Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

19.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Аптаның алғашқы жұмыс күні Семей қаласының әкімдігі мен қаладағы фармацевтер арасында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаның өсуін ұстау мәселелері жөніндегі ынтымақ-тастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға тіркелген тізімге маңызы бар 100-ден астам дәрі – дәрмек атаулары енгізілген және олардың бағалары өзгеріссіз қалады. Бұл тізім келісімге келген Семейдегі дәріханалардың барлығына ілінеді. Қабылданған құжатқа сәйкес, шаһардың фармацевтері жылдың соңына  дейін тұрғындарды дәрі – дәрмектермен үзіліссіз қамтамасыз етуге, бағаның өсуіне жол бермеуге міндеттеме алды. Жиында сөз алған Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова игі бастамаға қолдау білдіргендері үшін кәсіпкерлерге қала әкімі атынан алғысын білдірді.

— Сіздер әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға қолдау көрсетіп отырсыздар. Бұл — Елбасы тапсырмаларының бірі. Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үнемі айтып келеді. Семей қаласының кәсіпкерлері, әсіресе фармацевтика саласындағылар қолдау көрсетуге өз үлестерін қосуда,- деді қала әкімінің орынбасары.

Меморандум жылдың соңына дейін жалғасады. Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Ғалия Жуасбаеваның айтуынша, бағалары сақталатын дәрі-дәрмектердің тізіміне ағымдағы жылы 105 препарат кіріп отыр.

— Осы орайда бағаны көтермеу мақсатында ынтымақтаса жұмыс жасау үшін бүгінгі күні 14 дәріханамен келісімге келдік. Алдағы уақытта жұмыстар жалғасатын болады, — дейді Ғалия Жуасбаева.

Дәрі – дәрмек бағасының өсуін ұстау мақсатындағы ынтымақтастық туралы меморандумға отырғандардың бірі «Асфарм» ЖШС болды. Аталмыш дәріхана меңгерушісінің айтуынша, тұрғындарды  дәрі – дәрмектермен үзіліссіз қамтамасыз ету және дәрі бағаларының өсуіне жол бермеу бүгінгі күні аса маңызды.

— Бұл келісім аясында жұмыс істеп жатқанымызға он жылға жуықтады. Тізімде аса қажетті дәрілік препараттар болғандықтан келісімге келіп отырамыз. Бұл әсіресе осындай дағдарыс кезінде тұрғындарға өз септігін тигізбек. Тізімде, отандық өнімдермен қатар, шетелдік дәрі – дәрмектер де бар,- дейді «Асфарм» ЖШС дәріхана меңгерушісі Қарлығаш Мұсатаева.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС