Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ҰЛЫҚТАҒАН КҮН

05.05.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының Степной кентінде Тәуелсіз-діктің 25 жылдығына, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай, сондай-ақ Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы мен Қайым Мұхамедхановтың ғасыр тойына арналған және Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұлттық ат спорты түрлерінен қалалық жарыс өтті.

Жарысқа Семей өңірінің ат спортын меңгерген өрендері қатысып, спорттың тоғыз түрінен (тай жарыс, аударыспақ, құнан жарыс, теңге алу, жорға жарыс, қыз қуу, топ бәйге, қой көтеру, аламан бәйге) сайысқа түсті. Бұқаралық спортты дамыту және ұлттық спорттық өнерді жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараның салтанатты ашылуына Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов арнайы қатысып, дүбірлі додаға қатысушыларға өз құттықтауын жеткізді.

— Бүгін баршамыз бас қосып, дәстүрлі шарада кездесіп отырмыз. Айтулы сайыс Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы және Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуы  қарсаңында қолға алынып отыр. Биыл еліміз Жеңістің 71 жылдығын атап өтеді. Бұл айтулы мерекелер баршамызды береке-бірлікке, татулыққа үндейді. Баршаларыңызды алда келе жатқан мерекелермен шын жүректен құттықтаймын. Аттарыңыз бәйгелі болсын,- деген Ермак Бидахметұлы ат спорты түрлерінен қалалық жарыстарды дайындауға және өткізуге белсене қатысқан бірқатар азаматтарға ризашылығын білдіріп, қала әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Ат спорты түрлерінен өткізіліп отырған жарыстың негізгі мақсаты — ат спорты түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған ХХ Халықтық спорт ойындарына қатысуға ат спортынан командаларды іріктеу. Айта кетуіміз керек, мұндай ауқымды жарыстың өңірімізде өтпегеніне біраз жыл болыпты. Ал Қазақстан ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Семей қалалық филиалының директоры, жарыстың бас төрешісі   Нәдірбек Әпсәләмов Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің оң көзбен қарауының арқасында ұлттық ат спорты түрлерінен қалалық жарыс өткізуге көңіл бөліне бастағанын атап өтті.

— Халқымыз ежелден ат спортын жоғары орынға қойған. Бүгін, міне, мұндай ұлттық ойындарды ұлықтаған жарыс қала әкімінің бастамасымен іске асып отыр. Осы ретте қолдау танытқан Ермак Бидахметұлына ризашылығымызды білдіріп, алғысымызды айтамыз,- деді Н.Әпсәләмов.

Жарыстың көрігі, әрине, аламан. Аламан бәйгеде Семей қаласынан С.Ықласовтың сәйгүлігі І орынды, Павло-дар облысынан Р.Нығмановтың тұлпары ІІ орынды, Зайсан қаласынан Е.Төкеновтің сәйгүлігі ІІІ орынды иеленді. Жорға жарыста Бесқарағай ауданынан Т.Закуовтың жорғасы бірінші, Абай ауданынан келген Ә.Тілеуғалидың жорғасы екінші, катонқарағайлық М.Ахметовтің бәйге аты үшінші болып мәре сызығын кесті.

Айта кетуіміз керек, бағдарламаға сәйкес келген көпшілік үшін ұйымдастырылған қой көтеру жарысы да көпшілік назарын аудартпай қоймады. Бұл сайыста Шопан ата түлігін 105 рет көтерген Қанат Қасайынов жеңімпаз атанды. Барлық жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС