Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАНҒА ЖАЙЛЫ «АНТИКАФЕ»

28.01.2014
ЖАНҒА ЖАЙЛЫ «АНТИКАФЕ»
FacebookWhatsappTelegram

Жыл өткен сайын шаһарымызда түрлі ойын-сауық орындары, тойхана мен мейрамханалар көптеп ашылуда. Оларға барып, бос уақытын өткізетін, тойлар мен көңілді кештер ұйымдастыратындар қатары да баршылық.  Бұл, әрине,  тұрғындардың әл- ауқатының жақсарып,  мәдениетінің көтерілгенін көрсетеді.  Ал, таяуда ғана Абай көшесінің бойынан  ашылған «Антикафе» атты демалыс орнының тұрғындарға қызмет көрсетуі өзгелерге қарағанда өзгерек.  Антикафе — бос уақытты тиімді өткізуге арналған бірден-бір мәдени орын. 2012 жылы алғаш рет Мәскеуде ашылған мұндай мекемелер бүгінгі таңда еліміздің де біршама қалаларында жұмыс істеп тұрған көрінеді. Ал, Семейдегі Антикафе өз жұмысын өткен жылдың 16 желтоқсанында бастаған.

Ойын-сауық кешендерімен салыстырғанда бұл мекеменің өзгешелігі  — мұнда келгендерге  дөрекі  сөйлеуге, шылым шегіп, ішімдік ішуге тыйым салын-ған. Ал, көңіл көтеріп, бос уақытты тиімді өткізуге барынша жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, кафе ішіне жайлы орындықтар мен үстелдер қойылған. Кітап сөресі де бар. Онда қазіргі заманғы жазушылардың таңдаулы шығармаларын кездестіруге болады. Сонымен қатар, заманауи жабдықтармен безендірілген мәдени орында түрлі аспаптарда және әртүрлі ойындар ойнауға болады. Тамылжыған әсем әуен де көңілдің көркін кіргізіп тұрады. Тіпті, сенбі-жексенбі күндері өнерпаздардың шағын концертін де тамашалауға мүмкіндік бар. Ал, кіру ақысы әр адам үшін минутына 5 теңге, яғни, 1 сағат-қа 300 теңге болса, төртінші сағаты тегін көрінеді. Демек, бір адам 4 сағат үшін 900 теңге төлеуі тиіс. Бірақ, мұнда ас мәзірі бойынша қызмет көрсетілмейді. Алайда, келушілердің   сырттан   әкелген асын антикафеде отырып, ауқаттануына болады.  Есесіне,  ыстық шай мекеме тарапынан тегін беріледі. Онда әзірге екі адам ғана жұмыс істеуде. Мекеме басшысы Ілияс Құрманғалиев пен оның досы Алтынбек Мұрзабеков келушілерге көңілді әрі жайлы болу үшін қолдарынан келгенше қызмет көрсетіп жүр. Идеяшыл жастардың бұл ісін құптаушылар да аз емес көрінеді. Келушілер санының да күн сайын артып келе жатқанын айтады олар.

 

{jcomments on}- Мұнда бос уақыттарын тиімді әрі ерекше өткізгісі келетін жастар жиналады. Алайда, жас жағынан бізде шектеу жоқ. Орта жастағы адамдар да келе бастады. Қандай жастағы адамдар болмасын,  келем деушілерге қашан да есік ашық. Тек  ішімдік ішкендерге ішке кіруге жол жоқ.  Өйткені, мұнда бұзақылық қылықтың орын алуына  жол  берілмейді, қауіпсіздікті бірінші орынға қоямыз. Полиция пункті де мекемеден алыс емес. Сондықтан, антикафеге келушілердің алаңсыз отыруына бар мүмкіндік қарас-тырылған, — деген Ілияс, — алдағы уақытта мекеменің безендіруін тағы да жаңартпақ ойлары бар екенін,  мекеменің бір бұрышына қаладағы қылқалам шеберлері мен фотосуретшілердің таңдаулы туындыларын сатылымға қойып, көрме өткізу де жоспарланып отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ, антикафеде балалардың ертеңгілігі мен шағын ұжымдардың думанды кештерін де өткізуге болады. Бірақ, орын саны шектеулі. 27 орынға арналған мекеме 40 адамға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы. Ілияс Құрманғалиев антикафеде уақыт өткізу, келушілердің қалтасына да аса қатты салмақ түсірмейтінін айтады. Алайда, олардың жарнамасы тек ғаламторда болғандықтан, осындай мәдениет орнының ашылғаны туралы жаңалық қала тұрғындарының көпшілігінің құлағына әлі де жете қоймаған тәрізді. Шаһар тұрғындары мен қала қонақтарына  антикафе дүйсенбі-бейсенбі күндері аралығында түскі уақыттан кешкі сағат 21.00-ге дейін, ал, жұма-жексенбі күндері аралығында түнгі сағат 23.00-ге дейін жұмыс істейтінін де айта кетуді жөн көрдік.

 

Жастарымыз тарапынан  осындай салауатты өмір салтын ұстанатын орындардың ашылуы құптарлық іс деп есептейміз.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы».

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС