Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АТАУЛЫ КҮНДЕРГЕ ӘЗІРЛІК ЖОҒАРЫ

19.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жыл семейліктер жадында ұзақ сақталатыны анық. Себебі 2015 жыл атаулы күндерге толы болды. Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ел Конституциясының 20 жылдығы, Абайдың 170 жылдығы құрметіне арналған мәдени шаралар қала өмірін мейлінше жарқын етті. Бұл игілікті үрдіс биыл да жалғасын таппақ. Себебі ағымдағы жылғы күнтізбеде де елдігімізді танытар іргелі мерекелер қатары мол. Атап айтсақ, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алашорда серкесі,  ұлт зиялысы Әлихан Бөкейхановтың ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін 150 жылдығы және танымал абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығы өзара жарасымды түрде үндестік тауып отыр.

Биылғы жылы семейліктерді күтіп тұрған сүбелі мәдени шаралар қатары жайында өткен аптаның соңында қаламыздағы ақпараттық орталықтағы баспасөз мәслихаты барысында айтылды. Аталмыш атаулы күндерге орай жүргізіліп жатқан тыңғылықты даярлық жұмыстарының барысы жайында қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова және әкімдіктің түрлі бөлімдерінің басшылары кеңінен түсінік берді.

Қала әкімінің орынбасары атап өткендей, биылғы жылғы шаралардың көш басында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тұр. Жас мемлекетіміз үшін елеулі кезең саналатын осынау аралықтағы жүріп өткен жолымызға көз жіберіп, сараптау үшін, оны ел болып атап өтудің маңыздылығы зор. Ал бұл бағытта Семей қаласында іргелі мерекелік шаралар өткізілетін болады. Қазіргі күні оған даярлық қызу қарқынмен жүргізілуде.

— 1991 жылдың 16 желтоқсанында ел Тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Міне, сол күннен бері тұп-тура 25 жыл уақыт өтті. Елбасы атап өткендей, ширек ғасыр ішінде біз есімі әлемге танылған, бәсекеге қабілетті, тұғырлы мемлекетке айналдық. Десек те бұл уақыт біз үшін ғасырға бергісіз. Себебі осынау аралықта біз, бүгінгі қазақстандықтар, егеменді еліміздің іргесін нықтау мақсатында жұмыла жұмыс жасадық. Байтақ Отанымыз әлемнің ең озық дамыған 50 елінің қатарына қосылды.

Бұл ретте «Қазақстан – 2030» даму Стратегиясын ойдағыдай жүзеге асырдық.  Ендігі межеміз — «Қазақстан – 2050» бағдарламасын мерзімінен бұрын толық орындап, әлемнің үздік отыздығының қатарына ену. Бұл орайда бізге Елбасының бес институционалдық реформаларын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру міндеті тұр,- деді өз кіріспе сөзінде Надежда Шарова.

Қала әкімінің орынбасары сонымен қатар ағымдағы жылғы атаулы шараларға даярлық барысының жан-жақты пысықталып жатқанын да тілге тиек ете кетті.

Бұл орайда қаламызда ел Тәуелсіздігі құрметіне арналған 160-тан астам іс-шара ұйымдастырылатын болады. Оның ішіне спорттық сайыстар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар, көрмелер, флешмобтар, концерттер мен түрлі акциялар және тағы басқа да мән-маңыздылығы жоғары шаралар өткізілмек. Тағы бір айта кетерлігі сол, бұл шаралардың барлығына да әсіресе өскелең жас буын қатыстырылмақ. Сол себепті де олардың тәрбиелік маңызы жоғары болады деп күтілуде.

Жалпы, ағымдағы жылғы атаулы күндерге байланысты мәдени шаралар қатары қаңтар айынан бастап ұйымдастырылып келеді. Соның ішінде, мәселен, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы мен Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған мерекелік басқосулар өткізілген болатын. Десек те мерекелі күндерге толы мамыр айы биыл ерекше леппен өткізілмек. Бұл орайда  мамыр айындағы тақырып «Бейбітшілік, келісім мен достық» деп аталыныпты. Оның аясында көп конфессиялы еліміздегі татулық ту етілмек. Ал мамырдағы мерекелік күндерді Сабантой мейрамы түйіндейді деп күтілуде.

Сол тәрізді жаздың алғашқы айында да қалалықтарға тың тартулар жасалатын болады. Атап айтсақ, Мемлекеттік рәміздер күні, патриоттар форумы, жас мемлекеттік қызметшілер байқауы, сол сияқты мотофестиваль және жастардың флешмобын өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар осы айда қала күнін атап өту де көзделуде. Қазіргі күні бұл шараны өткізуге байланысты  келісім және бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал ең ыстық мезгіл — шілде айында Астана күні тойланбақ. Оның шеңберінде ауылдық округтерде көшпелі көрме ұйымдастырылатын болады. Сол тәрізді тамыз бен қыркүйек айлары да жарқын сәттерге толы болмақ. Одан кейінгі қазан айында «Мәңгілік мұра» айдарымен бірқатар шаралар өткізу жоспарлануда. Бір бұл емес, шаһардағы қоғамдық шаралар қатарын сенбіліктер, көп қабатты тұрғын үйлер мен мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің салтанатты түрдегі пайдалануға берілу рәсімдері де толықтырмақ.

Ал желтоқсан айында аталып өтілетін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылдың ең жарқын мезеті болмақ. Бұл бағыттағы қолға алынатын шаралар қатары қазіргі күні пысықталу үстінде.

Осы тәріздес жоспарлар қатарымен таныстырып өткен Надежда Шарова тиісті мекемелер мен жауапты тұлғаларды межелі жұмыстарды нәтижелі өткізу үшін жауапкершіліктерін нығайтуға шақыратынын айтып өтті.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

30.04.2026
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с президентом по регионам Европы и Африки компании Air Products (США) Иво Болсом....

Читать далее ...

Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

30.04.2026
Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей в рамках реализации поручений Главы государства по развитию казахстанской фармацевтической и медицинской...

Читать далее ...

Молодежь области Абай присоединилась к обсуждению новой антикоррупционной политики страны

30.04.2026
Молодежь области Абай присоединилась к обсуждению новой антикоррупционной политики страны

Департамент Агентства РК по делам государственной службы по области Абай продолжает серию широких общественных обсуждений, направленных на формирование новой Концепции...

Читать далее ...

В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

29.04.2026
В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

В настоящее время наркобизнес и наркомания являются одной из актуальных проблем не только в нашей стране, но и во всём...

Читать далее ...

Как защитить ребёнка от религиозного давления?

29.04.2026
Как защитить ребёнка от религиозного давления?

Сегодня ребёнок получает воспитание не только в семье и школе, но и через интернет и социальные сети. Особенно большое количество...

Читать далее ...

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

27.04.2026
Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

В городе Харрогейт Великобритании состоялся престижный международный чемпионат по робототехнике UK First Lego League Championship, организованный Institution of Engineering and...

Читать далее ...

Новости

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

20 часов назад

Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

20 часов назад

Молодежь области Абай присоединилась к обсуждению новой антикоррупционной политики страны

20 часов назад

В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

2 дня назад

Как защитить ребёнка от религиозного давления?

2 дня назад

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

4 дня назад

Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

4 дня назад

В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

4 дня назад

Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

4 дня назад

Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС