Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МӘСЕЛЕЛЕРДІ БІРГЕ ШЕШУДІҢ МҮМКІНДІГІ

27.05.2016
FacebookWhatsappTelegram

Өз қаласының көркі мен тазалығына, абаттандырылуына елеулі үлес қосқысы келетін әрбір семейлік үшін ендігі арада жаңа мүмкіндіктер туып отыр. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облыстық жастардың «Жастар салауатты өмір үшін» қоғамдық бірлестігінің өкілдері іргелі іске бастамашы болды. Бұл жайында қаламыздағы ақпараттық орталықта өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілді.

Қазіргі күні әрбір шаһар тұрғыны өз көшесіндегі немесе қала ішіндегі орын алған келеңсіздікке куә бола қалса, қандай тиісті шараға көшу керектігі жайында біле бермеуі мүмкін. Мәселен, су шайған асфальт, беті ашық қалған, жүргіншілерге қауіп туғызатын құдық сынды жайттар туралы құзырлы мекемелерге хабарлауда түрлі кедергілерге жолығып жатады. Ал семейлік жастар осынау олқылықтың орнын толтыруды көздепті. Жуырда бастамашыл топ жаңа жоба аясында дүниеге келген qeohund.kz атты жаңа электронды порталдың тұсауын кесті. Яғни, енді әрбір семейлік өзі куә болған келеңсіз көріністі суретке түсіріп немесе бейнежазба түрінде аталмыш сайтқа сала алады. Ол үшін порталға тіркеліп, тиісті нұсқаулықтарды орындаса жетіп жатыр. Ал сайтқа тіркелген жайтты әкімші заңгер арнайы сараптан өткізген соң құзырлы мекемеге сұрау салады. Осылайша, көшенің немесе тұтас мөлтек ауданның мәселесін шешуге мүмкіндік бар. Креативті идея авторларының айтуынша, аталмыш сайттың ашылғанына 8 ай уақыт өткен екен. Осынау аралықта порталға 67 бейнетүсірілім тіркеліп, ол турасында тиісті мекемелерге ұсынысхат жіберіліп, жартысынан көбі шешімін тауыпты.

Кеңірек тоқтала кетсек, аталмыш сайттың функциялық ауқымы кең. Мәселен, тіркелген бейнежазба немесе оқырман қалдырған мәтіндік хабарлама туралы форумдық талқылау жасауға, пікір қалдыруға болады. Бір есептен алғанда, аталмыш жоба әлеуметтік желінің де рөлін атқара алады.

Жаңа сайт тұсаукесерінде пікір білдірген қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова бұл жобаның берер мүмкіндігі көп екендігін алға тартты.

— Бұл жүзеге асып отырған «qeohund.kz»  интернет-ресурсы — қаламыздағы кейбір мәселелерді бірлесіп шешуде таптырмас жоба. Осы арқылы шаһар тұрғындары өз азаматтық ұстанымдарын қалыптастырып, қала өмірінің, қазіргі қалыптасқан қоғамдық қатынастардың салауатты негізде өріс алуына ықпал ете алады,- деді Н.Васильевна.

Тың жобаның қолдаушысы «Сорос-Қазақстан» қоры болып табылады. Мақсат әуел баста көзделгендей – айқын. Қазіргі күні бастамашыл топ мүшелері межеге қол жеткізді. Жалпы, Интернетке кіруге мүмкіндігіңіз болса, кез келген жерден-ақ сайтқа тіркелуге арналған қарапайым рәсімнен өтіп, электронды порталдың белсенді қолданушысына айналуыңызға болады. Ал өз аулаңыздағы немесе көшеңіздегі фотосуретке түсіріп алған көріністі «Мәселені қосқым келеді» сілтемесін басу арқылы тіркей аласыз. Қазіргі күннің өзінде аталмыш сайтта қаламыздың әр көшесінен түсірілген суреттер тұр. Басым көпшілігі ой-шұқыры көп қала шетіндегі жолдар екен. Сондай-ақ қоқыс басқан аулалар туралы да қалдырылған жазбалар бар.

Идея жетекшілерінің бірі Ерсін Құдияров әрбір семейлік жасқа аталмыш сайтқа тіркеліп, қаламыздың көрікті де талапқа сай болуы үшін азаматтық белсенділік көрсетіп, жергілікті өзін-өзі басқару ісіне араласуға, үлес қосуға шақырды. Сонымен қатар сайттың fasebook, vk.com, instagram әлеуметтік желілерінде де арнайы парақшалары ашылған.

Қорыта айтқанда, қаламыздағы әлеуметтік мәселелердің шешім табуы жолында тағы бір тың қадам жасалды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС