Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘСКЕРИ ӨНЕРГЕ МАШЫҚТАНУДА

26.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

ҚазИГЗУ-дің әскери кафедрасында, Жеңіс мерекесінің 71 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 24 жылдығына орай, әскери шеру болып өтті. Аталмыш шара Ашық есік күні түрінде өткізілгендіктен, негізінен, әскери қызметті меңгеруге ден қойған студент жастардың өмірі жайында мағлұмат беруге басымдық берілді. Сондықтан болар, бұл күні ұзын-сонар баяндамалар мен концертке емес, жастардың әскери өнерді қаншалықты меңгергендіктеріне назар аударылды.

Аталмыш шараны өткізуде әскери кафедра басшысы, полковник А.Б.Сақауовтан бастап оқу взводтарының кураторлары да белсенділік танытты. Ал әскери өнерге машықтанушы студенттер өнерін бағалау үшін «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы мен қалалық әкімдік, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының және қалалық қорғаныс істері басқармасының өкілдері жиналған екен. Сонымен қатар әскери шеруді арнайы тамашалау үшін әскери кафедрада оқуға ниет еткен университеттің өзге де жастары мол жиналды.

Студенттер даярлығы да жоғары деңгейде екен. Салтанатты әскери шеруге қатысушы жастар адымдау өнері түрінен өз біліктіліктерін байқата білді. Ал осыдан соң әрбір сарбаз меңгеруге тиіс әскери ұрыс қимылдарын орындауға кезек берілді. Атап айтсақ, осыған дейін студенттер АКМ автоматынан оқ жаудыру, электронды тир бойынша ПМ пистолетінен оқ ату бойынша өзара сайысқа түскен болатын. Сонымен қатар батылдық танытқандар сарбаздар спорттық снарядтар мен қол гранаталарын қалай пайдалану керектігін көрсетіп берген еді. Ал түстен кейінгі салтанатты жиын барысында әскери кафедра тәлім алушылары бір кісідей сапқа тізіліп, кафедра туын қарсы алды.

Ашық есік күнінің ашылу салтанатына университет ректоры, саяси ғылымдар докторы Шырын Құрманбаева арнайы келіп, тәлім алушы студенттер мен кафедра оқытушылары алдында ізгі лебіз білдірді. Мерекелік митинг барысында генерал-майор А.Мартынов, соғыс ардагері П.Коломин, Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ю.Осьмаковтар да жиналған қауым алдында пікір білдіріп, аталмыш кафедрада дәріс алушы жастарға арнап құттықтау тілек білдірді.

Осыдан соң бірден әскери шеру өткізілді. Запастағы полковник А.Тойкеновтің нұсқауымен әскери кафедрадан тәлім алған студенттер өз өнерлерін ортаға салды. Яғни алдымен саптық ән айту машықтарын көрсетті. Ал осыдан соң жастар оқу взводының кураторы И.Лагустың нұсқауымен қолма-қол ұрыстың 15 тәсілі бойынша жаттығуларды орындады. Студенттердің қимыл-әрекеттері кәсіби шеберлерден еш кем түскен жоқ. Тамашалаушы жұртшылық тәнті болғандарын жасырмады.

Осыдан кейін кафедра тәлім алушылары арнайы жабдықталған алаңда ерекше іс-қимыл үлгілерін көрсетті. Яғни отты шеңберден секіріп өтіп, түрлі кедергілерден қарғып, еңбектеп, жүгіріп өту сияқты қимыл-әрекеттер арқылы әскери өнерді қаншалықты дәрежеде меңгергендіктерін дәлелдей білді. Бұл шаралардың барлығы да олардың ұстаздарының, әскери сала мамандарының қадағалауымен ұйымдастырылған болатын.

Аталмыш шараны өткізудегі бір мақсат жастарға әскери-патриоттық тұрғыда тәрбие беру, бойларында жауынгерлік рух қалыптастыру һәм болашақ әскери өмірге бейімдеу болатын. Кафедра ұстаздары бұл мақсаттарға қол жеткізе алды деп білеміз. Себебі барлық қатысушы студенттер жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, талап үдесінен табыла білді.

Танымдық-тағылымдық тұрғыдан берері мол мұндай шаралар алдағы уақыттарда да өткізіліп тұратынын айтады пікір білдірген ұстаздар қауымы.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС