Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕГІМЕН ШЕШІЛЕДІ

24.05.2016
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінде Семей қаласы бойынша жеке сектордағы тұрғын үйлер саны артып, жаңадан көшелер мен тұтас мөлтек аудандар біртіндеп бой көтеруде. Осы себепті шаһардың шеткі аудандарынан жаңадан баспаналар салынып, қоныстанушылар қатары артуда. Әлбетте, жаңадан тұрғызылған аудандармен қатар қосымша мәселелер де туындайтыны белгілі.   Дегенмен  жергілікті атқарушы билік мұндай тұрмыстық проблемалар қатарын ретімен шешіп, халықтың әлеуметтік тұрғыда қамсыздандырылуын бір ізге түсіруде.

Әйтседе тұрғындар тарапынан түсіп жатқан өтініштер қатары да бар. Мәселен, жуырда қала әкімінің орынбасары Қайрат Ерембесов пен қалалық әкімдіктің бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері қаланың Шүлбі көшесінің жұртшылығымен кездесіп, талап-тілектеріне көңіл аударды. Нақтырақ айтсақ, Жоламан кентінен Суықбастау ауданына бағыт түзейтін  тас жолдың оң қанатында жаңадан тұрғызылған үйлер иелерінің айтары бар екен. Соның бірі — жарық мәселесі. Арнайы келісімшарт жасалынып, тиісті құжаттамалар әзірленбегендіктен, мұндағы көршілер электр қуатын бір-бірінен алып отыр. Аталмыш сауалға жауап берген  облыстық мәслихат депутаты Әсемхан Досқожанов бұл проблеманың алдағы тамыз айында толыққанды шешім табатынын жеткізіп, көпшілікті қуантып тастады. Ол үшін 37 млн. теңге бөлінген. Конкурс өтіп, жақын арада мердігер компания анықталмақ. Жоба даяр, қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа осы аумақтағы төрт көшенің бойы электрлендірілетін болады. Осы ретте тұрғындар келесі өтініші — күре жол мәселесін жеткізді. Анығын айтқанда, Суықбастау кентін қаламен жалғап тұрған тақтайдай тегіс жолмен көліктер жоғары жылдамдықпен зымырайды екен. Бұл көшені кесіп өтушілер үшін қауіпті. Сол себепті тұрғындар мұндағы жүретін көліктер жылдамдығын 40 шақырымнан асырмаса және осыны көрсететін жол белгісі қойылса деген өтінішін жеткізді. Аталмыш мәселені шешу қиынға түспейтінін жеткізген қала әкімінің орынбасары Қайрат Ерембесов тұрғындардың бұл өтініштерін орындауға уәде берді.

Тұрғындарды толғантқан тағы бір мәселе – ауыз су. Алматы-Семей трассасы маңына салынған үйлер тіршілік көзін бір шақырымдай жердегі колонкадан тасымалдап ішеді. Қалалық әкімдіктің бөлім басшылары бұл мәселені де қойын дәптеріне түртіп алды.

Сонымен қатар аталмыш аумақтағы үйілген қоқыс пен су ағатын жылғалар мәселесі де көтерілді. Жыл сайын көктем мезгілінде осы маңайдағы жекелеген тұрғын үйлер аулаларына еріген қар суы кіреді екен.

Облыстық мәслихат депутаты Әсемхан Досқожанов жұртшылық өтініштеріне жауап қайыра келе, қозғалған мәселелердің барлығы кезегімен шешімін табатынын жеткізді. Ең бірінші кезекте тамыз айында әр үйге электр желілері тартылатын болады. Осыдан соң ауыз суға байланысты арнайы жоба әзірлеу көзделмек. Сонымен қатар Жоламан мешітінің маңайы жарықтандырылып, кіреберіс жолға асфальт төсеу де көзделуде.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС