Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӨКПЕКТІ – КӨП САЛАДА КӨШ БАСЫНДА

28.01.2014
КӨКПЕКТІ – КӨП САЛАДА КӨШ БАСЫНДА
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстанда қойнауына құт қонған мекендердің бірі – Көкпекті ауданы. Түтіні түзу, тұрмысы тұрақты ауданның абыройы жыл сайын артып келеді. Іске асып һәм асырылып жатқан бастамаларды  іздей қалсаңыз,  Көкпектіден табасыз. Аудан әкімі Дүйсенғазы Мусин де іскерлігімен танылған азамат. Сондықтан болар, Көкпектідегі жағымды жаңалық көпшіліктің көз алдында. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде тындырымды істер ауданда толастаған емес. Міне, сондықтан болар Көкпектіге келген сайын көпшіліктің мақтауын көп естуге болады.

Өткен жылды да аудан табысты аяқтады. Әр салада серпін бар. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы да мерзімінде. Әлеуметтік нысандардың бірқатары күрделі жөндеу-ден өтсе, енді бірінің іргетасы қаланды. Баспана да берілді. Бір сөзбен айтқанда, жылан жылы ауданда ауыз толтырып айтарлық жұмыстар жүйелі жүрді. Бұл жайында Шығыс Қазақстан облысының Ақпараттық орталығында аудан әкімі Дүйсенғазы Мусиннің БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды. 

Әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерде оң өзгерістер

 

{jcomments on}

 

Ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша, барлық салалардың өсіп келе жатқандығын аңғаруға болады. Жалпы өңірлік өнім бір жылдың ішінде 21,7 пайызға өскен. Көкпекті ауданының негізгі әлеуеті  -ауыл шаруашылығы. Сондықтан осы салаға жіті көңіл бөлініп, жүйелі жұмыстардың негізі қалыптасқан. Ауданда тек  бұл  саланың өзінде ғана жалпы өнімінің көлемі 20,6 млрд. теңгеге, яғни, 28,1 пайызға дейін өскен.

Құрылыс саласында да қарқын бар. Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың қолдауымен ауданда апаттық жағдайдағы мектептердің орнына екі жаңа мектеп, спорттық модуль, екі он  пәтерлі үйлер салынып, тұрғындардың игілігіне берілді.  Аудандағы әлеуметтік нысандардың бірқатары күрделі жөндеуден өтті. Аудан бойынша 6 білім беру мекемесіне, 7 мәдениет ошағына, Самар ауылындағы емхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Көкпекті ауылындағы кәріз  жүйесі мен Тассай ауылындағы су құбыры жүйесінің құрылыстары да аяқталу үстінде.

Ауданда 33 шақырым көшеге жарықтандырылу орнатылды. Жол да тегістеліп, жолаушылардың жүруіне жағдай жасалуда. Атап айтқанда, Үлкенбөкен – Көкжайық – Үлгілі малшы ауылдары арасын жалғап жатқан жол күрделі жөндеуден өтті.

Шағын және орта бизнеске аудан белсенділері бел шеше кірісіп, қолдарынан іс келетіндігін дәлелдеп отыр. Осы сала бойынша ауданда өсу қарқыны аңғарылады.    2012 жылмен салыстырғанда бөлшек тауар айналымы 2013 жылы 15,3 пайызға өсті.

 

Жаңа жобалар жүзеге асады

 

Көкпекті ауданының әлеуетін көтеретін үлкен әрі негізгі жобалардың бірі — үдемелі индустриалды- инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатқан  «Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіптік кешені атты ірі инвестициялық жобасы. Кешеннің келешегі Көкпекті ауданымен тікелей байланысты. Жоба жоспарына сәйкес, 2012-2013 жылдары 661 асыл тұқымды мал басы Ирландия мен АҚШ-тан әкелінді. Өткен жылы алыстан әкелінген асыл тұқымды мал басынан 57 бас төл алынды. «Елім–ай Көкпекті» агроөнеркәсіптік кешен болғандықтан, атқаратын жұмыстарын түрлі бағытта дамытып отырады. 425 млн. теңгеге техника сатып алынды. Жоба бастамашыларының жеке қаражаты есебінен 2000 басқа арналған асыл тұқымды репродуктордың құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек кешеннің жанынан мал сою цехының құрылысы да биыл басталады деп жоспарлануда. Цехқа жұмсалатын қаражаттың көлемі де қомақты. Сәтін салып, мал бордақылау алаңы  іске қосылса, аудан тұрғындары үшін тағы да жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Индустриаландырудың аймақтық картасына қосу үшін Көкпекті ауданында ағымдағы жылы ауылшаруашылық саласында тың үш жоба бойынша құжаттар дайындалу үстінде. Атап айтқанда, «Өрнек» ЖШС -де 400 басқа арналған жемдеу алаңы мен 800 басқа арналған сүтті-тауарлы фермаларын ашу үшін Өңірлік үйлестіру кеңесінің мақұлдауына ие болды. Жоспарға сәйкес,  420 басқа арналған сиыр қора, 100 басқа арналған бұзау қора жасалды. Жоспарды жүзеге асыру үшін өткен жылдың күзінде Германиядан 25,0 млн. теңгеге соңғы үлгідегі заманауи сүт өндіру құрыл-ғысы әкелінді. Ал, екінші жобаның жөні бөлек. «Ельдар» шаруа қожалығы бұйырса, қымызды  қайта өндеуді қолға алады.  Өндірілетін таза қымызды қызуға шыдамды орауышқа және арнайы құтыларға құйылып дайындалатын шағын бағытты қолданысқа енгізу жоспарлануда.

«Кузьмич» ЖШС-де ықпалдастыру жүйесінде құрамажем мен биогумус, жылыжай көкөністерін өсіру, шаян және балықтардың қымбат түрлерін кешенді өсіруді қолға алмақ.   Осы жоба  іске асса, 33 жаңа жұмыс орнына қол жеткізіп, жыл сайын 10-12 млн. теңге салық түседі деп жоспарланып отыр.

Бұл күнде жеке қосалқы шаруашылықта ауылшаруашылығы өнімдерінің 58,6 пайызы өндірілуде. Ауылшаруашылық өнім өндірісінің өсуіне, жұмыссыздық деңгейін азайтуға, азаматтардың кірісі мен жұмыспен қамтуды көбейтуге қол жеткізуге орай  жеке қосалқы шаруашылықтарын қолдау және дамытудың аудандық бағдарламасы іске асырылуда.

Көкпекті ауданының омарташылары үшін өткен  жыл сәтті  аяқталды  деуге болады.  2013 жылы шамамен 60 тонна бал алынды. Ал, болашақта бұл көрсеткішті 100 тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

 

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы қалыпты

 

2013 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша ауданда 794 млн. теңге бағытталып, 177 жұмыс орны құрылған. Әсіресе, ауылдағы ағайынның кәсіппен айналысуына мүмкіндік жасайтын бағдарламаның орындалуы қалыпты. Сондай – ақ, «Агробизнес -2020», «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламаларының мүмкіндіктерін қолдана отырып,  асыл тұқымды мал басын екі есеге дейін көбейтуді аудан басшылығы жоспарлап отыр.

«Ақ бұлақ»  бағдарламасы негізінде өткен жылдың күзінде Тассай ауылындағы су жүргізетін құбырдың құрылысы аяқталды. Тассайлықтарға таза ауыз су берілуі халықтың  42 пайызға таза, қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілуін арттырды. Ал, 2015 жылы осы көрсеткішті 69 пайызға дейін жеткізу  жоспарда бар екен.

«Өңірлерді дамыту» бойынша 2013 жылы 22,8 млн. теңгеге 18 жоба жүзеге асты. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 2012 жылы ауданда 4,2 млн. теңгені құрайтын 3 жоба ғана жүзеге асқан болатын. Ал, биыл 29 млн. теңгеден жоғары болатын жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Тізімге енген тірек елді мекендерін дамыту үшін 2012-2013 жылдары 3,9 миллиард теңге игерілген.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 2013 жылы 171,2 млн. теңге құрайтын 329 меморандум бекітілді. Жылдың қорытындысы бойынша бұл бағыттағы жұ-мыстың орындалуы 100 пайызды құрайды. «Туған жерге — тағзым» акциясы аясында жылан жылы жалпы құны 174,0 млн. теңге болатын 61 жоба іске асырылды.

P.S. Міне, аудандағы өткен жылы атқарылған ауқымды іс – шаралардың бір тізбегі осы. Халықтың көңілінен шығып, қолдау тапқан бұдан өзге де бірқатар бас-тамалар аудан, облыс, тіпті ел көлемінде өткерілді. Атқарылған немесе әлі де ат-қарылатын  жұмыстардың барлығы да халық үшін екені анық. Халықтың әл – ауқаты мен тұрмысын түзеуге бағытталған бастамалар биылғы жылы Елбасының Жолдауы негізінде, Жолдауды басшылыққа ала отырып жалғасатын болатындығын аудан әкімі Дүйсенғазы Мусин де атап өтті.

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ.

Связанные новости

В Семее стартовал республиканский айтыс «Адамзаттың Абайы»

08.08.2025
В Семее стартовал республиканский айтыс «Адамзаттың Абайы»

В области Абай продолжается череда юбилейных мероприятий, посвященных 180-летию Абая. На восьмой день декады в Семее, в Театре имени Абая,...

Читать далее ...

От имени Главы государства Премьер-министр Олжас Бектенов вручил награды работникам строительной отрасли

08.08.2025
От имени Главы государства Премьер-министр Олжас Бектенов вручил награды работникам строительной отрасли

В преддверии Дня строителя Премьер-министр Олжас Бектенов от имени Главы государства Касым-Жомарта Токаева поздравил специалистов и ветеранов отрасли с профессиональным...

Читать далее ...

В Семее состоялась презентация двух значимых книг

08.08.2025
В Семее состоялась презентация двух значимых книг

7 августа в рамках празднования 180-летия со дня рождения Абая Кунанбаева в центре «Ес-аймақ» в Семее прошёл вечер, посвящённый великому...

Читать далее ...

Цифровые технологии помогли выявить преступную добычу песка в области Абай

08.08.2025
Цифровые технологии помогли выявить преступную добычу песка в области Абай

Прокуратура города Семей неизменно придерживается принципиальной позиции в обеспечении законности и правопорядка, демонстрируя нетерпимость к любым правонарушениям. В ходе проведенной...

Читать далее ...

В Семее открылась специализированная библиотека для слабовидящих и незрячих граждан

08.08.2025
В Семее открылась специализированная библиотека для слабовидящих и незрячих граждан

В области Абай продолжается декада юбилейных мероприятий, приуроченных к 180-летию Абая. В шестой день декады в городе Семей открылось новое...

Читать далее ...

В городе Семей состоялся забег на 3 километра

07.08.2025
В городе Семей состоялся забег на 3 километра

В честь 180-летнего юбилея Абая Кунанбаева в городе Семей прошёл городской забег на дистанцию 3 километра. Соревнование было организовано с...

Читать далее ...

Новости

В Семее стартовал республиканский айтыс «Адамзаттың Абайы»

14 часов назад

От имени Главы государства Премьер-министр Олжас Бектенов вручил награды работникам строительной отрасли

14 часов назад

В Семее состоялась презентация двух значимых книг

20 часов назад

Цифровые технологии помогли выявить преступную добычу песка в области Абай

20 часов назад

В Семее открылась специализированная библиотека для слабовидящих и незрячих граждан

22 часа назад

В городе Семей состоялся забег на 3 километра

1 день назад

ОБРАЩЕНИЕ К РОДИТЕЛЯМ

1 день назад

В Семее пройдёт республиканский айтыс с участием акынов из области Абай

1 день назад

Торжественная встреча молодых лейтенантов – символ преемственности и патриотизма

3 дня назад

Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС