Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТӨРЕСІ — ОЙСЫЛҚАРА

08.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Жарма ауданындағы асыл тұқымды ірі қара өсірумен атағы алысқа кеткен Жарық ауылдық округінде Ойсылқара тұқымын өсіріп, өңірге тың серпіліс әкеліп отырған азаматтар бар. Осыдан бес жыл бұрын түйе өсіруді қолға алған «Дайана» шаруа қожалығының басшысы Еркін Тектеновтің  түйелері бүгінде Қалба тауының сілемінде жайылымда жүр. Төрт түліктің төресін әкеліп, кәсібін жаңа қырынан дамытуға бет алған Еркін Тектеновтің шаруашылығына аудан әкімі Нұрлан    Сыдықов арнайы барды.

Нұрлан Бәтташұлы ауылдық округке сапары барысында ең алдымен округке қарасты Малай ауылындағы жергілікті негізгі мектептің жағдайымен танысты. Қырық бала білім алатын мектеп ғимаратының бұл күнде тозығы жеткен. Ғимарат төбесін күрделі жөндеуге шешім қабылданып, тиісінше қаржы да бөлінген. Аудан әкімі мектеп әкімшілігінен жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін ерекше  қадағалап, оқушылар санын барынша арттыруға мән беруді талап етті. Алдағы уақытта білім ошағының сырт келбетін жөндеу, терезелерін ауыстыру жағын да ескеруді тапсырды. Сонымен қатар білім ордасына келген жас мамандармен тілдесіп, еліміздің ертеңін қалыптастыру білім ошағынан бастау алатындықтан, оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ұстаздар қауымына жүктелген міндет  екенін атап өтті.

«Дайана» шаруа қожалығына арнайы келген Нұрлан Бәтташұлы Ойсылқара тұқымының жайымен жайылым басында қанықты. Түйелер бүгінде Қалба сілеміне төселген, өңірдің табиғатын жатсынбапты. Шаруа қожалығының басшысы Еркін Тектенов Ойсылқара тұқымын Жарма ауданына қайта әкелу оңайға түспегендігін айтады. Ол бұл істі  қолға алмай тұрып Оңтүстік пен Батыс Қазақстандағы түйе өсіруші шаруалармен кездесіп, шаруаның қыр-сырын меңгергеннен кейін ғана мұндай қадам жасауға бел буған. Осылайша, бес жыл бұрын бұл іс қолға алынып, Оңтүстік Қазақстан облысынан 25 түйе әкелінген. Алғашқы жылдары бейтаныс кәсіпті игеріп кетудің өзіндік ауыртпашылығы болғанын да жасырмады. Тіптен түйе көрмеген өзге түліктер үркіп, ал Қамбар ата тұқымы қыр асқан жағдайларды да еске алады.

— Айрықша күтімді қажетсінбейтіндіктен «кедейдің малы» атанған жануар табиғи жайылымда тез қоңданады. Әрі оның сүті мен шұбатының медицина тарапынан емдік сусын ретінде мойындалғаны да белгілі. Көзін тауып өңдей білсе, жүні де өнеркәсіпте таптырмайтын шикізат. Бүгінгі таңда осы ісімізді одан әрі дамытуға күш салып жатырмыз,- дейді шаруашылық басшысы Еркін Тектенов.

Қазір шаруа қожалығында 130-ға тарта түйе бар. Түліктің аузы көкке тиіп, боталарының тірсегі қатқанда, сауын жұмыстарын қолға алмақ. Сауын кезінде орташа есеппен тәулігіне 70 литр саумал алынады екен. Ал өндірілген шұбат аудан жұртшылығының сұранысынан аспайды.

Шаруа қожалығының басшысының айтуынша, биыл қосымша тағы да 100 бас ақ түйе  әкелу көзделуде. Екі жылда бір төл беретін түйені көбейте отырып, болашақта осындағы Ойсылқара тұқымын бес жүзге жеткізу ойларында бар. Түйе санын көбету арқылы шұбат өндірісін қолға алу да болашақтың жоспары. Қыстамадағы қораларын қайта жарақтап, түйелердің еркін қозғалуын қамтамасыз ету жағы да бар. Шаруа қожалығының жұмысымен арнайы танысуға келген аудан әкіміне Еркін Тектенов мемлекеттен жеңілдетілген түрде жаңа техникалар алуға ниетті екенін де айтты.

Жалпы, жаңаша жұмыс бастап, ісін ілгері бастырған шаруашылықты көрген аудан әкімі қожалық жұмысын жоғары бағалап, түйе шаруашылығын дамытуға жергілікті атқарушы билік те ынталы екенін жеткізді. Нұрлан Бәтташұлы, алға қойған кешенді жұмыстар жүзеге асса, ауданда түйе шаруашылығының кең өріс алатындығына сенім білдірді. Негізінен, Оңтүстік өңірлерден тасымалданатын жанға шипа беретін шұбаттың ауданда өндірілуі облыс нарығына еркін шығуға қолайлы екенін де аудан әкімі тілге тиек етті. Ал жеңілдікпен ауылшаруашылық техникаларын алу мәселесін қарастыруды аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дастан Танановқа тапсырып, барынша қолдау жасау қажеттігін жеткізді.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС