Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПҚАСАЙ БОЛУЫ КЕРЕК

24.05.2016
FacebookWhatsappTelegram

Жуырда қалалық әкімдіктің мәжіліс залында шаһардағы бірқатар кәсіпкерлердің басын қосқан жиын болып өтті. Қозғалған негізгі тақырып — жаз мезгіліндегі санитарлық-тазалық мәселелері және тұрғындарға сапалы қызмет көрсету. Басқосуға, негізінен, қаламыздағы қоғамдық тамақтану орындарының басшылары мен сауда орындары иелері жиналған болатын.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров сауда орындарындағы қоғамдық тәртіпті сақтауда мұқият болу керектігін ескерте келе, жаз маусымы басталысымен бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру қажеттігі жайлы айтып өтті. Әсіресе санитарлық-тазалық жүргізу мен эпидемиологиялық шаралар жайында кең көлемде түсінік берді.

Жалпы, жылдың осынау маусымы — түрлі жұқпалы аурулардың кеңінен етек алатын мезгілі. Мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу мақсатында кешенді шаралар жүргізу қажеттігі туындайды. Аталмыш тақырып бойынша жиналғандар алдында Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы басшысы Бағлан Шегедеков арнайы баяндама жасап өтті. Өз сөзінде қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік саудасымен айналысатын кәсіпкерлік нысандарының жазғы мезгілге даярлығы жөнінде ақпараттандырған Бағлан Салихұлы кәсіпкерлерге алда тұрған міндеттемелер мен тың тапсырмалар жайында да айтты.

— Қалалықтар үшін нағыз қарбалас кезең енді басталды. Миграциялық масса қаламыз бойынша санитарлық-тазалық жұмыстарында қырағы болуды қажет етеді. Бұл орайда бірқатар іс-шаралар жүргізуге шешім қабылдаған болатынбыз. Басты міндет — тамақтан ұшыну, улану, жұқпалы аурулардың таралуы сынды келеңсіздіктерге жол бермеу. Оның ішінде жазғы мезгілде жиі орын алатын ішектің инфекциялық аурулары мен салмонеллез сынды сырқаттардың жолын кесу үшін тазалық талаптарын қатаң қадағалау, тамақ өнімдерін өңдеу мен сақтаудағы тиісті ережелерді орындау қажеттігі туындайды,- деп атап өткен Бағлан Салихұлы бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Атап айтсақ, кейбір дәмханалар мен қоғамдық тамақтану орындарына, полуфабрикаттар даярлайтын цехтарға жүргізілген тексеру жұмыстары барысында көптеген келеңсіздіктер айқындалған. Оның ішінде аспаздардың жеке бас гигиенасының сақталмауы, санитарлық кітапшаларының болмауы сынды олқылықтар орын алған. Сонымен қатар азықтық өнімдерді сақтау талаптарының бұзылуы да көрініс беріпті. Мұнымен қоса кейбір мектеп асханаларын жалға алушы кәсіпкерлер ыдыс-аяқ жуу талаптарын сақтамаған. Дер кезінде анықталған бұл жайттар тексеру жүргізуші мамандар тарапынан қолданылған шаралар нәтижесінде қалпына келтірілген.

Бағлан Шегедеков әсіресе ет өнімдерін сақтауда ерекше мұқият болу қажеттігін ескертіп, аталмыш талап нормаларын бұзған жеке кәсіпкерлерді атап өтті. Олардың барлығына да қомақты көлемде айыппұл салынған. Басқарма басшысы айтып өткендей, тазалық сақтамағандар арасында қоғамдық қызмет көрсету мекемелері де бар екен. Мәселен, бір кәсіпкер бассейн жұмысына қатысты ескерту алған.

Ал келесі кезектегі сөз тізгінін қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров алды. Ол өз сөзінде ірі сауда орталықтары мен шағын дүкендердегі тазалық талабы мен қызмет көрсету сапасына тоқталып өтті. Атап айтсақ, көптеген сауда орындарында жұмыс уақыты мен тауарлар бағасы көрсетілмеген. Сонымен қатар ірі супермаркеттер сатушыларынан басқаларында қызметтік фартуктер мен формалар жоқ. Көпшілігі тіпті нан мен нан өнімдерін арнайы қолғапсыз ұстайды. Сондай-ақ жарамдылық мерзімі өткен тауарлардың да тұтынушыға ұсынылып жататыны бар. Мұның барлығы ережеге қайшы. Сонымен қатар дүкендерді аралау барысында өзге де келеңсіздіктер анықталған. Мәселен, ысталған балық қанттың жанында тұрады немесе жуғыш заттар мен ұнтақтар ораусыз кондитерлік өнімдермен бірге сақталады. Осы тәрізді келеңсіздіктерге жол бермеу кәсіпкерлердің басты назарында болуы тиіс. Мұнымен қатар, ҚР Үкіметінің 145-қаулысы бойынша, әрбір тауардың фактуралық есебі мен сертификаты болуы тиіс. Мұны дүкен қожайындары жақсы біледі, алайда орындай бермейді. Аталмыш мәселелерге кеңінен тоқталып өткен бөлім басшысы іскерлік мақсатта жұмыс жүргізуші кәсіпкерлерге өз қызметтеріне сергек қарап, үнемі талап үдесінен табылуы керектігін жеткізді.

Қ.ӘЛІМБЕК, Семей қаласы

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС