Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕКІ ЕЛ ДОСТЫҒЫНЫҢ ДӘНЕКЕРІ

22.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Бесқарағай ауданының тұрғын-дары өз өңірлерінде ұйымдастырылған айтулы шараның куәсі болды. Атап айтсақ, осы ауданға қарасты Қоянбай ауылында әз Наурыз мерекесі тойланды. Жыл басындағы думанды шаралар аясында Ресей Федерациясының көршілес Алтай өңіріне қарасты Михайлов ауданымен ынтымақтастық жөнінде мемо-рандумға қол қойылды.

Аталмыш мерекелік шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылыпты. Бұл күні Қоянбай ауылына таяу маңда 13 киіз үй тігіліп, алтыбақан мен спорттық сайыстарға арналған алаңдар құрылды. Түрлі ұлт өкілдері тұратын Бесқарағай ауданының халқы тайқазанды наурыз көжеге толтырып, қонақтарға дәм татқызды. Алтай өңірінен мәртебелі меймандар көп келіпті.

Аудан халқын шаттыққа бөлеген ауқымды мерекеде атымтай жомарт азаматтар «Туған жерге тағзым» акциясы аясында қайырымдылық шара өткізді.  Қоянбай орта мектебінде өлке тарихына арналған мұражай ашылды. Мұнда 100-ден астам жәдігер мен құжаттар қойылды. Мұғалімдердің айтуынша, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде мәдени мекеме жұмысының маңызы зор.

Айта кету керек, Бесқарағай ауданы мен Алтай өңірінің Михайлов ауданы арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік қарым-қатынастар жылдан-жылға нығайып келеді. Мереке аясында экономикалық және мәдени байланысты кеңейту мақсатында екі аудан басшылары өзара меморандумға қол қойды. Жаңа құжат әріптестікті одан әрі нығайтып, түрлі салада жаңа жетістіктерге бірлесіп қол жеткізуге ықпал етпек.

— Біз Бесқарағай ауданымен тығыз қырым-қатынас орнаттық. Әріптестік тек мәдениет саласында ғана емес, әрине. Жаңа меморандумға сәйкес, ауылшаруашылық дақылдарын өндірудегі технологиялық әдістер бойынша тәжірибе алмасу көзделген. Жазда біздің өңірде осыған қатысты ауқымды халықаралық семинар өтеді. Дәнді және майлы дақылдарды өсіруде диқандарымыздың бір-бірінен үйренері көп. Сонымен қатар туризм саласы бойынша да әріптестік орнатқымыз келеді, — дейді Алтай өлкесінің Михайлов ауданының басшысы Геннадий Юров.

Ауылдықтардың мерейін асырған осынау шара аясында тұрғындар қарағай көшеттерін отырғызды. Бұдан бөлек ауылға кіреберісте демеушілердің қаржыландыруымен арнайы стелла ашылды. Аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов айтып өткендей, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жылдан-жылға артып келе жатқан өңірде инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптасқан.

— Өздерінің бастамасымен игі іс ұйымдастырып жатқан шағын ғана Қоянбай ауылындағы осынау шара  басқа ауылдарда да жалғасын табады деп ойлаймын. Бұл істің өңірдің өркендеуі үшін берері мол деп білемін, — дейді аталмыш думанды шара жайында пікір білдірген аудан басшысы Нұржан Тлеужанұлы.

Мерекелік думанға Қоянбай ауылының барлық дерлік тұрғындары қатысты. Олар киіз үйлерді ұлттық нақышта безендіріп, мол дастарқан жайып, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардан түрлі көрістер көрсетті. Мереке ат спорты жарыстарына ұласты. Ауылдық округ командалары көкпар, теңге алу, аударыспақтан өзара мықтыларды анықтады. Сондай-ақ тай жарыс, жорға жарыс, топ бәйге мен аламан бәйге ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.

Самат СЕКЕНОВ,

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

Семей қаласы.

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС