Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ЖАС ҚАНАТТА» ЖАС ТАЛАНТТЫҢ БАҒЫ ЖАНДЫ

27.05.2016
FacebookWhatsappTelegram

Мамыр айының 20-22 күндері Астана қаласында «Жас қанат — 2016» жас орындаушылардың  республикалық байқауы өтті. Биыл 25-ші мәрте ұйымдастырылған өнер додасы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналыпты. Еліміздің әр өңірінен келген 14 жас талант сынға түскен өнер бәйгесінде семейлік жас дарын Парасат Отанның бағы жанып, байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Жеңімпазды жерлестері құрметпен қарсы алып, 25 мамыр күні арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты ел ішіндегі өнерге қабілеті бар жас дарындарды анықтап, олардың шығармашылықпен айналысуына қолдау көрсету болып табылды. Айтулы сайыс, негізінен, үш кезеңнен тұрады. Бірінші айналымда Парасат халық әні «Жорға тайды» орындапты, әділ қазылар алқасы құрамында болған белгілі музыка зерттеушісі Юрий Аравин оны жоғары бағалаған екен. Ал екінші айналымда жерлесіміз әнсүйер қауымға испан тіліндегі «Махаббат тарихы» әнін ұсыныпты. Бұл ән де танымал эстрада жұлдыздары Нұрлан Абдуллин, Медеу Арынбаев және Жанар Дұғалова сынды өнер майталмандарының көңілдерінен шыққан екен. Ал шешуші ақтық мәреде жас әнші «Жорға тай» композициясын тағы бір мәрте орындап, сонымен қатар Италия елінің әнін классикалық мәнерде шырқап, халықтың зор қошеметіне бөленіпті.

— Мұның алдында осы «Жас қанат» байқауының облыстық іріктеу кезеңі Өскемен қаласында өткен еді. Сол жерде өнерімді көрсетіп, нәтижесінде ақтық сынға жолдама ұтып алған едім. Астанадағы шешуші кезең маған оңайға түскен жоқ. Себебі еліміздің әр өңірінен келген менен еш осал емес қатысушылар болды. Олардың да еңбегін атап өткен жөн. Әділ қазылар бір ауыздан жеңімпаз болуға мені лайық деп таныған сәтте, төбем көкке жеткендей болды. Классикалық мәнерде айтқан әнімді әйгілі опера әншісі, еліміздің мақтанышы Нұржамал Үсенбаева жақсы бағалап, қатты әсер алғанын жеткізді. Әлі де өз жеңісіме сенбей тұрмын десем де болады. Осылай күллі Шығыс Қазақстан облысының абыройын бәсі мықты өнер аламанында қорғағаныма қуаныштымын. Бұл ретте маған қолдау көрсеткен ШҚО әкімдігіне, оның ішінде Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына зор алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ өзім қызмет ететін облыстық Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының ұжымына, оның басшысы Адай Азаматовқа ризашылығымды білдіремін. Әрине, жеңіске жеттім деп тоқтап қалатын ойым жоқ. Керісінше, енді шығармашылығымды шыңдауға күшімді жұмсайтын боламын. Алдағы уақытта эстрадалық жанр арқылы, қазақтың халық әндерімен қатар, өз жеке туындыларымды да кеңірек насихаттауды көздеп отырмын. Барлық жерлестеріме тағы бір рет алғысымды жеткіземін,- деген жылы пікірімен бөлісті «Жас қанат» байқауының жеңімпазы.

Баспасөз мәслихатында сөз алған облыстық Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының әншісі Қадылбек Омаров жас таланттың болашағы зор екенін айта келе, филармонияның атынан жеңімпазға 40 мың теңге көлеміндегі сертификатты табыс етті.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС