалған іргелі жиынға Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев қатысты.

Басқосуға, негізінен, ауылдық округтердегі кітапханашылар мен клуб үйлерінің меңгерушілері жиналыпты. Мәдени сала қызметкерлерінің алдында сөз алған Берік Көпбайұлы болашақтағы атқарылар жұмыстар қатарын пысықтап өтті. Атап айтсақ, ағымдағы жыл өңірімізге қарасты мәдениет ошақтары үшін еселі қызметті талап етеді, себебі биыл атаулы күндер көп. Мәселен, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуы, Алашорда серкесі, кешегі ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың ЮНЕСКО көлемінде атап өтілетін 150 жылдығы, әйгілі абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығы сынды мерекелік күндер тұр. Бұл шаралардың барлығын өз деңгейінде, мазмұнды түрде атап өту ләзім. Әсіресе ауылдық жерлердегі тұрғындар үшін негізгі мәдени ошақ кітапханалар мен клуб үйлері екені белгілі. Сол себептен де өскелең ұрпақты отаншыл рухта тәрбиелеуде, жергілікті тұрғындардың рухани қажеттіліктерін өтеуде белсенділік қашанда қажет.

Берік Көпбайұлы өз сөзінде сонымен қатар ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанын қорытындылап өтті. Жыл басынан бері, қаламызға қарасты барлық ауылдық округтерді қоса алғанда, 730 мәдени шара өтіпті. Алдағы уақытта да Елбасының Ұлт жоспарындағы  басымдықтарын негізге ала жұмыс істеу қажет.

— Кітапханалар мен клубтар жай ғана мекеме емес, олар ауылдық жерлердегі идеологиялық орталық. Ол жерге барған адамдардың әрқайсысымен жеке жұмыс істеу қажет. Біздің басты мақсатымыз азаматтардың мемлекеттік саясаттан хабардар болуын қамтамасыз ету, халықтар бірлігін, ынтымағын нығайтуға күш салу, қазақстандық патриотизмді дамыту сынды маңызды шараларды жүзеге асыру,- деп атап өтті Б.Көпбаев.

Сонымен қатар бөлім басшысы өңіріміздегі барлық мәдени шаралар мен мәдениет ошақтары жұмыстарының облыстық деңгейде назарға алынатынын, мәселен жылдық қорытындының облыстық әкімдікке жіберілгенін жеткізді. Жалпы, қазіргі таңдағы өңіріміз бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қанағаттанарлық деңгейде. Әйтсе де кейбір бағыттарды әлі де болса ширата түсу қажет.

Ал қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмыстарына тоқталып өтті. Бұл бағытта қолға алынуы тиіс шаралар әкімдікте өткен кеңес барысында талқыланып, ортақ мақсаттағы жоспар әзірленген.

— Ендігі аралықта барлығымызға мәде-ниет саясаты концепциясын басшылыққа ала отырып жұмыс істеу қажеттігі туындап тұр. Бұл ретте қоғамдық-мәдени шараларға мән беру керек. Оның аясында өздеріңіз жұмыс жоспарын әзірлеулеріңіз қажет. Алдағы үш айда біз ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтарының жұмысына мониторинг жасаймыз. Сіздермен жеке әңгімелесіп, қызметтеріңізге жан-жақты мән беретін боламыз. Бірінші кезекте мәдениет саясаты концепциясына назар аударылмақ,- деді өз сөзінде қала әкімінің орынбасары.

Надежда Васильевна кейбір нысандардағы орын алған кемшіліктер туралы да айтып өтті. Мәселен, бір ауылдық округтегі Мәдениет үйінде әлі күнге дейін «Қазақстан – 2030» Стратегиясы туралы стенд ілулі тұр. Жалпы, көрнекіліктерге жеткілікті мән берілмейтіндігі қынжылтады. Әсіресе мемлекеттік тіл саясаты туралы заңнама үзіндісі жазылған сыртқы көрнекілік әрбір кітапханада болуы тиіс. Сондай-ақ Президент Жолдауларының басымдықтары, мемлекеттік бағдарламалар мазмұны да жергілікті жұртшылыққа насихатталып отыруы тиіс. Осы тәрізді бірқатар міндеттемелерді атап өткен Надежда Шарова: «Патриотизм дегеніміз — білімнің нәтижесінде келетін ізгі қасиет»,- деп атап өтті. Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары биылғы жылы кең көлемде аталып өтілетін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына баса мән беру қажеттігіне де ерекше тоқталды.

Осыдан кейінгі кезекте сөз алған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев ауылдық жерлердегі кітапханашылар жүргізетін басым міндеттердің бірі діни радикализмнің алдын алу мақсатындағы идеологиялық жұмыстар екенін жеткізе кетті.  Бұл ретте діни экстремизм және терроризммен күрес жүргізу бағытындағы 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бірқатар шаралар бар. Осы орайда ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың бос уақытын мәдени тұрғыда тиімді өткізуіне күш салу қажет. Қазіргі таңда өңіріміз бойынша діни ахуал тұрақты. Дегенмен де «Жау жоқ деме, жар астында» демекші, тоқмейілсуге болмайды.

Айдар Серікқазыұлы сонымен қатар жат ағымдармен күрес жүргізуде мәдениет ошақтарының тарапынан елеулі көмек бар екенін жеткізе кетті. Мәселен, радикалды бағыт ұстанған деструктивті топтар сипатын, жымысқы әрекеттерін әшкерелеуде сахналық қойылым өткізудің әсіресе жастар үшін маңыздылығы зор.

Осыдан кейін қорытынды сөз алған Берік Көпбаев барлық мәдени нысандар басшыларына халық игілігіне қызмет етуде табыстар, сәттіліктер тіледі.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

30.04.2026
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с президентом по регионам Европы и Африки компании Air Products (США) Иво Болсом....

Читать далее ...

Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

30.04.2026
Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей в рамках реализации поручений Главы государства по развитию казахстанской фармацевтической и медицинской...

Читать далее ...

Молодежь области Абай присоединилась к обсуждению новой антикоррупционной политики страны

30.04.2026
Молодежь области Абай присоединилась к обсуждению новой антикоррупционной политики страны

Департамент Агентства РК по делам государственной службы по области Абай продолжает серию широких общественных обсуждений, направленных на формирование новой Концепции...

Читать далее ...

В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

29.04.2026
В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

В настоящее время наркобизнес и наркомания являются одной из актуальных проблем не только в нашей стране, но и во всём...

Читать далее ...

Как защитить ребёнка от религиозного давления?

29.04.2026
Как защитить ребёнка от религиозного давления?

Сегодня ребёнок получает воспитание не только в семье и школе, но и через интернет и социальные сети. Особенно большое количество...

Читать далее ...

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

27.04.2026
Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

В городе Харрогейт Великобритании состоялся престижный международный чемпионат по робототехнике UK First Lego League Championship, организованный Institution of Engineering and...

Читать далее ...

Новости

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

12 часов назад

Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

13 часов назад

Молодежь области Абай присоединилась к обсуждению новой антикоррупционной политики страны

13 часов назад

В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

1 день назад

Как защитить ребёнка от религиозного давления?

1 день назад

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

3 дня назад

Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

3 дня назад

В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

3 дня назад

Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

3 дня назад

Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС