Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БЕРЕШЕКТІ ӨНДІРУДЕ ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ ҚАЖЕТ

26.04.2016
FacebookWhatsappTelegram

Сенбі, 23 сәуір күні қалалық әкімдікте облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен алқалы жиын өтті. Басқосуда қаралған басты тақырып «Теплокоммунэнерго» мекемесі алдындағы тұрғындар берешегін қайтару, тұтынылған жылу үшін борышкер саналатын заңды және жеке тұлғалармен жұмыс барысын ширату болды.

Жиынға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, әкімдіктің бөлім басшылары, коммуналдық мекеме жетекшілері мен құқық қорғау cаласының, қалалық прокуратура және мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері жиналды.

Басқосуды алғы сөзбен ашқан шаһар басшысы Ермак Бидахметұлы жылуға берешегі барлармен жұмыс жүргізу және алдағы жылу беру маусымына даярлық шаралары туралы, сондай-ақ облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы жайлы айтып өтіп, аталмыш мәселе өзекті екендігін алға тартты.

Айта кетейік, қазіргі таңда қаламыз бойынша тұтынылған жылуға берешекті өндіру үшін арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Бұл тарапта бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Аталмыш топ құрамында қалалық әкімдіктен 23, «Теплокоммунэнерго» МКК-нен 18 қызметкер бар. Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары да бекітілген. Жұмыс тобының атқарған шаралары жайында М.Нүгеров қысқаша ақпараттандырып өтті. Оның айтуынша,  борышкерлердің әрқайсысымен жеке жолығу арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті. Аталмыш мақсатта құрылған 7 топтың екеуі заңды тұлғалармен жұмыс істесе, өзге бес топ жеке тұрғындармен іс жүргізуде. Бұл ретте жұмыс тобы, мереке күндерімен қоса, демалыс күндері де қарыз иелерінің пәтерлері мен нысандарды аралауда. Сонымен қатар БАҚ арқылы ақпараттандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.

— Осындай шаралардың нәтижесінде біздің бұл бағыттағы жұмысымызда ілгерілеу бар. «Теплокоммунэнерго» мекемесі алдындағы берешекті өтеуде тұрғындар ынта таныта бастады. Әйтсе де қордаланған қарызды қайтарғандар саны әлі де болса көңіл көншітпейді. Мысал үшін, екі айдан артық көлемде тұтынылған жылу ақысын төлемеген 22 тұтынушының тізімін прокуратураға өткіздік. Қарыздың жалпы сомасы 43 млн. теңгені құрайды. Енді олармен заң аясында жұмыс жүргізетін боламыз,- деді М.Нүгеров.

Жұмыс тобының жетекшісі сонымен қатар қалалықтар арасында аталған мәселе бойынша БАҚ көмегі арқылы да жұмыс жүргізуді ширататындықтарын атап өтті. Мәселен, алдағы уақыттан бастап баспасөз беттерінде қарызы 100 мың теңгеден асатын тұрғындардың аты-жөндері жазылатын болады.

Алқалы жиында бұдан өзге де бірқатар мәселелер ортаға салынды. Атап айтсақ, қынжылтатын бір жайт,  жылу берушілер алдында қарызын өтеуге мүлде қауқарсыз тұрғындар да бар. Ал әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған мұндай жандармен жұмыс істеуде жаңа тәсілге көшу керек. Яғни олардың мәселесіне туыстарын, жақындарын тарту қажет. Сонымен қатар заң шеңберінен шықпайтын өзге де шараларды қарастырған жөн. Осылай деп пікір білдірген қала басшысы Ермак Бидахметұлы  пәтерлерінің есігін ашпайтын борышкерлермен  жұмыс жасауда жергілікті учаскелік полиция инспекторларының белсенділігін арттыру керектігін атап өтті. Қазіргі таңда борышкермен жұмыс жүргізу ісі кең көлемде көрініс тауып, қаламыздағы қызметкерлер саны мол мекемелерде жиналыстар өткізілуде.

Жиын соңында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аталмыш мәселеге, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты пікірін білдірді:

— Семей мен Өскемен қалаларының арасы небәрі 200 шақырым ғана болса да, екі қала тұрғындарының арасында жылу ақысын төлеу мәселесінде үлкен айырмашылық бар. Облыс орталығы тұрғындары коммуналдық ақыны төлеуде анағұрлым белсенді.  Аталмыш мақсатта жұмыс жүргізуде арнайы жоспар жасалынған, іс-қимыл алгоритмі бар. Ендігі аралықта тек оң нәтижелерге қол жеткізу ғана керек. Сіздерге айтарым — қаланың қай участогі бойынша мәселе күрделі саналса, сол аумақтағы жұмысты күшейту қажет,- деп атап өтті.

Нұрымбет Аманұлы сонымен қатар қарызды өндіру ісінде БАҚ-пен бірлесіп іс жүргізуді, арнайы айдарлар аясында ақпараттандыруды жандандыру керектігін айтты. Сондай-ақ тек жылу алдындағы берешекті ғана емес, «Семей — Водоканал» мекемесі алдындағы қарызды да өндіру ісін ұмытпауды тапсырды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС