Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АБАЙ ӘЛЕМІН АЙШЫҚТАҒАН БАЛТЕКЕҢ

22.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Апта сәрсенбісінде қаламыздағы Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада ұзақ жылдар бойы Республикалық «Абай» қорының президенті болған, Абай ауданы және Семей қаласының Құрметті азаматы, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Балтабек Ерсәлімұлының «Әлемнің Абайы. Қазақтың дана ойы»  және «Ұлы Абайдың жиені» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Балтабек Ерсәлімұлы — соңғы жиырма бес жылда, республикалық Абай қорының президенті ретінде, кемеңгер ойшылдың мұраларын насихаттау жолында өлшеусіз үлес қосқан ел ағасы. Аталмыш қордың қолдауымен оқырманға жол тартқан «Әлемнің Абайы. Қазақтың дана ойы» атты еңбекте, автор ұлы хакімнің даналығы мен даралығын әр қырынан таныта білген. Ал «Ұлы Абайдың жиені» туындысына қаламы қарымды журналист мерзімдік баспасөз беттерінде әр жылдарда қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген таңдаулы очерк, мақалалары мен өлеңдерін кіргізген екен. Халықаралық «Абай Құнанабев» ҚҚ-ның президенті Отантай Кәрібжановтың сөзінше, қос шығарма абайтану тақырыбын зерттеуде таптырмас көмекші құрал болмақ.

— Биыл республикалық Абай қорының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы аралықта ұлы кемеңгерімізге қатысты қаншама ауқымды істер атқарылды. Соның басы-қасынан үнемі Балтабек Ерсәлімұлы табылатын. 1918 жылы Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің тікелей бастамасымен «Абай» журналының негізі қаланған болатын. Алайда сол кезеңдегі солақай саясаттың салдарынан оның өміршеңдігі ұзаққа созылған жоқ. Дегенмен де 1992 жылы, араға 70 жыл салып, Республикалық «Абай» қорының ұйытқы болуымен аталмыш журнал «Алматы» баспасынан қайтадан жарық көрді. Оған Балтабек аға да өзінің сүбелі үлесін қоса білді. Өздеріңіз білетіндей, 1995 жылы Абайдың 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтілген еді. Сол ұлы тойдың қарсаңында белгілі қоғам қайраткері, абайтанушы, жерлесіміз Қайым Мұхамедхановтың мұрындық болуымен «Абайдың ақын шәкірттері» деген атпен төрт томдық еңбек шыққан болатын. Оның жарық көруіне де осы Балтабек аға атсалысты. Кейіннен бұл шығарманың мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғаны туралы бүкіл елге аян. Бүгін қаланың күллі зиялы қауымы ағаның кезекті шығармасының тұсаукесеріне жиналып отыр. Кітапта Балтабек ағаның әр жылдары түрлі салада еңбек еткені туралы баяндалады. Сондай-ақ басқа да қызықты деректерді кезіктіруге болады,- деп атап өтті Отантай Кәрібжанұлы.

Балтабек Ерсәлімұлының «Әлемнің Абайы. Қазақтың дана ойы» кітабы 250, ал «Ұлы Абайдың жиені» атты еңбегі 200 данамен басылып шығыпты.

Осынау шарада сөз алған «Семей таңы» газетінің бас редакторы Ерзат Жанатұлы шығарма авторына «Семей таңы – Вести Семей» ЖШС-нің директоры, облыстық мәслихат депутаты Риза Молдашеваның атынан құттықтау лебіз білдірді.

— Құрметті бүгінгі шара қонақтары! Кешегі Алаш арыстарының ізі қалған «Сарыарқадан» бастау алатын «Семей таңы» газетінің ардагері Балтабек Ерсәлімовтің қос кітабының тұсауы кесілмек. «Семей таңы» газетінің ұжымы әрқашан да өз ардагерлеріне құрметпен қарайды. Сізді осы еңбектеріңіздің жарыққа шығуымен «Семей таңы – Вести Семей» газеттері ұжымының атынан құттықтауға рұқсат етіңіз. Қаламыңыз мұқалмасын,- деген Ерзат Жанатұлы хакімнің жиеніне арнайы сыйлық тарту етті.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС