Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АБАТТАНДЫРУ — АБЫРОЙЛЫ ІС

08.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Апта басында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Серік Зайнулдиннің төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы болып өтті. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Қалембек Қарашев, аудан әкімінің орынбасарлары, мекемелер мен бөлімдер басшылары қатысты.

Кеңес отырысында төрт мәселе қаралған болатын. Атап айтқанда, аудан бойынша көктемгі егістік науқанына даярлық, су тасқынының алдын алу шаралары, елдімекендерді көркейту, санитарлық екі айлық тазалық және ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығы бойынша баспасөзге жазылу ісі қаралды.

Жиын беташарында кіріспе сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж.Байсабыров Үржар ауданы бойынша 2016 жылы егілетін көктемгі егістік науқаны жөнінде хабарлама жасады. Биылғы жыртылатын жер 183 мың 901 гектар болады деп жоспарлануда. Ағымдағы жылдың    наурыз айында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес бекітілген кесте бойынша екі топ құрылып, аудан әкімінің екі орынбасарының басшылығымен ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері мамандарымен ауылдық округтерді аралап, жерді тиімді пайдалану, тұқым, субсидия және ветеринария мәселелері бойынша шаруа қожалықтарымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жиналыстар өткізілді. Биылғы жылы ауданда нөлдік технология бойынша 14402 гектар жер өңделсе, ылғал жабу 96952 гектарға жүргізілмек. Аудан көлемінде тұқым шаруашылығында «Юбилейный», «БақТұр»  ЖШС және «Некрасовка и К» шаруа қожалығы жаздық, күздік арпа, соя, күнбағыс және көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымын өндірумен айналысады.

– Ағымдағы жылы жердің құнарлылығын арттырып, жоғары өнім алу мақсатында 2038 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алуға және арамшөптермен күрес жүргізу үшін әртүрлі гербицидтер алуға ауылшаруашылық  құрылымдары өтінім білдіріп, тыңайтқыш өндіретін зауыттармен келісімшарт жасалды,- деп  атап өткен Жарқынбек Борашұлы көктемгі егістікке ауылшаруашылық техникалары мен жанар-жағармайдың даяр екендігін жеткізді. – Ал күн тәртібіндегі екінші мәселе, яғни су тасқынына қарсы атқарылатын шаралар бойынша, ағымдағы жылдың 23 ақпанында шыққан ауданның көктемгі кезеңдегі су тасқынына қарсы бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан әкімі Серік Зинабекұлының тапсырмасы негізінде жұмыстар жүргізілуде, — деді Ж.Байсабыров. — Аудан бойынша екі су қоймасы, жеті гидротехникалық су тораптары бар. Бүгінгі күні барлық су тораптарында судың деңгейі қалыпты, жолдары ашық, кезекшілік ұйымдастырылған, байланыс жүйесі бар. Аудан бойынша су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және ескерту жұмыстарын жүргізу жөніндегі аудандық  төтенше жағдайлар комиссиясымен бірлескен жиындар өтті. Өңіріміздегі жазықтықтағы қар толықтай еріді, таудағы қардың биіктігі бүгінде 80 см-ді құрап отыр.  Алайда өзендердегі судың деңгейінің көтерілгені байқалады. Ауданның барлық ауылдық округтерінде 16 мың қап дайындалған. Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу барысында аудан кәсіпкерлерімен арнайы техника, дәрі-дәрмек, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жөнінде 25 келісімшарт жасалды. Бір сөзбен айтқанда, ауданымызда жағдай қалыпты,- деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары.

Осы орайда аудан әкімі Серік Зайнулдин әр ауылдық округтерде қажетті мөлшерде инертті материалдарды дайындауды міндеттеді. Сонымен қатар арнайы тізім жасалынып, екі мобильді топ құрылсын деген тапсырма берді.

Келесі мәселе — тазалық, көркейту — көгалдандыру жөнінде Үржар ауданы сәулет, құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Солтанғазы Елемесов аудан бойынша 122 жобаны іске асыруға бюджеттен 600 млн. теңге қаржы қарастырылғанын айтты. Ағымдағы жылы жалпы сипаттағы трансферттер есебінен өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 200 млн. теңге қаржы көркейту жұмыстарына қарасырылған, ал аудан бюджетінен 46 млн. теңге көгалдандыру шарасына бөлінбек. Сондай-ақ, аудан әкімі Серік Зинабекұлының арнайы тапсырмасына сәйкес, ауданға қарасты 27 ауылдық округтер арасында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында және абаттандыру, гүлдендіру һәм санитарлық тазалық жұмыс-тары бойынша бәйге жарияланып, үздік шыққандар жергілікті бюджет есебінен ақшалай марапатталмақ.

Сонымен қатар күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша аудан басшысы 2016 жылдың екінші жартысына облыстық және аудандық баспасөзге жазылу мәселесі тұрғысында сөз қозғап, мерзімдік басылымдарға уақытында жазылу жайын  нақтылап өтті.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС