Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

26.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семейдің Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында ағымдағы жылдан бастап елімізде білім саласына енгізілген жаңашылдықтарды түсіндіру мақсатында арнайы кездесу өтті. Алқалы басқосуға Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко, мектеп директорлары мен ұстаздар, ата – аналар қауымы қатысты.

Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жаңашылдықтар, бастамалардың басты мақсаты аталмыш саланың әлемдік бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату әрі экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін адами капиталды дамыту болып табылады. Биыл еліміздің білім саласына арналып Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген еді. Бағдарламаға сәйкес, 2019 жылға дейін барлық сыныптар білім берудің жаңа сатысына кезең-кезеңмен өтеді. Ал 2019-2020 жылдары мектепалды даярлық топтары 12 жылдық мектептерде 1-ші сыныптардан бастап тәрбиеленетін болады деп көзделуде.

— Жуырда елімізде білім мен ғылымды дамытуға бағытталған 2016-2019 жылдарға арналған кешенді мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бұл құжат Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іс жүзінде орындауға мүмкіндік береді. Бүгінде ұстаздар мен оқушылардың алдына қойылған талаптар қатаң. Қазіргі нарықтық уақытта біз бәсекеге қабілетті, жоғары білімді әрі білікті мамандарды дайындауымыз қажет. Ол үшін қабылданған Заңды алға тарта отырып, барлығымыз бір кісідей жұмыс атқаруымыз керек,- деді қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова өз сөзінде.

Кездесу барысында Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген бірыңғай мектеп формасы жайлы мәселе де қызу талқыға түсті. Анықталғандай, мұндай шешімді қабылдау арқылы ҚР Білім және ғылым министрлігі ең алдымен әлеуметтік әрі мүліктік теңсіздікті жоюды мақсат етіп отыр екен. Дегенмен де киімді таңдау құқығы ата-аналардың таңдауына қалдырылады. Тек оның түсі мен үлгісі қоғамдық кеңес, білім беру мекемесі және ата-аналардың жалпы жиналысының шешімімен бекітіледі. Сонымен қоса қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко ата-аналар қауымына қолдағы бар мектеп формасын киюге рұқсат етілетінін жеткізді. Алайда қала әкімінің орынбасары Н.Шарова, білім беру мекемелерінің басшылары белгілі бір кәсіпкердің мүддесін қорғаса, аталмыш тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын қадап айтты.

— Білім беру ұжымы тек киімнің түсі мен оның үлгісіне қатысты өз ойын білдіруге құқылы. Ал мектеп формасын қай өндірушіден алса да тек ата-аналардың еркінде. Егер де білім беру мекемелерінің басшылары ата-аналарды қандай да бір кәсіпкердің тауарын сатып алуға үгіттегені туралы дәйекті ақпарат болса, қылмыстық іс қозғалады,- деді қала әкімінің орынбасары.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС