Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ХАНШАЙЫМ» САЛТАНАТ САРАЙЫ БОЙ КӨТЕРДІ

20.05.2016
FacebookWhatsappTelegram

Жуырда аудан орталығы Үржар ауылында ерекше жаңалық орын алды. Олай дейтініміз — көптен күттірген жаңа нысан- сәні келіскен «Ханшайым» салтанат сарайының ашылу рәсімі болып өтті.

«Атадан жақсы ұл туса, жеткізеді мұратқа» дейді халық нақылы. Саналы ғұмырын Үржардың болашағы үшін сарп еткен Зейнолла ақсақал мен Уазипа әжейдің перзенттерінің бірі, тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы болған Асылбековтер әулетінен шыққан Дулат Зейноллаұлы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Үржардың тарихында бұрын-соңды болмаған зәулім сарайды халық игілігіне тарту етті.

Осы салтанатты сарайдың ашылуына орай, аудан тұрғындары мен қонақтарының қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Серік Зайнулдин арнайы қатысты. Аудан тұрғындарын осынау әсем ғимараттың ашылуымен құттықтаған өңір басшысы өз сөзінде:

— Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша бизнесмендерді, сол өңірден шыққан елжанды азаматтарды елге тартып, инвестиция құйып, халықтың игілігіне өздерінің қаржыларын салуға тапсырмалар берген-ді. Бүгін, міне, соның нәтижесіне куә болып отырмыз. Дулат Зейноллаұлы өзінің туған елі, кіндік қаны тамған жері Үржар ауданына үлкен инвестиция тартып жатыр. Осынау азаматқа үржарлықтар атынан алғысымды айтамын. Бүгінде, өз кәсіптері Алматыда болса да, елі мен жеріне келіп, Алакөлдің жағасынан «Арасан-Алакөл» атты үлкен демалыс орнын салып, халыққа пайдалануға бергеніне де екі-үш жыл ғана уақыт болды. Сол жерді әлі де дамытып жатыр. Туған еліне деген сүйіспеншілігінің арқасында мынадай зәулім сарай салу да үлкен жетістік. Мұндай ғимарат тіпті біздің облысымызда жоқ. Үржар өңірінде осындай жоғары дәрежедегі салтанат сараййының ашылуы — үлкен жаңалық. Алдағы уақытта да ауданымызға келіп, кәсібін дамытамын деген азаматтарға әрдайым қолдау көрсетуге әзірміз. Салтанат сарайы иесіне құтты болсын айтып, кәсібіне жеміс тілеймін,– деді Серік Зинабекұлы.

Аудан әкімі «Ханшайым» салтанат сарайының иесі, кәсіпкер Дулат Асылбековке  өзінің құттықтау хаты мен сыйлығын табыс етті. Одан әрі Қасымсейіт Мақажанов ақсақал сөз алып, көпшілік алдында ақ батасын берді. Үржар аудандық өлкетану мұражайының директоры, ақын Серікбек Туғанов өзінің арнау өлеңін оқыса, Үржар ауылдық округінің әкімі Сайлауғазы Шарықпаев «Үлгілі мекеме» сертификатын табыс етті.

Лента қию рәсімі ауданның сыйлы ақсақалдары Нұрланбек Сандыбаев пен Қабдрашит Игенбаевқа және Қанағат Мұқанов пен Қасымсейіт Мақажановтарға берілді. Салтанатты рәсімнен соң жиналған қонақтар салтанат сарайын аралап көруге мүмкіндік алды.

З. НҰРЖАНҚЫЗЫ, Үржар ауданы.

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС