Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАЛҚЫЛАУДА — ОРТАҚ МӘСЕЛЕЛЕР

31.05.2016
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптаның жұмасы күні қаламыздағы «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында қалалық мәслихат депутаттарының және тәртіп сақшылары мен әкімдіктің бөлім басшыларының қатысуымен жиын болып өтті. Басқосу барысында қала өміріне қатысты бірқатар мәселелер сарапқа салынды.

Жиналған көпшілік алдында аталмыш шараны Семей қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова алғы сөзбен ашты. Басқосудың мән-маңызына тоқталып өтіп, қала өміріне байланысты бірқатар проблемалардың ретімен шешім тауып келе жатқаны жайында, бұл іргелі іске партия қызметкерлерінің қосып жатқан үлесі турасында да айтып өтті. Партия атынан сайланған қалалық мәслихат депутаттарының бұл шарада белсенділік танытуы ләзім. Осыдан соң тұрғындар көп жиналатын серуен орындарының реттілігі мен Семей қаласын абаттандыру жұмыстары жөніндегі арнайы есеп тыңдалды. Аталған жұмыстар бойынша «Семей қаласы ТҮКШ бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы  Марат Әленов толыққанды мәліметтер берді.

Марат Болатұлы айтып өткендей, ағымдағы жылы қала шырайын арттыруға шамамен 860 млн. теңге жұмсалмақ. Бұл сома бірінші кезекте қаланың орталық көшелерін абаттандыру мен көріктендіруге бөлінетін болады. Оның ішінде гүлзарлар мен көгалдар өсіру және күтіп-баптау, тал көшеттерінің күтімі, брусчаткаларды ауыстыру, жаңадан сәкілер мен қоқыс жәшіктерін орнату, сонымен қатар көшелерді жарықтандыру ісіне баса көңіл бөлінетін болады. Қазіргі күні бұл жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында 186 миллион теңге бөлінді.

Жалпы, биылғы жылы да қала келбетіне айрықша мән беріледі. Осыған дейінгі қолға алынған жұмыстар қатарын аяқтау көзделуде. Мәселен, Ертіс жағалауын абаттандыру шарасы аясында каскадты субұрқақты қайта қалпына келтіру ісі аяқталып, жағалаудың қалған бөлігіндегі тротуар жабындысы ауыстырылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар белсенді демалыс алаңдарын ұйымдастырып, ол жерлерде шағын сәулет үлгілерін орнату, теннис кордтарын ашу да күн талабындағы жоспарда тұр.

Марат Әленов өз сөзінде гүлзарлар өсіру мен көгалдарды күтіп-баптау және көше бой-ларындағы түнгі мезгілдегі әдемілік үшін қойылатын жарық шамдары мәселесіне мүмкіндігінше кеңірек тоқталды.

— Бүгінгі таңда Семей қаласы бойынша көшелерді жарықтандыру ісінде 7 мың элемент қолданылады. Биылғы жылы бұл бағыттағы атқарылатын жұмыстарға қосымша жоспар енгіздік. Нақтырақ айтқанда, 87,9 млн. теңгеге көшедегі жарық шамдары ауыстырылады. Яғни ескілерінің орнына электр энергиясын үнемдейтін шамдар қойылмақ. Соның нәтижесінде тұтынылатын қуат көзін 60 пайызға дейін үнемдеуге болады. Ал ескі жарық шамдары қаланың проблемалы аудандарына орналастырылмақ. Қаланың ауқымы үлкен. Жарықтандырылмаған көше-лер де бар. Бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін қосымша қаржы қарастырылып, іс-шаралар жүзеге асырылуда. Алайда бұл ретте шешілуі тиіс басты мәселе бағытты автобустар қатынайтын және тұрғындардың нөпірі көп көшелерді жарықтандыру болып отыр,- деді өз сөзінде Марат Болатұлы.

Осыдан соң сөз кезегін алған жергілікті полиция қызметінің басшысы Рафик Сайфутдинов алды. Өз сөзінде қаламыздағы құқықтық тәртіптің сақталу барысы жайына тоқталған Р.Сайфутдинов шаһар бойынша бұзақылық және ұрлық фактілері санының айтарлықтай төмендегенін айтып өтті. Дегенмен осы орайда жергілікті полиция қызметі басшысына аталмыш тақырып ауқымында түрлі сауалдар да қойылды. Соның бірі қаладағы мәдени және сәулет ескерткіштері мен нысандардың сақталуы туралы болды. Бұған Р.Сайфутдинов ешкім күтпеген тосын жауап қайырды.

— Қаладағы демалыс орында-рындағы нысандарды қорғау үшін біз қосымша күш жұмылдырдық. Әсіресе қала орталығы мен Ертіс өзені жағалауындағы күзет қырағы. Ал Полковничий аралындағы саябақта атты полиция қызметкерлері бар. Олар үй жануарларының ескерткіш-терге жақындамауын қамтамасыз етеді. Қазіргі күні аралдағы мүйізді ірі қараның саны 248 бастан асады. Жыл басынан бері бұл жерде құқық бұзушылық анықталған жоқ. Ондағы нысандарды қараусыз жайылған сиырлар сындырып, бүлдіруде,- деді Р.Сайфутдинов.

Сонымен қатар қалалық мәслихат депутаттары қатысқан жиын барысында құқық қорғау орындарының жұмысы жайлы кеңінен сөз болып, қаладағы ішкі тәртіпті сақтауға қатысты бірқатар ұсыныстар ортаға салынды. Мұнымен қоса күн тәртібіндегі кезекті мәселелер де  талқыланды. Атап айтсақ, ТҮКШ, су мен жылу желілерін  және инфраструктураны жаңғыртуға  республикалық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалу барысы бойынша қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясы комиссиясының жұмысы тыңдалды. Бұл мәселе бойынша депутат Сергей  Покатилов есеп беріп, партия белсенділерін жүргізілген жұмыстар барысына қанықтырды.

Жиында бұдан өзге де қаланың мәдени, әлеуметтік өмірін қамтитын бірқатар мәселелер қатары сөз болды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС