Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БОРЫШКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫ

17.05.2016
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінгі таңда Семей қаласындағы күн тақырыбынан түспей келе жатқан мәселелердің бірі тұтынылған жылу үшін қарыз болып тұр. Қазіргі күні бұл бағытта ілкімді жұмыстар атқарылуда. Алдағы жылу беру маусымы қарсаңында борышкер тұтынушылардан берешекті өндірудің істі алға жылжытуға қосары мол. Семей қаласында аталмыш тараптағы жұмыстар қазіргі күні қызу қарқын алды.

Өткен аптада Семей қаласы әкімдігінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтің төрағалығымен алдағы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланған штаб отырысы өтті. Алқалы жиында «Теплокоммуноэнерго» МКК-нің дебиторлық және кредиторлық қарызын төмендетуге байланысты атқарылып жатқан жұмыс барысы талқыланды. Д.Гариков штаб отырысын қайта жандандырып, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу керектігін жеткізді. Бүгінгі күні шаһарда жылуға берешегі бар тұрғындармен жұмыстардың әлсіз жүргізіліп жатқанын айтқан әкім орынбасары маусым айына дейін барлық қарыздардың қайтарылуы керектігін ескертті.

— Жылуға қарыз алдағы 1 маусымға дейін толықтай қайтарылуы керек. Санаулы ғана уақыт қалды. Сондықтан борышкерлер өз еріктерімен қарыздарын төлесе екен дейміз. Олай болмаған жағдайда, заң аясында қатаң жаза қолданылатын болады. Алдағы уақытта тұрғын үй инспекциясы арқылы пәтер иелері кооперативтерімен де жұмыс жүргіземіз. Бұл бағытта ішкі саясат бөлімі де жұмыстарын жандандырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қарызға батқан тұрғындарды күн сайын көрсетіп, олардың тізімін жариялау қажет,- деді Д.Гариков.

Бүгінде семейліктердің жылу тарататын «Теплокоммунэнерго» ұйымы алдындағы қарызы 1 млрд. 91 млн. теңгені құрап отыр. Оның 362 млн. теңгесі сәуір айының ағымдағы төлемдері, ал өткен жылғы қарыздар 16 млн. теңге екен. Айта кетуіміз керек, берешектің көп бөлігі, яғни 700 млн. теңгесі, өткен жылғы жылыту маусымындағы қарызды құрап отыр. Жылуға қарызы барлардың қатарында қарапайым тұрғындардан бастап ірі кәсіпорындар да бар. Ал қарызға белшеден батқан «Теплокоммунэнерго» өздері пайдаланған су мен электр жарығына берешегін қайтара алмауда. Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары коммуналдық қызмет алдындағы берешек облыс әкімінің бақылауында екенін, тұтынушылардың қарыздарын қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды БАҚ арқылы халыққа көрсету керектігін, осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Осы күні кешкісін арнайы топ қарызға батқан бірқатар борышкерлердің үйлерін аралап, пайдаланған қызмет түрінің ақысын төлеуді ескертті. Сондай-ақ қарызы қордаланып қалған тұрғындардың пәтерлерін жылу көзінен ажыратты. «Теплокоммунэнерго» МКК бөлім басшысы Гауһар Жетпісбаеваның айтуынша, алдағы уақытта жылуға қарызы барларға қатаң шаралар қолданылмақ. Өйткені жауапсыз тұтынушылар жылу маусымына кедергі келтіруі мүмкін. Семейде қарызы қордаланып қалған аудандардың бірі 905-ші ықшам ауданы. Мәселен, бір ғана Кәрменов, 76 мекенжайы тұрғындарының қарызы 2 млн. 700 мың теңгені құрайды. Сондықтан арнайы топ өз жұмысын осы жерден бастады. Аталмыш мекенжайда жылуға талай жыл төлем жасамағандар бар болып отыр. Соның салдарынан кейбірінің берешегі 200 мың теңгеге дейін жеткен.

Семей қаласына жылуға қатысты қарызды өтеуге байланысты жұмыстарды жүйелеу үшін келген облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков осынау арнайы іссапары аясында бірқатар жұмыстарға бастамашы болуда. Жалпы, қазіргі күнге дейінгі аралықта борышкерлермен тыңғылықты жұмыс жүргізіліп, бірқатар ілкімді шаралар іске асырылған. Қордаланған берешекті қайтару үшін арнайы жұмыс тобы бұл тарапта қызу еңбек етуде.

— Өткен жылғы мамыр айымен салыстырғанда қарыз аздау, дегенмен қордаланған қарызды қайтаруымыз керек. Ал «Теплокоммунэнерго» МКК энергетиктерге 615 млн. теңге көлемінде берешек, бұл жалпы қарыздың 59 пайызын құрап отыр. Мұның арты неге әкеліп соқтыратынын жақсы білесіздер. Электр жарығы ажыратылуы мүмкін. Бұл бір. Екіншіден, Еуразиялық даму банкінен несие алғалы отырмыз. Ал аталған банктің шарты бойынша, кредиторлық немесе дебиторлық қарыз болмауы керек. Егер 1 маусымға дейін берешек сәтімен жабылатын болса, «Теплокоммунэнерго» мекемесіне отын алуға көлемі 500 млн. теңге қаржы қарастырылатын болады. Сондықтан барлығымыз алдағы жылыту маусымын ойлауымыз керек. Өткен жылы айтылғандай, биыл республикадан ешқандай қаражат сұралмайды. Сол себепті барлығы өзімізге байланысты,- деп нақтылады өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары.

Қазіргі күні қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мекемесінің алдына қатаң тапсырма қойылған. Сонымен қатар барлық бөлім басшыларына жекелеген мекемелермен жұмыс істеу тәртібі бекітіліп берілген. Арнайы құрылған топ мүшелері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп қарқынды жұмыс жүргізуде. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да аталмыш бағытта жұмыс істеу механизмі көзделуде.

Облыс әкімінің орынбасары айтып өткендей, қомақты көлемде берешек абоненттер арасында шаһарымыздағы іргелі мекемелер де бар. Дәл осы күні «Теплокоммунэнерго» МКК мекемесінің қызметкерлері бірқатар нысандарды жылу беру көзінен ажыратты. Ендігі аралықта, олар өткен жылу маусымындағы қарыздарын толық қайтармайынша, ғимараттары жылуға қосылмайтын болады.

Асан МЫРЗАХАН, Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

Связанные новости

«Караван закона» в пути: жители Бородулихинского района встретились с правоохранителями

01.05.2026
«Караван закона» в пути: жители Бородулихинского района встретились с правоохранителями

Жители сразу нескольких населенных пунктов обсудили с правоохранителями и госслужащими инфраструктуру своих районов, их благоустройство. Особое внимание жителей стражи порядка...

Читать далее ...

В Казахстане запустят крупнейший в Центральной Азии завод по глубокой переработке кукурузы

01.05.2026
В Казахстане запустят крупнейший в Центральной Азии завод по глубокой переработке кукурузы

В Туркестанской области продолжается строительство завода «Казкрахмал». Предприятие стоимостью 35 млрд тенге станет первым в стране и крупнейшим в Центральной...

Читать далее ...

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

30.04.2026
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с президентом по регионам Европы и Африки компании Air Products (США) Иво Болсом....

Читать далее ...

Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

30.04.2026
Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей в рамках реализации поручений Главы государства по развитию казахстанской фармацевтической и медицинской...

Читать далее ...

Молодежь области Абай присоединилась к обсуждению новой антикоррупционной политики страны

30.04.2026
Молодежь области Абай присоединилась к обсуждению новой антикоррупционной политики страны

Департамент Агентства РК по делам государственной службы по области Абай продолжает серию широких общественных обсуждений, направленных на формирование новой Концепции...

Читать далее ...

В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

29.04.2026
В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

В настоящее время наркобизнес и наркомания являются одной из актуальных проблем не только в нашей стране, но и во всём...

Читать далее ...

Новости

«Караван закона» в пути: жители Бородулихинского района встретились с правоохранителями

11 часов назад

Глава государства принял президента Международной кинологической федерации Тамаша Яккеля

11 часов назад

В Казахстане запустят крупнейший в Центральной Азии завод по глубокой переработке кукурузы

11 часов назад

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

1 день назад

Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

1 день назад

Молодежь области Абай присоединилась к обсуждению новой антикоррупционной политики страны

1 день назад

В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

2 дня назад

Как защитить ребёнка от религиозного давления?

2 дня назад

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

4 дня назад

Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС