Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ШЫҒЫСЭНЕРГОТРЕЙД» ТАРИФ ҚҰНЫН ЖОҒАРЫЛАТУДЫ ҰСЫНДЫ

08.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Алдағы уақытта облысымызда электр энергиясының тарифі жоғарылауы мүмкін. Бұл жайында қалалық әкімдікте өткен қоғамдық тыңдауда мәлім етілді. Аталмыш басқосуға Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің директоры Қайрат Оразбаев және «Шығысэнерготрейд» мекемесінің өкілдері қатысты.

Аталмыш тақырыпты арқау еткен осындай жиын қаламызда қаңтар айында да өткен болатын. Сол кездері «Шығысэнерготрейд» ЖШС басшылығы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне тариф көлемін 13,8%-ға көтеру туралы ұсыныс жасаған болатын. Ол кезде бағаны жоғарылату туралы өтініш аталмыш ведомство тарапынан қолдау таппай, кері қайтарылған еді. Ал ендігі аралықта электр энергия- сын таратушы мекеме алдағы мамыр айының бірінші жұлдызынан бастап тариф құнын 14,8%-ға арттыру туралы мәселе көтеруде. «Шығысэнерготрейд» ЖШС бас директоры Вячеслав Аксеновтің айтуынша, бұған қажеттіліктер себеп болуда.

— Біз бірінші кезектегі өтінішімізде ағымдағы жылдың бірінші мамырынан бастап тарифті 13,8% көтеру туралы ұсыныс берген болатынбыз. Осыған дейінгі аралықта біз қосымша есептеу-лер жүргіздік. Қазіргі таңдағы компанияның орташа тарифі ҚҚС – ын қоса алғанда кВт/сағаты 1,743 теңгені құрайды. Біз осы ретте, заңнама негіздеріне сай, тариф құнын жоғарылату туралы өтінім бердік, — деді басшы. Жобаға сай, орташа тарифтің шектеулі көлемі кВт сағатына 13,532 теңге. Ал «Шығысэнерготрейд» мекемесінің үстемеақысы 50 тиын екен. Алайда бұл жерде тарифті көтеру қажеттілігі бірінші кезекте электр энергиясын сатып алу бағасының қымбаттауымен байланысты. Сонымен қатар электр қуатын берудегі шығын, қамтамасыз етудегі үстемеақы осыған мәжбүрлеуде. Одан бөлек бүгінгі таңда компания шығыны артуда. Бұған қоса    «Шығысэнерготрейд» материалдық-техникалық базасын жаңартып, тұрғындарды электр қуатымен сапалы түрде қамтамасыз етуге арналған орталықтар салуды көздеуде. Ал мұның барлығы жаңа тариф күшіне енген шақта ғана жүзеге аспақ.

— Қаңтар айынан бастап біздің шығынымыздың көлемі 180 млн. теңгені құрады. Кредиторлық берешегіміз шамамен 2 млрд. 700 млн. теңге. Оның  1 млрд. 600 млн. теңгесі энергияны өндіруші және жеткізуші мекемелер алдындағы қарызымызды құрайды. Осы себептен шығындарымызды жабу үшін жаңа тарифті қабылдауды ұсыныс сұраймыз. Біздің дебиторларымыз «Теплокоммунэнерго» МКК-нің  650 млн. теңге берешегі бар. Ал «Семей Водоканал» 110 млн., Курчатов қаласы 50 млн. теңге қарыз, Зырян су арнасы мекемесі де қомақты көлемде берешек. Ал қалған дебиторлық қарыздар тұрмыстық және заңды тұтынушылардың есебінде тұр, — деді мекеменің бас директоры.

Өз кезектерінде сөз алған қоғамдық тыңдауға қатысушылар аталмыш есеп берумен келіспейтіндіктерін білдірді. Бұл ретте бірқатар мәселелерді сөз еткен қала тұрғындары төлемақымен есептесу кезінде банктер немесе терминалдардың қызмет үшін ұстап қалатын ақшалары туралы да айтып өтті. Ал мекеменің терминалы тек өз ғимаратының аумағында ғана екен. Онда барып төлеудің өзіндік қиындықтары бар әрі тиімсіз. Қаланың өзге аудандарында бірде-бір касса ұйымдастырылмаған. Бұған жауап қайырған мекеме басшысы бұл істі ұйымдастырудың тым қымбатқа түсетінін жеткізді.

— Біздің қаламыздың тұрғындары аса көп табыс таппайды. Бүгінгі таңда дағдарысқа орай қысқартулар да орын алуда. Тұтынушылардың төлем қабілетін де ескерген жөн. Ал сіздерге ірі мекемелер қарыз. Олардың кесірінен қарапайым тұрғындар залал көрмеуі тиіс. Біз осы ретте антимонополиялық комитетке аталмыш мәселеге тың қырынан қарауды ұсынамыз, — деді өз сөзінде «Жемчужина» ЖШС пәтер иелері кооперативінің өкілі.

Жиын барысында қала тұрғындары өзіндік ой-пікірлерін білдіріп, тіпті тың ұсыныстар да жасады. Бұл ретте өзге де коммуналдық мекемелермен бірлесіп кассалар ашып, қарызды өндіру мақсатында рейд жүргізу қажет. Сондай-ақ тұрғындар төлемақы көлемімен де келіспейтіндіктерін айтты. Мәселен, зейнеткерлер, мүгедектер, соғыс ардагерлері  жоғары жалақы алатын заң саласы қызметкерлерімен бірдей төлейді.

Ал өз кезегінде сөз алған Қайрат Оразбаев «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің өтініші мұқият тексеріліп, тұрғындардың талап-тілектері тұрғысынан тиянақты түрде қарастырылатынын айтты. Осы орайда бірінші мамырдан бастап электр энергиясы тарифін жоғарылату туралы шешім қабылдау мәселесі сәуірдің 20 күні қайтадан қаралатын болды.

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС