Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ХАЛЫҚ ОРТАСЫНДА

08.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семей қалалық мәслихатының кезекті сессиясында халық қалаулылары «Семей өңіріндегі ветеринария бөлімінің алдын алу шаралары туралы» және «Семей қаласындағы туберкулезге қарсы қызметтің жағдайы туралы ақпарат» сынды мәселелерді қарауды жоспарлауда. Аталған мәселелерді қарамас бұрын мәслихат жанындағы тұрақты комиссия мүшелері қаладағы ветеринарлық қызметтің сапасына мән беріп, туберкулезге қарсы атқарылған жұмыстардың барысымен танысу үшін туберкулезге қарсы балалар ауруханасы мен өңірлік туберкулезге қарсы диспансердің жұмысымен танысты.

Қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, өндірісті, әлеуметтік құрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Әміржан Ахмеджанов және комиссия мүшелері алдымен қаламыздағы ветеринарлық қызметтің бақылауындағы бірқатар нысандарда болды. Дәлірек айтатын болсақ, депутаттар Жаңа құрылыс (Новостройка) ауданында орналасқан «Мереке» ЖШС-нің сауда орнын аралап көрді. Жалпы, тұрақты комиссия жұмысының негізгі мақсаты — қаладағы сауда орындарындағы ветеринарлық-санитарлық нормалардың орындалу барысымен танысып, алдағы мәслихат сессиясының күн тәртібінде қарау. Мұнда депутаттар алдымен етті сараптамадан өткізетін зертхана жұмысына бас назар аударды. Өйткені базарға келіп жатқан еттің барлығы осы жерде тексерістен өтіп барып саудаланады.

Зертханадағы ветеринарлық-санитарлық сараптаушы дәрігер Болат Бұлақбаевтың айтуынша, бұл жерде еттің барлық түрлері сараптамадан өткізіліп, тұтынушыларға жіберіледі екен. Бүгінде зертханада кәсіби біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді.  Арнайы тексерістен кейін барлық құжаттар рәсімделіп, саудалауға екі тәулік уақыт беріледі екен. Ал тұтынушысын таппаған жағдайда, қайтара сараптамадан өткізу керек. Дегенмен зертхана қызметкерлері ондай жағдайдың болмағанын, өйткені әрбір сатушы өз мүмкіндігіне қарай етті шамалап алатынын айтады. Бір сөзбен айт-қанда, мұндағы ет өнімдері тұтынушысына барлық талаптар сақтал-ған күйде жіберіледі. Халық қалаулылары аталмыш сауда орнындағы саудагерлермен де тілдесіп, құжаттарының дұрыстығын, сауда орнының жайлылығы мен еттің бағасын да сұрап білді. Жалпы, аталмыш базардың тазалығына депутаттардың көңілдері толды.

Бұдан кейін депутаттар «Ақшың» корпорациясына тиесілі халал жолмен мал соятын «Семей Вет» ЖШС–не аялдады. «Семей Вет» ЖШС  директоры Құсайын Жүнісовтің айтуынша, мал соятын орынға шаруа қожалықтарынан бастап қарапайым тұрғындарға дейін малдарын халал жолмен сойдырып, тіпті ішек-қарны мен бас сирағын тазалатып, тоңазытқыштарға сақтауларына болады. Алты адам жұмыс істейтін мал соятын орында жеке зертхана да бар. Ал ол жерде күніне 15-20 бас мал союға мүмкіндік қарастырылған екен. Бұдан өзге арнайы орында етті ыстап беру жағы да қарастырылыпты. Ол үшін арнайы пеш орналастырылған. Депутаттармен кездесуде Құсайын Жүнісов сойыл-ған малға зертханада сараптама жасалып, тегін түрде құжаттар берілетінін, дегенмен осы орында сойылып, базарға апарған жағдайда, қайтара сараптамадан өткізуге тура келетінін айтып мәселе көтерді. Ол сондай-ақ арнайы орынның қызметкерлері малды тек соятын болса,  құжаттарды сонда жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлер ғана беретінін жеткізді. Оның ақпаратынша, бұл қызметтер тек жұмыс күндері ғана жүзеге асырылатын көрінеді. Ал мал союшылар көбіне демалыс күндері келеді екен. Бұл жағдай жұмыстарына да кері әсерін тигізіп жатқан көрінеді. Осы орайда мекеме басшысы құжаттарды толтыруды өз қызметкерлеріне берсе деген ниет білдірді.  Халық қалаулылары өз кезектерінде екі мәселенің де заң талаптарына қайшы келмеуін қарастырып, анық-қанығына жетуге уәде етті.

Ал түстен кейін қалалық мәслихаттың әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спортты дамыту жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері шаһарымыздағы екі ірі ауруханада болып қайтты. Қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов пен аталмыш комиссия төрайымы Айнұр Арғынбекова бастаған комиссия мүшелері туберкулезге қарсы балалар ауруханасына ат басын тіреді. Аурухана Сауд Арабиясы Корольдігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында қол қойылған меморандум аясында бой көтерген. Бүгінде онда туберкулезбен ауыратын балаларға профилактикалық, диагностикалық және стационарлық көмек көрсетіледі. Емханаға 80-нен аса науқастарды орналастыруға болады. Қазіргі таңда ауруханада 47 бала ем қабылдауда. Аурухананың 5-ші қабатында науқас балалар емделіп жатқан уақытта қазақ және орыс тілдерінде 1-11 сынып аралығында білім алатын арнайы мектеп орналасқан. Ол интерактивті сыныппен қамтамасыз етіл-ген екен. Сондай-ақ соңғы техникалық құрал-жабдықтармен жабдық-талған стоматология, отоларингология, УДТ кабинеттері бар.

Сонымен қатар комиссия мүшелері Семей қаласының өңірлік туберкулезге қарсы диспансерінің жұмысымен танысты. Бүгінде бұл мекемеде де заманауи қондырғылар мен науқастарды емдеу ісіне жаңа әдістердің енгізілуі оң өзгерістер әкелуде. Мекеменің бас дәрігері Ерлан Шәкеновтің айтуынша, туберкулезбен аурушаңдық деңгейі облыс бойынша өткен жылы 2014 жылмен салыстырғанда 18,6 пайызға төмендеген. Ал өлім деңгейі 11,6 пайызға азайыпты. Бұдан өзге ем қабылдайтын науқастарға әлеуметтік қолдау көрсету қолға алынған. Былтыр мұндай көмекке 130 адам ие болса, биыл көрсеткішті 240 адамға жеткізу көзделген.

— Бұл мақсатқа 2013 жылы 6 млн. теңге бөлінсе, 2014 жылы 7 млн. 400 мың теңге қарастырылды. Ал өткен жылы 9 млн. 200 мың теңге қаржы жұмсалды. Бөлінген қаржы амбулаториялық жағдайда ем қабылдайтын науқастарға әлеуметтік көмек ретінде беріледі. Бұл олардың тез сауығып кетуіне оң ықпал етеді деп ойлаймын,- дейді Е.Шәкенов.

Кездесу барысында дәрігерлер аталмыш әлеуметтік көмекті бір рет бергеннің орнына ай сайын беру туралы ұсыныс жасады. Дәрігерлердің пайымынша, бұл науқастардың емханаға уақтылы келіп, кешенді түрде ем қабылдауына зор мүмкіндік бермек. Депутаттар дәрігерлердің ұсынысын саралап, оң шешілуіне ықпал ететіндіктерін атап өтті.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС