Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КҮМІС ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ

27.05.2016
FacebookWhatsappTelegram

Жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай биылғы жылы да мамыр айының 25-і күні қаламыздағы барлық мектептерде соңғы қоңырау үні сыңғырлады. Шаһардағы барлық білім беру ордаларында мектеп оқушылары сап түзеп, ұстаздар қауымы жыл қорытындысын жасап, ал түлектер алтын ұяларымен қоштасты. Бұл игілікті шара Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде де салтанатты түрде орын алды.

Айта кету керек, білім айдынында желкенін керген аталмыш мектепте биыл алтыншы мәрте күміс қоңырау үні сыңғырлады. Бұл күн, мұғалімдермен қатар, мектеп бітіруші түлектер үшін де ерекше маңызды екені анық. Аталмыш салтанатты шарада мектептен түлеп ұшушы жас өрендерге ерекше қошемет көрсетілді. Оның себебі де бар: Тұңғыш Президент атындағы білім ордасын тамамдаған ұл-қыздар әлемнің әр түкпіріне жол тартып, жоғары оқу орындарына түсуде, сөйтіп, елімізге білікті маман, керекті кәсіп иесі болып оралуда. Мұндай ізгі үміт биылғы түлектерден де күтілетінін мектеп директоры Бағдан Қайыржанов өзінің жүрекжарды құттықтау лебізінде айтып өтті.

Жалпы, аталмыш білім ордасындағы 2015-2016 оқу жылы да жоғары жетістікпен аяқталыпты. Мәселен, оқытушылық құрам инновациялық игіліктерді игере отырып, білім берудің жаңа технологиясын оқу процесіне сәтті енгізген. Сонымен қатар шәкірттер түрлі деңгейдегі байқаулар мен білім сайыстарында биіктен табылыпты. Нақтырақ айтсақ, халықаралық интернет арқылы өтетін олимпиадада ең үздік команда атанған. Бір бұл емес, 11 мен 12 сыныптарды қоспағанда, 72 оқу озаты шығыпты.  «Алтын белгіге» бір,  ал үздік аттестатқа 4 оқушы үміткер  екен. Мектеп бітіруші түлектердің 75 пайызы көктемгі емтиханды ойдағыдай тапсырыпты. Яғни, түлектер Назарбаев университетіне түсе алады.  Сонымен қоса биылғы оқу жылында 26 грант иегері анықталған. Оның ішінде қазіргі күннің өзінде әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарының студенті атанғандар бар. Атап айтсақ, Карина Бибатырова Гонкгонг университетінің студенті болса, Самал Дәуітбаева Оңтүстік Кореяның Юн Сэй халықаралық университетінің студенті саналады.

Мектеп мүдірі Бағдан Тоқтамысұлы сонымен қатар халықаралық және республикалық олимпиада жүлдегерлеріне де тоқталып өтіп, өз құттықтауын жеткізді. Олардың арасында нағыз дарын иелері көп екен. Осылайша, мектеп мерейіне тоқталған білім ордасының басшысы өткен оқу жылының түлектері бағындырған биіктерді де мақтанышпен айтып өтті. Атап айтсақ, білім ордасының екі түлегі әлемнің ең жоғары оқу орны саналатын Нью-Йорк университетінің студенттері атаныпты. Осыдан соң, әдеттегідей, оқу озаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсіміне кезек берілді. Мектеп директоры арнайы грамоталар табыс етіп, барлығына да оқуда табыс, жеке өмірлерінде жоғары жетістіктер тіледі. Соңғы қоңырау салтанаты ән мен бимен өріліп, ата-аналар қауымының, ұстаздардың ақжарма ақ тілектерімен көмкерілді. Бұл күн әсіресе аталмыш білім ордасы түлектерінің жадында мәңгілікке сақталатыны анық.

Сөз орайында айта кеткен жөн. Ағымдағы оқу жылын Семей өңірі бойынша 1539 түлек тамамдап отыр. Мектеп партасымен қоштасқандар арасында 15-і үздік аттестатқа үміткер болса, 37-і «Алтын белгіден» дәмелі. Қалалық білім бөлімі берген мәліметке сүйенсек, ҰБТ сынағын тапсыруға түлектердің 63 пайызы өтініш білдіріпті. Яғни 970 түлек айтулы мәреде бақ сынамақ. Сонымен қатар, қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко айтып өткендей, 26 мамыр, яғни аптаның бейсенбісі күнінен бастап мектеп жанындағы жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды. Бұл орайда биылғы жылы зор жетістік бар. Себебі барлық мектеп оқушыларының 94 пайызын белсенді жазғы демалыспен қамтудың мүмкіндігі туыпты.

— Әрбір жеткіншек жазғы маусымда өз уақыттарын мейлінше тиімді өткізулері тиіс. Бұл орайда лагерьлердегі тәрбие жұмыстарының берері мол. Биылғы жылы мектеп жанындағы демалыс лагерьлерінде көптілділік мәселесін енгізуді жоспарладық. Сонымен қатар жазғы мезгілдегі балалармен жұмыс кезінде оларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу ісіне де жете мән берілетін болады. Оның ішінде оқушыларды әскери-спорттық шараларға қатыстыру ісі көзделуде. Бұдан өзге де баланың тұлғалық қасиеттерінің дамуы үшін іс-шаралар жүргізілетін болады,- дейді өз пікірінде қалалық білім бөлімінің басшысы.

Жылдағы дәстүрге сай биыл-ғы жылы да қаламыздағы «Жас қанат» және «Жас жұлдыз» орта-лықтарында тағылымды шаралар ұйымдастырылатын болады. Мұнымен қоса Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы мен «Отан» экологиялық лагері балаларға ар-налған биологиялық орталықпен әріптестік қатынас орнатпақ. Бұдан өзге Астана қаласының көрнекті орындарына экскурсиялық саяхат жасалады. Ал ынта білдірген оқушылар облыс орталығы Өскемен қаласындағы этноауылда серуендеп, мәдени құндылықтармен танысу мүмкіндігіне ие. Әлбетте, бұдан өзге Абайдың туған мекені Жидебайдағы қорық-мұражайға да сапарлар ұйымдастырылмақ.

Балдырғандардың ойдағыдай тыны-ғып, денсаулықтарын сауықтыруға, мектеп жанындағы лагерьлерден бөлек, қала сыртындағы лагерьлерде де іс-шаралар өткізіледі. Атап айтсақ, «Түріксібке 50 жыл», «Жас қанат», «Радуга» сынды демалыс орталықтарында уақытты тиімді өткізуге қолайлы жағдайлар жасалған. Оған берілетін бір реттік жолдама құны 22 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ қаламыздағы 460 аз қамтылған отбасылардың балалары бюджет есебінен тегін демала алады. Бұлардан басқа облыс көлеміндегі іргелі демалыс орындарына баруға да облыстық білім департаменті ұсыныс жасауда. Мәселен, тілек білдірген балалар Алакөл, Зайсан көлдері жағалауында демалысын өткізе алады. Сонымен қатар Матросов және Таулы Үлбі экологиялық лагерьлерінде де жаз қызығын өткізуге мүмкіндік бар. Бір айта кетерлігі, бұл демалыс орындарына берілетін жолдама құны 14 мың теңгеден басталады екен.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС