Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЕНБІЛІКТЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

26.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Түйемойнақ аралында сенбілік өткізілді. Бұл жолғы игі шараға «Жасыл ел» жастар жасағы ұйытқы болыпты. Игілікті іске сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының өкілдері, әкімдік қызметкерлері мен қалалық мәслихат депутаттары және танымал спорт-шылар қатысты.

Сенбілік өткізуге жиналғандар ең алдымен аралдың орталығындағы аумаққа санитарлық тазалық шараларын жүргізді. Төңіректі өткен жылдан қалған ағаш жапырақтары мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің бұталарынан арылтып, толығымен ретке келтірді. Сонымен қатар ағаштар шірінділерін қиып, жиналған қоқыс үйінділерін аумақтан шығарды. 

Бұл шараға, негізінен, колледж студенттері тартылған екен. Жасылелдіктер қатарын толықтырған жастар барынша белсенді қимылдады. Атап айтсақ, жастар таңертеңгі 9-ға шақырылғанымен, барша көпшілік таңертеңгі 8-де жиналып алып, сенбілік жұмыстарын жүргізуге қызу кірісіп кетіпті. «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының Шығыс Қазақстан облысындағы штабының жетекшісі Қуаныш Қасеновтің айтуынша, аталмыш шараға жалпы саны 200-ден астам студент жастар жиналыпты. Олардың арасында өз еріктерімен келгендері көп екен. Сонымен қатар дәл осы күні сенбілікке қатысушылар 200 түп қайың ағашының көшеттерін отырғызды.

— Ендігі аралықта бұл аумақ жайқалған баққа айналады деген үмітіміз бар. Негізінен, айналаға сән беретін ағаш ретінде қайыңға таңдау жасап, Өскемен қаласынан арнайы алдырдық. Өздеріңіз куә болғандай, жастарымыз үлкен ынтамен кірісуде. Ал осынау көшеттер отырғызылған аумақты қалалық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы бөлімі-нің қарамағына өткіземіз. Жаз бойғы күтіп-баптау жұмыстарын олар өз мойындарына алатын болды,- деді өз сөзінде пікір білдірген «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының облыстық штабының жетекшісі Қ.Қасенов.

Аталмыш шара барысында жергілікті атқарушы билік өкілдерін бастап келген қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова мұндай игілікті іске жұмыла кірісіп, көпшілік болып атсалысудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар әрбір қалалықты іргелі іске күш біріктіруге шақырды.

Сенбілік шарасы аясында қалалық мәслихат хатшысы Бесенбек Ақжалов бастаған халық қалаулылары да өз үлестерін қосып, арнайы аллеяға жас өскіндер отырғызды.

Жалпы, бұл күні аралда өткен сенбілікке қарапайым көпшілік те елеулі үлес қосқанын айта кету керек. Еріктілерден құралған топ шырша, қарағай көшеттерін әкеліп отырғызды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС