Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖОЛДАУ АЯСЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ

28.01.2014
ЖОЛДАУ АЯСЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ
FacebookWhatsappTelegram

«Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы», деген еді Елбасы биылғы Жолдауында. Ал, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыратын Мәңгілік Еліміздің жастары екені белгілі. Осыған орай еліміздің әр аймағында жұдырықтай жұмылған жастар да жиындар өткізіп, Жолдауға қолдау көрсетуде. Өткен       бейсенбі күні Семей жастары да қала әкімі Айбек Кәрімовпен    кездесіп, қалалық Достық үйінің мәжіліс залында Жолдауды     талқылады.

 

Бұл басқосуға қаладағы бірқатар жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, мектептердің, атап айтқанда Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сыныптағы озат оқушылары және жас мамандар, сол сияқты қала маңындағы ауылдардың іскер жастары, жергілікті билік өкілдері қатысты. Қалалық Достық үйінің мәжіліс залында ине шаншар орын болмады. Қала басшысы сөзінің басында елдің болашағын ойлап, Жолдауға қолдау көрсетіп жатқан жастарға ризашылығын білдіріп өтті. Одан кейін Айбек Мүталапханұлы 1997 жылы «Қазақстан – 2030» Стратегиясы қабылданған кезде Аякөз ауданының әкімі болып қызмет атқарғанын, сол кездегі жоспарлардың бүгінгі таңда жүзеге асып жатқанын, содан бері аянбай еңбек етіп, халқымыздың өркениетті жағдайда өмір сүруі үшін үлес қосып жүргеніне өзін бақытты санайтынын жеткізді. Бүгінде,  Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміздің өркениетті елдермен терезесі теңескенін, енді алда 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсаты тұрғанын, оған бүгінгі жастардың үлкен күш жұмсауы керектігін айтқан қала басшысы “Мәңгілік Ел” идеологиясы туралы да айтып өтіп, жастарға бұл тақырып тұрғысында терең ойлану керек екендігін еске салып өтті.

— Жолдау — біздің қазақ ұлты үшін, қазақ мемлекеті үшін ең құнды құжаттардың, құнды бағдарламалардың бірі. Сондықтан, әсіресе, жастар, сіздер «халыққа, ұлтқа, жерге, елге қандай үлесімді қосамын» деп бүгіннен бастап ойлануларыңыз керек, — дей келе, — “Мәңгілік Ел” деген ол – ең бірінші, біздің тіліміз. Дүние жүзінде бір-ақ ұлт бар өз тілін анасының тілімен атайтын ел – қазақ қана. Сондықтан, біз ең бірінші, тілді ойлауымыз қажет, тілді шұбарламауымыз керек, тілді ту етіп ұстап, тілмен мақтануымыз керек. Екінші, ұлттың рухы. Ол — ұлттың салт-дәстүрі, ұлттың мәдениеті. Біз сіздермен қазақ ұлтымыз. Қазақ ұлты болғаннан кейін қазақтың салт-дәстүрін, қазақтың мәдениетін сақтауымыз керек. Басқа ұлттардың барлығын сыйлай отырып, біз өзіміздің тілімізді, өзіміздің мәде-  ниетімізді жаңғыртуымыз керек. Сонымен қатар, мәдениетімізбен мақтануымыз керек. Ал, қазір кеңістік деген өте үлкен. Сіздер де шетелді көрген боларсыздар. Шетелге барғанда біз олардың ең алдымен салтына, мәдениетіне және тіліне көңіл бөлеміз. Мысалы, Жапонияға барсаңыз, онда өздерінің ұлттық киімдерімен, сыпайылығымен, мәде-ниетімен ерекшеленіп тұрады. Еуропаға барсаңыз, немістер өздерінің уақытының өлшемімен ерекшеленеді. Ал, шетелдіктер Қазақстанға келгенде біз не көрсетеміз? Ең бірінші  соны ойлауымыз керек. Қазақтың ерекшелігі неде екенін ұғынуымыз керек. Сонда ғана біз өзіміздің ұлттық салт-дәстүрімізді сақтап қаламыз. Қазіргі уақытта ең үлкен жұмыстардың бірі – ол ұлттық идеология, ұлттық тарих. Сондықтан, Қазақстанның, Семейдің тарихын жақсы білуіміз керек. Мәңгілік Елге, Мәңгілік Ұлтқа ұмтылу үшін өзіңнің жеріңді, ұлтыңды, Елбасыңды сыйлауың қажет. Егер ойлы қазақ болса, ойлы жастар болса, онда біздің еліміз Мәңгілік болады, — деп Елбасы Жолдауынан алған әсерімен бөліскен Айбек Кәрімов қазақ елі көптеген ұлт өкілдерін сыртқа теппей, бір тудың астына біріктірген, құшағы кең халық екенін айтып, мұндай қасиеттен арылмаған жағдайда Мәңгілік Ел болатынымызды жеткізді.

 

{jcomments on}Сонымен қатар, қала әкімі ағылшын мен орыс тілдерін де сөзіне арқау етті.

 

— Орыс тілі – әлемдік тілдердің бірі. Қазақ елінің дамуына зор ықпалын ти-гізген тіл. Ал, ағылшын тілі – ғылымның тілі. Елбасы айтқандай, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіміз үшін, ағылшын тілін білу- міндет. Сондықтан, жастар, сіздерге айтарым, мемлекеттік тілмен қатар, орыс және ағылшын тілдерін де меңгерулеріңіз қажет, — деп атап өтті.

Жиынға қатысушы жастар да кезекпен сөз алып, Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдіріп отырды. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті технология факультеті деканының орынбасары, бірнеше ғылыми жобалардың, 50-ден аса ғылыми мақалалардың авторы, жас ғалым Жайық    Тоқтаров:

— Елбасы Жолдауында «Жаңа буын, жас қазақстандықтар, мен сіздерге сенемін. Сіздер болашақта біздің еліміздің жаңа бағытының қозғаушы күші болуға тиістісіздер» деп айтылған болатын. Жалпы, Елбасы айтқандай, еліміз алпауыт елдердің қатарына қосылу үшін, білім-ғылым саласының дамуы қажет екені айқын. Ендеше біздің университеті-мізде ғылым саласы ерекше қарқын алып келе жатқанын айтар едім. Университет ғалымдарының жетекшілігімен ШҚО-дағы ауылшаруашылығы бағытындағы ірі зауыттардың қалдықтарын қайта өңдеумен айналысамыз. Сонымен қатар, екі үлкен инновациялық патент алдық. Мұнымен тоқтап қалу ойымызда жоқ. Сондай-ақ, университет ғылыми тағылымдамалар өткізіп тұрады. Мысалы, өзім өткен жылы Испанияның Мадрид қаласынан ғылыми тағылымдамадан өтіп келдім. Егер Жолдауды жүзеге асыра отырып, университетіміздің ғылымы дамыса, қаламыз дамиды. Ал, қаламыз дамыса, еліміздің дамитыны сөзсіз, — деді өз сөзінде.

Сол сияқты жақында ғана әлемнің үздік математиктерінің қатарына қо-сылған Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Айнұр Мәшбиева да өз пікірін білдірді. Ол да болашақта еліміздің ғылым саласын дамытуға өз үлесін қосқысы келетінін жеткізді. Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің әлеуметтік қызметкері Гүлдана Ноқышева өз жұмысы жайлы айтып өтіп, қалада әлеуметтік көмекке зәру адамдардың көп екенін, Жолдауда айтылғандай, алдағы уақытта олардың зейнетақылары мен осы сала мамандарының жалақысының өсетініне ризашылығын білдірді. Ал, өз кезегінде сөз алған қаланың белсенді жастарының бірі, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті Мирас Малғаждаров Елбасы Жолдауынан алған әсерін айта келе, шетелдегі қазақстандық студенттер мен елдегі жастар бір-бірімен тығыз байланыста болуы үшін «eljastary.kz» интернет порталын ашпақ ниетте екенін айтты. Орайы келгенде айта кету керек, Мирас өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында грант ұтып алып, Оңтүстік  Корея мемлекетінен іс-тәжірибеден өтіп келген. Оның айтуынша, мұндай мүмкіндіктерді қала жастарының көбі біле бермейтін көрінеді. Одан кейін қала маңындағы Достық ауылының тұрғыны, жас кәсіпкер Жеңісбек Шақабаев сөз алды. Жеңісбек 2012 жылы қаңтар айында «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы бойынша 3 млн. теңге несие алған. Қазір мал шаруашылығымен айналысуда. Мемлекеттен субсидиялардың бөлініп тұратынын, алдағы уақытта кәсібін одан әрі кеңейтуді жоспарлап жүргенін айтты жас кәсіпкер. Сөз алған жастардың барлығы Президент тапсырмаларын мүлтіксіз орындайтындықтарын, алдағы уақытта Жолдаудағы бағыттар бойынша жұмыс  жасайтындықтарын жеткізді.

Жастар алдында сөзін жалғаған    Айбек Мүталапхан-ұлы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндап, Семейдің өзге қалалармен салыстырғанда экономика саласы жағынан көш ілгері екенін тілге тиек етті.  Сөз арасында қаладағы автобус шығару, машинақұрылыс салаларына инвестиция құйып отырғаны үшін даңқты палуан Дәулет Тұрлыхановтың атына алғысын да айтып өтті.

— «Мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн» деп Елбасы айтқан болатын. Сондықтан, ғылымды дамытуымыз керек. Жас ғалымдардың жүйелі жұмыс жасауы қуантарлық жағдай. Сондай-ақ, Елбасы «Мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе, шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ» деді. Ал, шағын және орта бизнеспен көбіне, жастар айналысады. Өйткені, олар мобильді әрі ақылды. Олар заманауи техникалардың тілін де жақсы біледі, — деген Айбек Кәрімов мал шаруашылығын «қора жұмысы ғана» деп қабылдамау керек екендігін, оның елге пайдасы мол іс екенін, мысалы, сиыр терілерінен әлемдегі бренд болып саналатын аяқ киімдер мен түрлі былғары жабдықтардың жасалатыны жайлы кеңінен айтты.

Сонымен қатар, қала әкімі Семейдің бұрынғы тарихынан да сыр шертіп өтті. Мысалы, өзінің жас кезінде қаладағы білім деңгейінің өте жоғары болғанын, ол кезде, әсіресе, тарих факультеті таңдаулы мамандықтардың бірі болғанын айтты. Пединститут пен зоовет институты жоғары сапалы мамандарды дайындағанын, ал, қаржы техникумынан Қазақстанның қаржы министрі де түлеп ұшқанын айта келіп, ол кездегі мәдениеттің де өте жоғары болғанын тілге тиек етті. Қалада небары 4-5 қана мейрамхана болса, ол мейрамханаларға джинсы шалбарымен кіруге тыйым салын-ған екен. Ал, аптасына немесе екі аптада бір рет міндетті түрде театрға бару ол кездегі жастар үшін дәстүр болғанын айтып, өзінің студент шағын бір сәтке еске алған Айбек Мүталапханұлы жастарды театрға үнемі барып тұруға    шақырды.

Сондай-ақ, қала басшысы ядролық сынақ туралы да айтты.

— Дүниежүзінде полигонды жапқан басшылардың бірден-бірі біздің Елбасымыз. Қазақстан өздігінен ядролық қарудан бас тартып, әлем елдеріне үлкен үлгі көрсетті. Өткен жылы осы мәселе бойынша Жапонияның Хиросима қаласында болған конференцияға қатыстым. Сонда қатысушылардың барлығы «Ядролық қаруды болдырмау туралы бүкіл әлемге үн тастап жүрген жалғыз адам» деп әлем елдері Президенттерінің ішінен тек қана бір-ақ адамды  айтты. Ол — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді. Елбасымыз әлеуметтік салаға бірқатар жағдайлар жасап отыр. Мысалы, алдағы уақытта осы сала мамандарының жалақысы өсетін болады, — дей келе полигонның зардабын шеккен, жалпы әлеуметтік көмекке зәру, мүмкіндігі шектеулі жандар жайына    ойысты. – Түрлі аурумен дүниеге келген мүмкіндігі шектеулі балаларды көріп, жүрегің ауырады. Алайда, оған полигонды ғана кінәлауға болмайды. Ата-ана ауруды өздері сұрап алмайды ғой. Дегенмен, баланың мүгедек болып туылуы ішкіліктің де кесірінен болады. Сондықтан, ертеңгі дені сау ұрпақ әкелу үшін ұлттың қамын бүгіннен бастап ойлану қажет. Жастар жүріс-тұрыстарын түзеу керек. Әсіресе, қыздар. Өйткені, ежелден қазақтың қыздарымен мақтанатын халықпыз. Егер қазақтың қыздары жүріс-тұрыстарын, киімдерін түзеп, өте жақсы тәрбиеде болса, содан соң олардың шаш өргендері, шаш қиыстары қазақтың жігіттерінің көзінен таса қалмайды. Жігіттер де әдепті, ибалы қызға қарайды, гүл ұсынғысы келеді. Қазақтың қыздарын аялауымыз керек. Бірақ, бүгінгі таңда қазақтың қыздары «қазақ қызы» деген атқа лайық па? Соны да ойлауымыз керек, — деп жиналған жастарға тәрбиелік маңызы бар, өнегелі сөздер айтқан Айбек Мүталапханұлы өзінің де 2 қыз өсіріп, олардан 4 немере сүйіп отырғандығын тілге тиек етті.

Ал, жиынды жүргізіп отырған қалалық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Мұхтар Баймағұловтың «Жастармен кездесуден қандай әсер алдыңыз?» деген сауалына қала басшысы:

— Өте жақсы әсер алдым. Жастардың ойлы екенін көріп отырмын. Шынымды айтсам, осыдан 3 жыл бұрын қала басшылығына келгенімде, жастармен алғашқы жүздесулер өткен кезде олардың сауалдарының басым бөлігі «КВН» туралы болатын. Ал, қазіргі әңгіме мүлдем басқа екенін байқадым. Сіздерге айтарым, арзан қолды дүниеге еліктемеңіздер. Қазақта «арзанның жілігі татымайды» деген сөз бар. Жеңіл өмірді аңсау ол ешқашанда мақсатқа жеткізбейді. Тәуелсіздігіміздің де жеңіл күреспен, оңайлықпен келмегенін білесіздер. Тәуелсіздік жолында талай адамның көзінің жасы, денесінің қаны там-ғаны тарихтан белгілі. Осы тәуелсіздікті ұстап қалу жастардың қолында, — деген қала басшысы жастарды ғаламтордағы өтірік идеологияларға сеніп қалмауға шақырды.

Сондай-ақ, жастармен жүздесу өткізген қалалық Достық үйінің мәжіліс залы өзіне ыстық көрінетінін жеткізді. Өзі де студент кезінде осы мәжіліс залында талай жиын өткізгенін, талай жаңалыққа куә болғанын айтты. Жастармен жүздесуден өзінің де жастық     шағын еске түсіргенін жасырмады қала басшысы. Алайда, жиынға қатысып отырғандардың басым бөлігі белсенді жастар екенін байқаған қала әкімі қазіргі уақытта Семейде 100 мыңға жуық жастардың бар екенін, ал олардың ішінде құрылыс саласында жүрген, жалпы қарапайым жұмысшы жастардың      назардан тыс қалып жататынын айтты. Жастар ұйымдарына алдағы уақытта сондай жастармен тығыз байланыс орнатуды тапсырды.

— Семейдегі жер үйлер 60 пайызды құрайды. Оның бәрін біртіндеп сәулетті ғимараттарға алмастыруымыз керек. Сонымен қатар, 20-25 мың адамға тұрғынүйлер салып беруіміз керек. Сондықтан, болашақта қаламызда мықты құрылысшылардың көп болғаны дұрыс. Ол үшін сол саладағы жастарды         халыққа таныту керек, — деп атап өтті  А.Кәрімов.

Жиынға қатысушыларға мықты денсаулық, барлық қадамдарына сәттілік тілеп, орнымен сауық кештеріне де барып тұруға кеңес берген қала басшысы жастармен үнемі жүздесіп тұруға      дайын екендігін айтып, жиынды қорытындылады.

Жиын соңында қалалық Жастар орталығы директорының міндетін атқарушы Қайсар Еркінбаев сөз алып, Айбек Мүталапханұлын алдағы өтетін шаралардың біріне шақырса, қалалық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Мұхтар Баймағұлов қала әкімінің айтқан барлық ұлғатты сөздерін көкейінде тоқып, тапсырмаларын орындауға уәде берді. «Мәңгілік Ел» төсбелгісінің алғашқы нұсқасын тағып берді. Бірнеше сағатқа созылған жиыннан жастар да үлкен рухани әсер ал-ғандықтарын айтып тасты.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

12.06.2026
В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

В Департаменте государственных доходов по области Абай продолжают разъяснять нормы налогового законодательства, касающиеся имущественных доходов физических лиц. Об этом сообщила...

Читать далее ...

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

12.06.2026
Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

В Семее вопросы обращения с твердыми бытовыми отходами остаются одними из наиболее актуальных. Об этом сообщили специалисты городского Управления санитарно-эпидемиологического...

Читать далее ...

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

11.06.2026
Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай поступила обращение гражданина К. касательно приобретённого дорогостоящего часа бренда Garmin...

Читать далее ...

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

11.06.2026
В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай  поступило обращение потребителя Ж. из города Алматы по вопросу ненадлежащего...

Читать далее ...

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

11.06.2026
Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

Горожане очистили набережную и территорию исторического объекта «Белый балкон», внося вклад в сохранение одной из главных природных достопримечательностей города. 10...

Читать далее ...

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

09.06.2026
Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

В области Абай к летнему сезону определены 16 официальных мест для купания, усилены меры безопасности на водоёмах и организовано круглосуточное...

Читать далее ...

Новости

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

6 часов назад

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

6 часов назад

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

19 часов назад

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

19 часов назад

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

20 часов назад

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

3 дня назад

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

3 дня назад

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

3 дня назад

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

4 дня назад

«Таза Қазақстан»: молодежь провела экологическую акцию в Астане

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС