Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

22.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Үржар ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин аудандық Мәдениет үйінде ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерімен, мал дәрігерлері және  бөлім басшыларымен, ауылшаруашылық мамандары және шаруа қожалықтар басшыларымен кездесті.

Жиынға Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин, аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Бақтыбай Баймұратов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Тәуіржан Шоманов, ШҚО «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы басшысы Кирилл Жүнісов, ШҚО «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы басшысы Рауан Уалканов, ШҚО ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ертай Батхолдин және ШҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейірхан Әшімхановтар қатысты.

Дүйсенғазы Мағауяұлы алдымен Үржар ауданына келген мақсаттары жөнінде айтып өтіп, жиында бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығы саласындағы жағ-дай, көктемгі дала жұмыстарын ойдағыдай жүргізу, сондай-ақ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы негізінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы жаңа бағыттар туралы мәселелер қаралатындығын жеткізді.

Алдымен Үржар ауданы әкімінің орынбасары Жарқынбек Байсабыров ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстар жайында хабарлама жасады.

— Егін егу науқаны бойынша: ауданда ағымдағы жылы егілетін барлық егістік көлемі өткен жылғыдай, яғни 183 901 гектар болады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта ауданда көктемгі егістік жұмыстары басталып кетті. Жерді ылғалдандыру, нөлдік технологияны қолдану жұмыстары жүргізіледі.  Көктемгі дала жұмыстарына дайындалған жаздық дәнді дақылдар тұқымы 7 311 тонна, бұл тұқым көлемі «Казагрэкс» тұқым зертханасында тексеруден өткізілді. Ауданда «Юбилейный» ЖШС, «Бақ-Тұр» ЖШС және «Некрасовка и К» шаруа қожалықтары жаздық бидай, күздік бидай, арпа, соя, күнбағыс және көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымын өндірумен айналысады. Жердің құнарлығын арттырып, жоғары өнім алу мақсатында ағымдағы жылы ауданға 2 038 тонна минералды тыңайтқыштар мен 4 754 литр көлемінде әртүрлі гербицидтер әкелінді. Көктемгі егістікке ауылшаруашылық техникаларының дайындығы — 98 %. Биыл көктемгі дала жұмыстарына 4 347 тонна дизель отыны қажет, соның ішінде облыстық ауылшаруашылық басқармасынан 2 860 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

Ауданымызда 12 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен отандық сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында 200 бастық 3 сүт-тауарлы ферма ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда Үржар мен Мақаншы ауылдарында екі сүт қабылдау орталығы жұмыс жасауда. 2015 жылы аудандағы шаруа қожалықтары мемлекеттен мал шаруашылығы бойынша 234 млн. 294 мың теңге субсидия алды. Биыл ауданымызда жылдық қуаттылығы 30 мың тонна болатын құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы жоспарлануда. Бүгінгі күні Қытай Халық Республикасының кәсіпкерлері бұл инвестициялық жобаға қызығушылық танытып, келіссөздер жүргізілуде. Инвестжобалар бойынша: облыс әкімінің тапсырмасына байланысты қазіргі уақытта 8628 гектар игерілмеген суармалы жерлер қайтарылып алынды.

«Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек»,- деп Елбасымыз айтқандай, еңбек майданында баршамыз бірігіп аудан экономикасын көтеруге еңбек етуге шақырамын,- деді сөз соңында Жарқынбек Борашұлы.

Сонымен қатар «Қазсушар» АҚ басшысы Еркін Ғабдульмулинов егін шаруашылығын дамыту мақсатында гидротехникалық нысандардың жағдайына тоқталып, «Егінсу» су қоймасы, «Келдімұрат», «Қусақ» су тарату тоғандарының желілік арналарына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары кідіріссіз жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Отырыс барысында Дүйсенғазы Мағауяұлы:

—  Республикалық бюджеттен  көктемгі егістік науқанына 60 млрд.теңге бөлінді. Сол қаражаттың 1 млрд. теңгеден астамы біздің облысымызға бөлінген. Осы тізімдер арасында үржарлықтар да болуы тиіс. Негізінде, несие алам деген адамға жол ашық, мал бордақылау алаңдарын көбейтіп, алдағы уақытта саннан сапаға көшіп жұмыс жасаңыздар. Бұдан былай жерді пайдаланушыларға үлкен талап қою қажет. Үкіметтің беріп отырған мүмкіндіктерін пайдалану үшін ұсақ шаруашылықтар бірігіп, іріленулері керек. Ауыл әкімдері мен ауыл шаруашылығы мамандары заңдағы өзгерістер мен жаңашылдықты халыққа жеткізуге тиіс,- деп атап өтті.

Сондай-ақ кеңесте қорытынды сөз алған Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин осыдан 15-20 күн бұрын көктемгі дала жұмыстары жөнінде барлық ауылдық округтерде жиналыс өткендігін айтты.

— Облыс тарапынан берілген тапсырмалар жүйелі түрде орындалуда, олардың ішінде сүт өндіру ісін дамыту, құс фабрикасын салу, ет бағытындағы малдарды бордақылау алаңдарын көбейту жұмыстарына мән берілуде,- деді Серік Зинабекұлы.

Аталмыш жиын барысында жоғарыда есімдері аталған облыстан келген басқарма  басшылары шаруа қожалықтары жетекшілеріне, сала мамандарына Үкімет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер мен қолдаулар жайлы кеңінен түсінік берді.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС