Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЕР ЗАҢНАМАСЫ: АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

24.05.2016
FacebookWhatsappTelegram

2016 жылғы 5 мамырда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде Жер кодексінің бірқатар нормаларына 2016 жылдың соңына дейін мораторий жарияланды. Сондай—ақ Президент аталмыш кодекске енгізілген өзгерістерді талқылау, қосымша ұсыныстар әзірлеу бойынша Үкіметтің жанынан комиссия құруды тапсырған болатын. Осынау шаралар аясында жер—жерлерде халыққа түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуді де міндеттеген еді.

Осы орайда өткен аптаның соңында Үржар ауданының Науалы ауылдық округінде аудан әкімі Серік Зайнулдин мен бөлім басшылары Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында жұртшылықпен арнайы кездесу өткізді. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, әкімдіктің бөлім басшылары, Науалы ауылының тұрғындары мен шаруашылық құрылымдарының жетекшілері қатысты.

Аудан әкімі Серік Зайнулдиннің төрағалығымен өткен жиында бірқатар мәселелер қаралды. Жер кодексіне енгізілген өзгерту мен толықтыруларды түсіндіру бағытындағы шаралар және аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары туралы Дариға Жаркенова есеп берді. Үржар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Дариға Борисқызы Жер кодексіндегі жекелеген нормаларға тоқталып, аудандағы ауылдық округтерге қарасты жер телімдерінің игерілуі жайлы және қожалықтардың атқарып жатқан жұмыстары туралы жан – жақты мәлімет берді.

— Өздеріңізге мәлім, 2015 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Бұл «100 нақты қадам»  Ұлт жоспары аясында қарастырылған. Ондағы бірінші өзгерісте Мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығына арналған жер телімдері Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына аукцион арқылы сатылып,  жекеменшік құқығымен ұсынылатындығы айтылған болатын. Еліміздің Жер кодексінің 24-ші және 48-ші баптарында айтылғандай, жердің бірде-бір сантиметрі шетелдіктерге сатылмайды. Жерді жекеменшікке алуға аукцион арқылы тек Қазақстан азаматтары ғана қатыса алады. Ал шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар үлесі 50 пайыздан асатын компаниялар қатыса алмайды. Жер телімі аукционға құнын арттыру тәсілі бойынша екі рет шығарылады. Екі аукцион қорытындысы бойынша ешкім алмайтын болса, сатылмаса, одан кейін жер құны 50 пайызға түсіріліп, төмендетіліп, Қазақстан азаматтарына сатылады. Ал екінші өзгеріс бойынша, жалға берілген жер телімдерін сатып алу кезінде, жеңілдетілген шарттар ұсынылады. ҚР Жер кодексінің 49-170-баптарына сәйкес, жерді 49 жылға жалға алған шаруа қожалықтары, егер де жекеменшікке сатып аламын десе, аудан әкімінің атына өтінішін білдіреді. Содан кейін 10 жылға 50 пайыз жеңілдікпен, шамасы келсе, қолма-қол алуына болады. Оның өзінде жердің құнарлылығын түсірмей, мақсатына сай пайдаланып, күтіп-баптаса ғана беріледі. Үшінші өзгеріс бойынша жалға берілген ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдаланудағы шектеулер алынып тасталады. Бұл ретте ҚР Жер кодексінің 37-ші және 79-шы баптарына өзгерістер енгізілді. Бұл алған жерлерімізді банкке кепілге қойып, несие алуға және иеліктен шығаруға мүмкіндік береді. Төртіншіден, жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін жеңілдету ісі қарастырылған. ҚР Жер кодексінің 97-бабына осындай өзгеріс енгізу қаралған болатын. Бұл дегеніміз әкімшілік кедергілерді алып тастау және шығындарды азайту арқылы аграрлық салада қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Жер кодексіне ауыл шаруашылығы жерлеріне шаруашылықпен байланысты нысандар салу кезінде және шаруашылық жүргізу формасы өзгерген кезде, жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін алып тастау нормасы енгізілді,- деп кеңінен түсіндіріп өтті Дариға Жаркенова. — Өздеріңіз ақпарат көздері арқылы білетіндеріңіздей, осыдан біраз бұрын Елбасы 2015 жылғы 2 қарашада қабылданған ҚР «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның кейбір нормаларына 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий жариялады. Сондықтан қазіргі таңда бұл заң күшіне әлі енген жоқ. Осы орайда Үржар ауданы бойынша Жер кодексі туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы ақпараттық-насихат тобы құрылып жұмыс істеуде. Өз тарапымыздан аудандық жер қатынастары бөлімінде күнделікті таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Туындаған сауалдар болса, есігіміз әрқашан ашық. Ал тұрғындар арасында алғашында Жер кодексіндегі өзгерістерді дұрыс түсінбей жүрген азаматтар түсіндірме жұмыстарынан кейін алғыстарын білдіріп, бұл заңның тиімділігі зор екенін айтып жатыр,- дейді аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

Сонымен қатар Дариға Жаркенова Науалы ауылдық округінде 4 ЖШС, 59 шаруа қожалығы жұмыс жасап жатқандығын айтып, 2015 жылы пайдаланылмаған жерлер мемлекет қорына қайтарылғанын жеткізді. Алдағы уақытта, егістік науқаны аяқталған соң, жер бөлімінің жұмыс тобы игерілмеген, пайдаланылмаған жерлер болса, ескерту жасап, шара қолданатынын да атап өтті.

Осыдан соң кезек тұрғындарға беріліп, сұрақ-жауап алмасуға ұласты. Жергілікті тұрғын Т.Тұрсымбаев: «Ауыл шаруашылығы жерлеріне құрылыс жүргізуге бола ма?»,- деп  көкейіндегі сауалын жолдады. Бұл сауалға жер қатынастары бөлімінің басшысы: «Ауыл шаруашылығына қатысы жоқ құрылыстар болса, рұқсат етілмейді, ал ауыл шаруашылығын дамыту үшін салынатын құрылыстарға рұқсат беріледі»,- деді.

Келесі болып  О.Уақытханов, Ш.Беделхан, Г.Жүсіповалар: «Ауыз судың ақысының бір текше метрі адам басына шаққанда 400 теңгеге дейін өсті. Бағаны өсірмей ұстап тұруға болмай ма?- деп уәж айтып, су берушілердің ауыз суды жиі тоқтатып отыратынын да сөз етті. Бұл сұраққа аудан басшысы Серік Зайнулдин: «Судың бағасын біз реттемейміз, бұл іс біздің құзырымызға жатпайды, облыстағы мекемелер белгілейді. Есептегіш құралын орнатыңыздар, ең тиімді жолы сол»,- деген жауап қайырды.

Қорытынды сөз алған аудан әкімі Серік Зайнулдин өз пікірін білдіріп өтті.

— Бүгінгі тыныштық, жайма-шуақ бейбіт заман — еліміздегі ынтымақ-бірліктің, Ұлт Көшбасшысының сарабдал саясатының нәтижесі. Қазір кейбір азаматтар Жер кодексін желеу етіп саяси ойын жүргізуге әрекет жасауда. Бұл орайда түсінбеушілік туындамауы тиіс. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның гүлденіп, халқының жағдайы жақсы болуы үшін, ұтымды шараларға бастамашы болуда. Ал жер мәселесіне келсек, сіздердің ауылдарыңыз бойынша 1799 гектар бос жатқан жер бар. Оның ішінде 120 гектар егістік, «Ғалия» участогінде 684 гектар шабындық жер бар. Алдағы уақытта конкурсқа ұсынылатын жерлер, аудандық комиссиямен қоса, әр ауылдағы аудан әкімінің қоғамдық көмекшілерінің нақтылауымен жүзеге ассын,- деген аудан басшысы Серік Зайнулдин науалылықтарға жылы лебізін білдіріп, ауыл тұрғындарын еліміздің ертеңі үшін бірлесе еңбек етуге шақырды.

Бауыржан ЖАҚЫП, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС