Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Тарбағатай ТАБЫСТЫ ТАСҚЫНДАТҚАН ТАРБАҒАТАЙ

31.01.2014
Тарбағатай ТАБЫСТЫ ТАСҚЫНДАТҚАН ТАРБАҒАТАЙ
FacebookWhatsappTelegram

Ел игілігі үшін қызмет етуді басты парызым деп түсініп, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналығын берік ұстанған Барқытбел баурайының жұртшылығы әлеуметтік-экономикалық дамуды мақсат еткен мемлекеттік бағдарламаларды орындауда айтулы табыстарға қол жеткізіп келеді. Жетістіктердің дәлелі ретінде өткен жылдың қорытындысы бойынша Тарбағатай ауданы облыстағы алдыңғы қатарлы дамыған бес ауданның қатарынан табылғанын айтса да жеткілікті.

Қаңтар айының 28 күні Шығыс Қазақстан облысының Ақпараттық орталығында аудан әкімі Ділдабек Оразбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіп, табыстар биігін бағындырудың қалай мүмкін болғанын егжей-тегжейлі баяндап берді.

Журналистерге де қажеті осындай тұщымды әңгіме еді. Тарбағатай ауданының облыс орталығынан шал-ғайда орналасқан аграрлы аудан екенін, тек ауыл шаруашылығы саласы ғана емес, мұнда басқа да салалардың қазіргі таңда тұрақты дамып, өндірілген өнімнің көлемі жыл өткен сайын өсіп отырғанынан бұрыннан хабардар БАҚ өкілдері аудан басшысының сөзін зейін қоя тыңдады.

 

{jcomments on}Ауданда ауыл шаруашылығымен 1481 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив, 8185 үй шаруашылығы айналысады. Олардың өткен жылы өндірген жалпы өнімінің көлемі, оның алдындағы жылдың тиісті кезе-ңімен салыстырғанда 144,5 пайызға өсіп, 21 млрд. 183  млн. теңгені құрады. Ауданда бір жылда 20 мың 8 жүз тонна ет, 64,0 мың  тонна сүт және 3,2 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2012 жылмен салыстырғанда ет өндіру  1,5 пайыз, сүт өндіру 4,9 пайыз  өсіммен орындалды. Мал тұқымын  асылдандыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда аудандағы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны 2011 жылмен салыстырғанда 3 есеге өсіп, 19-ға жеткізілді.  Оның ішінде ірі қара өсірумен 5, қой өсірумен 9, жылқы өсірумен 5 шаруашылық айналысады. Оларда 1432 бас ірі қара, 26902 бас қой, 1165 бас асыл тұқымды жылқы өсірілуде. Ауданда 25 мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп, 2013 жылы осы бордақылау алаңдарында күтімге қойылған малдан сатылған ет көлемі 699 тоннаны құрады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 274,8 млн. теңгенің несиесі алынса, «Жайлау» бағдарламасы бойынша 2013 жылға 60,0 млн. теңгеге 2400 бас қой малы сатып алынып, шаруаларға берілді.

 

Өткен жылы аудан бойынша 9247 га. суармалы егістік жер игеріліп, аудан халқын көкөніс және картоп өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында, 562 га. жерге картоп, 345 га. жерге көкөніс, 15 га. жерге бақшалық дақылдар  егіліп, одан ойдағыдай өнім жиналды.

Ауданда белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 35-ке жеткен. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2652-ге артқан. Аудан бойынша негізгі азық-түлік та-уарларының бағаларын тұрақтандырып, жыл аяғына дейін қалыптасқан бағадан 10 пайыз асырмау жөнінде атқарушы органдар мен сауда дүкендерінің иелері арасында 206 екі жақты меморандум жасалып, қол қойыл-ған. Бүгінде меморандумдардың орындалуы  атқарушы органдар тарапынан қатаң бақылауға алынып, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Арнайы жасалған кестеге сәйкес, Ақсуат, Ақжар және Тұғыл ауылдарында әр сенбі күні ауылдық округтердегі кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауар өңдірушілерінің қатысуымен жәрмеңкелер тұрақты өткізіліп келеді. Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары делдалсыз сауда базарларына әкелініп, аудандағы сауда дүкендері мен сауда базарларындағы негізгі бағадан 10-15 пайыз  төмен мөлшерде саудалануда.  Өткен бір жылда осындай 41 рет жәрмеңке ұйымдастырылып, 56,9 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері  саудаланды.

Елбасы алға қойған тапсырмалардың ішіндегі ең бас-тысы — халықты жұмыспен қамту болса, бұл арада аудан бойынша мақсатты шаралар жүзеге асырылып келеді. Мысалы, өткен бір жылдың ішінде аудан бойынша 244 адам жұмысқа орналасып, жұмыспен қамту деңгейі 86,5 пайызды құрады. 510 адам ақылы қоғамдық  жұмысқа алынып,  30 адам қайта даярлаудан өтіп, кәсіби шеберлігін жаңғыртты.

Бұл орайда «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын  іске асыру көптеген жарқын істерге жол ашып берді.  2013 жылы аталған бағдарлама бо-йынша 246 жоба әзірленіп, кәсіпкерлерге 415,4 млн. теңгенің несиесі беріліп,  258 жаңа жұмыс орындары ашылды. (2012 жылы осындай 45 жобаға 126 млн. теңге бөлініп, 63 жұмыс орны ашылған болатын).

Аудан басшысы, сонымен қатар өзі басқаратын өңірде жалпы білім беретін 34 орта, 4 негізгі орта, 12 бастауыш мектептері бар екенін, онда 9302 оқушы білім алатынын, оларға қосымша 2 саз мектебі,        2 спорт мектебі, 1 өнер мектебі жұмыс істейтінін мәлімдеп өтті. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту және оқыту мәселесі де түбегейлі шешімін тауып келеді. Ауданда                  14 балабақша, 78 шағын орталық жұмыс істейді. Онда аудандағы мектеп жасына дейінгі балалардың 94,5 пайызы немесе 2591 бала қамтылған. Оқушыларды тегін ыстық тамақпен, бал, сүт өнімдерімен  қамтамасыз ету мәселесі шешілген. Өткен жылы Ақсуат, Жәнтікей, Ақжар, Екпін, Қарасу, Жетіарал ауылдарынан жаңадан жеке меншік балабақшалар ашылып, олар-ға 175 бала қамтылып, 72 адам жұмысқа орналасты.

Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облысымыздағы тілшісі Оңдасын Елубай бастаған журналистер аудан әкіміне кезек- кезегімен сауалдар қойып, өздерін қызықтырған салалар бойынша көбірек білгісі келетінін байқатты. Бірінші болып сұрақ қойған Оңдасын Тарбағатайда болып, Ақсуат, Ақжар, Тұғыл елді мекендерінде жасалып жатқан жақсы істерге куә болғанын, ол туралы газетке жазып, насихаттағанын, әсіресе өзін Тұғылда ашылған қуыршақ театры қатты қызықтырғанын айтты. Театр ашу бастамасы кімнен шыққанын, оған кімдердің қолдау жасағанын сұрады.

Сұраққа жауап берген аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлы театр ашудың бастамашысы жергілікті өнерпаздардың өздері болғанын, ал аудан басшылығы тарапынан осы өнер ұжымын талантты жастармен толықтыру үшін үш жұмыс орнын ашып бергенін айтты. Өнерсүйер қауым, қалталы азаматтар қолдап, көмектескен қуыршақ театрының келешегі зор екенін, алдағы уақытта осы өнер ұжымының бастамасын басқалар-ға үлгі ретінде өзге ауылдарға апарып көрсету мәселесі қарастырылатынын айтты.

Жас ұрпақты туған жердің табиғаты мен тарихын біліп, қадірлеп өсуіне, сол арқылы патриоттық рухта тәлім-тәрбие алуына ықпал ету мақсатында, Ақсуатта «Бөрітостаған», Ақжарда «Толағай» ескерткіш белгілері орнатылды. Демеушілердің көмегімен барлық ауылдардағы саябақтар қайта қолға алынып, аллеялар бой түзеді. Тәуелсіздігіміздің символына айналған, көпшіліктің ойында жүрген, «Бәйтерек» монументі аудан орталығының келбетіне жаңа шырай беріп, жұртшылықтың серуендейтін орнына айналды.

Облыс басшысының бастамасы негізінде өткізіліп келе жатқан «Туған жерге – тағзым» акциясы ауданымызда өз жалғасын табуда. Бір ғана мысал, аудандағы барлық ауылдық округ әкімшіліктерінде осы аталған акция аясында демеушілердің көмегімен ішкі көше жолдары жөнделіп, тегістелді. Осы шара бойынша ауданда 20 шақырымнан астам жол жөнделді. Жалпы бұл акция шеңберінде 2013 жылы 48 жоба іске асырылып, 111 млн. теңге қаржы игерілді.

Осы акция аясында белгілі кәсіпкер  Қайрат Қожахметовтың демеушілігімен 110 млн. теңгеге Бозша ауылындағы Қандысу өзенінен өтетін көпір салынса, мектеп түлектерінің демеушілігімен 3 млн. теңгеге салынған Құйған ауылында шағын футбол алаңы ауыл жастарына пайдалануға берілді. Көкжыра ауылдық округіне қарасты Серіктес ауылында жаңадан фельдшерлік пункт ашылды. Аққала елді мекеніндегі  мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мектеп жанынан  шағын саябақ бой түзеді. Семейден, Риддерден және Өскемен қаласынан, сондай-ақ Күршім ауданындағы Марқакөл орман шаруашылығынан мыңнан астам түп шырша әкелініп, Ақсуат, Ақжар ауылдарындағы  бөлім, мекемелер алдына отырғызылды.

Журналистерді қызықтырған ең басты мәселе — даму деңгейін айқындайтын барлық көрсеткіштер бо-йынша алға шығып, облыста төртінші орынға тұрақтаған ауданның биылғы жылы алға қойған негізгі мақсаттары болды. Облыстық «Рудный Алтай», «Дидар», «Қазақстан» телеарнасы басқа да басылым журна-листерінің сұрағына орай аудан басшысы ендігі кезеңде алдымызда қандай міндеттер тұр деген мәселеге де рет-ретімен кеңінен тоқталып, әрі оны Елбасының халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын тапсырмалармен байланыстыра айтып өтті.

— Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында,- деді Ділдабек Тәжібайұлы,  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын  одан әрі арттыру үшін, алдымызға нақты міндеттер қойып отырмыз. Біздің аудан үшін ең маңыздысы-мал шаруашылығы мен егіншілік кәсібін қатар дамыту. Ол үшін суармалы егіс көлемін 5000 гектарға ұлғайтып, 14000 гектарға жеткізу, қосымша 300-400 жұмыс орындарын ашуымыз керек. Тебіске және Базар өзендерінің су жүйелерін қалпына келтіру үшін 800 млн. теңге бөлінді. Ендігі міндет істі ұйымдастыруда.

Асыл тұқымды шаруашылықтар санын 50-ге жеткізу міндетін белгілеп отырмыз. Әр ауылдық округ бо-йынша бір-бірден жылыжай салып, өзін өзі көкөніспен қамтамасыз етуіне қол жеткізу міндеті белгіленіп отыр. Сонымен қатар, егістікке жаңа технологияны енгізіп, барлық ауылдық округтердегі тамшылатып суарылатын жер көлемін кемінде 1-3 гектардан, яғни аудан бо-йынша жалпы жиынын 50 гектарға дейін жеткізу көзделуде.

Біздің аудан жұртшылығы мысалы, тауық жұмыртқасының көп бөлігін басқа облыстан, қалалардан тасып әкеліп пайдаланады. Бұл үлкен келеңсіздік. Сондықтан, әр ауылдық округтердегі кәсіпкерлерге ауыл әкімдерінің қолдау көрсетуімен құс шаруашылықтарын ашу арқылы олардың санын  25-ке жеткізу көзделіп отыр.

Біздегі тағы бір өзекті мәселе — сүт өнімдерін молайту ісі. Мысалы, ауданда 120 мыңнан астам сиыр малы бар екен. Сөйте тұра мектеп оқушыларына, балалар бақшасына, ауруханада емделушілерге беретін сүтті шеттен тасып әкелеміз. Бұл да келіспейтін тіршілік. Осы проблеманы шешу үшін ендігі жерде біз сиыр саууды ұйымдастырып, сүт зауыттарын ашуымыз керек. Бұл істі қолға алам деген іскер азаматтар әр ауылдан шығып отыр. Ауыл әкімдері оларды қолдап, өзімізді өзіміз экологиялық жағынан таза сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге батыл қадамдар жасауымыз қажет.

Брифингке қатысқан БАҚ өкілдері кездесу аяқталған соң да аудан әкіміне жолығып, жеке сауалдарын қойып, білгісі келетін фактілерін пысықтап жатты. Жиырмадан астам журналистің қойған сауалына жан-жақты жауап берген Ділдабек Тәжібайұлы әр шаруаны ұйымдастыруда іске қандай ұқыпты болса, сөзге де сондай шебер, өзі де жұмыс істеп, өзгеге де жұмыс істете алатын қабілетімен тағы бір танылды.

 

ХамзаСӘТИЕВ,

“Семей таңы”

Связанные новости

Восстановлены нарушенные права услугополучателей

11.03.2026
Восстановлены нарушенные права услугополучателей

Департамент агентства РК по делам государственной службы по области Абай является уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания...

Читать далее ...

В Кокпектинском районе будет реализован ряд важных проектов

11.03.2026
В Кокпектинском районе будет реализован ряд важных проектов

В этом году в Кокпектинском районе планируется реализовать ряд важных проектов, направленных на развитие экономики и создание новых рабочих мест....

Читать далее ...

Члены общественного совета области Абай выразили поддержку новой Конституции

11.03.2026
Члены общественного совета области Абай выразили поддержку новой Конституции

Сегодня аким области Берик Уали встретился с членами областного общественного совета. На заседании, которое модерировал член Конституционной комиссии и председатель...

Читать далее ...

Коллектив АО «Семей Инжиниринг» поддержал проект Новой Конституции

11.03.2026
Коллектив АО «Семей Инжиниринг» поддержал проект Новой Конституции

В городе Семей областной филиал общенациональной коалиции «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана!» продолжает встречи, направленные на разъяснение проекта...

Читать далее ...

Молодежь области Абай стала активнее работать и учиться

11.03.2026
Молодежь области Абай стала активнее работать и учиться

В области Абай сократилась доля молодежи, не занятой ни учебой, ни работой. Регион также расширяет программы трудоустройства, льготной ипотеки и...

Читать далее ...

Члены региональной коалиции встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком»

11.03.2026
Члены региональной коалиции встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком»

Сегодня члены регионального филиала коалиции «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана!» встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком». В ходе...

Читать далее ...

Новости

Восстановлены нарушенные права услугополучателей

14 часов назад

В Кокпектинском районе будет реализован ряд важных проектов

18 часов назад

Члены общественного совета области Абай выразили поддержку новой Конституции

18 часов назад

Коллектив АО «Семей Инжиниринг» поддержал проект Новой Конституции

18 часов назад

Молодежь области Абай стала активнее работать и учиться

18 часов назад

Члены региональной коалиции встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком»

18 часов назад

Члены участковых комиссий во всех регионах РК прошли специальное обучение перед республиканским референдумом

18 часов назад

Новая Конституция Казахстана глазами зарубежного эксперта: что меняется и почему это важно

2 дня назад

Представлена AI-платформа по проекту новой Конституции

2 дня назад

Звезды казахстанской эстрады объединились в поддержку новой Конституции – народный гимн «Халықтың Ата Заңы»

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС