Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ҚАРАЛДЫ

28.01.2014
FacebookWhatsappTelegram

«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Бұл күні қоғамдық қабылдауға тіркелген тұрғындар саны 18 адамды құрады.

 

Бұл аталмыш филиалдағы жыл басынан бері екінші рет өткізіліп отырған шара. Соңғы кездері қоғамдық қабылдауға жазылушылардың саны артып келе жатыр. Жергілікті тұрғындардың «Нұр Отан» партия-сына деген сенімінің нығайғандығының белгісі болса керек-ті, бұл жолы да қала әкімі орынбасарының алдына қойылған сауалдардың басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерді қамтыды. Қоғамдық қабылдауға  сонымен қатар, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сабыр Әшелов, қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Назым Жанболатова, білім бөлімі басшысының орынбасары Наталья Фесенко сынды құзырлы орындар өкілдері қатысты.

Қабылдауға алдымен кірген Юность кентінің тұрғыны Г. есімді көп балалы ана екі мәселе бойынша келіпті. Алдымен мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетуді сұраса, екінші мәселе бойынша 2000 жылдан бастап тұрып келе жатқан үйін заңды тұрғыда өз атына шығаруға көмектесуді өтінді. Бұл мәселемен толық танысқан қабылдауға қатысушы мамандар аталмыш мәселенің айтарлықтай ауыртпалығы жоқ екендігін айта келе, шешімінің жолдарын түсіндірді.

 

{jcomments on}Ал А.Егорқызының мәселесі мүлде бөлек. Өзінің айтуынша Семей мемлекеттік медицина университетінде интернде білім алып жүрген ұлын Павлодар қаласына жіберген. Арызданушы азаматша осы ұлын денсаулығына байланысты  тәжірибесін  Семей қаласында өткеруге көмек көрсетуді сұрап келіпті. Қала әкімінің орынбасары сол мезет аталмыш оқу орнының басшылығына телефон шалып, мәселенің мән-жайына қанықты. Нәтижесінде, оқу орнының ректораты көмектесетіндіктерін айтты.

 

Қабылдауға келген байырғы ұстаз Ұлбар Сәрсенбинаның ұсынысы мемлекеттік тілді дамытуға арналыпты. Өзін жоғары білімді педагогпын деп таныстырған азаматша оқушылар мен студенттердің жазу мәдениетін қалыптастыруда тың жоба әзірлегенін, соны білім ордаларының оқытушыларымен бірігіп іске асыруды көздейтінін жеткізді. Алайда, бірқатар әкімдік бөлімдеріне, тіпті мектептердің өздеріне   барғанымен нәтиже болмапты. Зәуреш Рамазанқызы азаматшаның жобасы жазылған екі беттік қағазын қарап шығып, қатысып отырған білім бөлімі басшысының орынбасары Н.Фесенкоға оның ұсынысы бойынша қандай жұмыстар атқаруға болатынын сұрады. Ал бөлім басшысының орынбасары өзіне жеке қабылдауға келуін және бұл мәселені бірігіп талқылауды ұсынды.

Қабылдауға жазылған Владислав есімді азамат екінші топтағы мүгедек екендігін айтып, білім алуға көмек көрсетулерін сұрады. Себебі, жұмыс істеу үшін арнайы сертификат немесе диплом керек. Ауыр жұмыстар атқаруға денсаулығы жарамайтынын айтқан азаматқа  алдағы уақытта қаламыздағы оқу орындарының бірінен арнайы    мамандық алуға көмек көрсетілетін болды. Ал содан кейін жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылмақ. Бұл жайтты Зәуреш Исабаева өз қадағалауында ұстайтындығын айтып, уәде етті.

Ал қала тұрғыны, 11 баласы бар ана Бибігүл апайдың айтары көп болды. Қоғамдық қабылдаудағы осы мүмкіндікті пайдаланып, қаладағы көлік тасымалына байланысты өз ұсыныс-тілектерін жеткізе кетті. Атап айтсақ, қала ішіндегі автобустар мен бағытты таксилердің жүргізушілері мен кондукторлары бірыңғай киім кисе, жолаушымен қарым-қатынас мәдениетін дамытса екен деген тілек білдірді. Оның бұл сауалын назарына алған қалалық ТҮКШ және жолаушылар көлігі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Сабыр Әшелов аталмыш мәселелер адағы уақытта қаралатын болады деп атап өтті. Көп балалы ананың екінші тілегі жоғары оқу орнында оқитын бір баласының оқу ақысын төлеуге көмектесуді өтіну болды. Өткен жылғы оқу ақысын Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов төлеп беріпті.

Ал Знаменка ауылынан келген Н. есімді азаматша жеке кәсіп ашуға көмек көрсетуді өтінді. Өзінің айтуынша, тігіншілікпен айналысады екен. Кәсібін дамыту үшін жеңілдікпен берілетін шағын несие ала алмай жүргеніне біраз болыпты. Азаматшаның бұл мәселесі бойынша мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер жайында түсінік берген қала әкімінің орынбасары кеңес берді.

Жалпы, бұл жолғы қоғамдық қабылдауға жазылған азаматтардың басым көпшілігі тұрғын үй кезегі, баласын мүгедектік топқа өткізу, мемлекеттен әлеуметтік төлемақы алу мәселесін қозғады. Тіпті, демеуші ретінде қаражат беруді сұрап келген жандар да болды. Қабылдау барысында бұл азаматтардың басым көпшілігінің өз құқықтарын немесе мәселені шешудің оңтайлы тәсілдерін білмейтіндіктері, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен үкіметтік бағдарламалардың игілігі жайлы хабарсыз екендіктері байқалды.

Қуаныш Жолымбет

Связанные новости

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

12.06.2026
В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

В Департаменте государственных доходов по области Абай продолжают разъяснять нормы налогового законодательства, касающиеся имущественных доходов физических лиц. Об этом сообщила...

Читать далее ...

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

12.06.2026
Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

В Семее вопросы обращения с твердыми бытовыми отходами остаются одними из наиболее актуальных. Об этом сообщили специалисты городского Управления санитарно-эпидемиологического...

Читать далее ...

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

11.06.2026
Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай поступила обращение гражданина К. касательно приобретённого дорогостоящего часа бренда Garmin...

Читать далее ...

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

11.06.2026
В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай  поступило обращение потребителя Ж. из города Алматы по вопросу ненадлежащего...

Читать далее ...

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

11.06.2026
Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

Горожане очистили набережную и территорию исторического объекта «Белый балкон», внося вклад в сохранение одной из главных природных достопримечательностей города. 10...

Читать далее ...

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

09.06.2026
Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

В области Абай к летнему сезону определены 16 официальных мест для купания, усилены меры безопасности на водоёмах и организовано круглосуточное...

Читать далее ...

Новости

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

6 часов назад

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

6 часов назад

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

19 часов назад

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

19 часов назад

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

20 часов назад

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

3 дня назад

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

3 дня назад

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

3 дня назад

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

4 дня назад

«Таза Қазақстан»: молодежь провела экологическую акцию в Астане

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС