Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЙБЕК — ШЫҒЫС БАРЫСЫ

12.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

«Ертіс» спорт кешенінде қазақ күресінен  облыстық «Шығыс барысы» турнирі өтті. Жазда Астана қаласында ұйымдастырылатын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде шығыстың намысын қорғайтын қос балуанды анықтау мақсатында өткен «Шығыс барысы» жанкүйерлердің көңілінен шықты.

Жарыстың ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов, қазақ күресінен ҚР-ның мемлекеттік бапкері, КСРО-ның және ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жақыт, сондай-ақ бірқатар спорт ардагерлері мен қаланың зиялы қауым өкілдері жиналды. Биыл аймақтық іріктеу сайысына облыстан 30-ға тарта палуан қатысуға ниет білдіріпті. Олардың арасында, республикалық турнирлермен қатар, халықаралық сындарда  ел абыройын лайықты қорғап жүрген спортшылар да болды. Турнирдің ашылуында сөз алған «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов балуандарға  сәттілік тілей отырып, биылғы «Қазақстан барысында» жерлес саңлақтар облыстың мәртебесін тағы бір мәрте биіктететініне сеніммен қарайтынын жеткізді.

— Қайырлы күн, құрметті қонақтар, турнирге қатысушылар! «Нұр Отан» партиясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі  жастардың денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау және спортты өркендету болып табылады. Осы мақсатта партия Төрағасы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне тігілген «Қазақстан барысы» қазақ күресі турнирі жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Ұлт денсаулығын нығайтып, жастарды спортқа баулу арқылы ұлттық күрестің танымалдылығын арттыруға бағытталған «Қазақстан барысы» турнирінің іріктеу кезеңдері облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында ұйымдастырылып, оған 5 мыңнан астам жастар қатысты. Бүгінгі турнирдің ақтық кезеңі киелі Семей жерінде ұйымдастырылып отыр. Әрбір ауданның намысын қорғап келіп отырған спортшыларға тек қана сәттілік тілеймін,- деді Әнуарбек Мұхтарханұлы.

Ал КСРО және ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат  Жақыт бес жыл бойы өткізіліп келе жатқан «Қазақстан барысы» жобасының маңыздылығына тоқтала келе, оның бас жүлдесі 2 жыл қатарынан семейліктердің қанжығасына бұйырғаны тектен-тек емес екендігін айрықша атап өтті.

— Қымбатты Семей қаласының тұрғындары және шаһар қонақтары! Сіздерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен ҚР Қазақ күресі Федерациясы атынан биыл 6-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған Елбасы жүлдесіне арналған «Қазақстан барысы» турнирінің аймақтық іріктеу чемпионатының ашылуымен құттықтаймын. Еліміздің осы шығыс өңірінде күрес түрлері жақсы дамығаны баршаға аян. Бір ғана Дәулет Тұрлыханов грек-рим күресінен КСРО біріншілігін 8 рет бағындырған. Оның жеткен жетістіктерін тоқтамай айта беруге болады. Бүгінде Шығыс Қазақстанда Дәулеттің жеңісті жолын жалғаған спортшылар жоқ емес. Олардың бірқатары биылғы жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғамақ. Ал ағымдағы «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық мәресінде шығыс өңірінің толағайлары жеңімпаздар қатарынан көрінеті-ніне біз еш күмән келтірмейміз,- деді  Марат Нұрмұхамедұлы.

Боз кілемде өрбіген белдесулерге келер болсақ, барлық 30-ға жуық палуан ақтық сынға шығу үшін жан алысып, жан берісті.Ал финалда Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов кездесті. Бір-бірінің қыр-сырын жақсы білетін қос балуан негізгі уақытта бірін – бірі ала алмай, қосымша белдесу сайысында жеңімпаздың есімін анықтауға тура келді. Оның нәтижесінде Айбектің айы оңынан туып, мерейі үстем болды. Дегенмен де 2-ші орынға қол жеткізген Мұхит та ақтық турнирге жолдама алғанын айта кету керек. Ал үздік үштікті Аягөз ауданының спортшысы Асхат Құсайынов қорытындылады. Ол қола жүлде сарапқа салынған күресте өскемендік қарсыласынан айласын асыра білді. Сондай-ақ турнирде аягөздік Дәурен Нұралинов есімді жас балуан спортсүйер қауымның зор қошеметіне бөленді. Білікті спорт майталмандары Дәуреннен келешекте Олимп шыңын бағындыратын балуан шығатынына бек сенімді.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС