Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЗАЛЫ ТАРИХҚА АЙРЫҚША ТАҒЗЫМ

03.06.2016
FacebookWhatsappTelegram

Абай атындағы әмбебап кітапханада 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналып «Азалы тарихқа айрықша  тағзым» атты арнайы шара өткізілді. Оның негізгі мақсаты ұлт мүддесін қорғау жолында жандарын қиған кешегі Алаш ардақтыларын жас ұрпаққа насихаттау әрі олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылды.

Аталмыш шараға қалалық ішкі саясат бөлімінің өкілдері, белгілі тарихшы-ғалымдар, қаланың зиялы қауымы және студент жастар қатысты. Бұл күннің мәні мен маңыздылығына кеңірек тоқталған «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрдығұл Шаңбай көпшілікке Семей қаласы Алашорда автономиясының орталығы болғаны жайында жан–жақты айтып өтті.

— Жуық арада Мәскеуде «Алаш қозғалысының пассионарлық қуаты» деген еңбек жарық көрмек. Бұл туындыда ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың Семей қаласы туралы айтқан сөздері келтірілген. Мәселен, «Қазақ» газетіндегі «Оқушыларға жәрдем қауым» деген мақаласында Ә.Бөкейханов қазақ даласында өркендеп келе жатқан қалалардың қатарына Орынбор, Троицк және Семейді жатқызыпты. Негізі, Семей Алаш зиялыларының саяси орталығы болған,- деген Тұрдықұл Шаңбай Алаш арыстарына қатысты бірнеше еңбекті қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ю.Осьмаков пен Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлеріне салтанатты жағдайда табыстады.

Айтулы жиында кітапхана қызметкерлері 1924-1954 жылдар аралығында елімізде 100 мыңнан аса адам саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болғандығын, 30 мың адам жазықсыз атылып кеткендігін мәлім етті. Ал 1931-1933 жылдардағы қолдан жасалған ашаршылықтың нәтижесінде 2 млн-ға жуық адам көз жұмып, 1 млн-нан аса қазақ шекара асуға мәжбүр болыпты. Сондай-ақ шара барысында, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай, «Ұлт көсемі — Әлихан» тақырыбындағы виртуалды көрменің тұсаукесер рәсімі болып өтті. Кітапхана ұжымы аталмыш көрме арқылы ғаламтор пайдаланушылары ұлт көсеміне қатысты қызықты әрі тың деректерді лезде таба алатынын айтып, көрменің оқырмандарға пайдасы тиетініне сенімді. Виртуалды көрме негізгі 8 бөлімнен тұрады екен. Мұнда Ә.Бөкейхановқа арналған өлеңдер, қайраткердің түрлі фотосуреттері, бейнежазбалар және мерзімді басылым беттерінде жарық көрген 20-дан астам мақаланың толық мәтіндері ұсынылған. «Азалы тарихқа айрықша тағзым» шарасында М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің оқытушысы С.Сақаловтың орындауында «Оян, түрік!», «Арыстарым, қайдасың?» және Құсмілия Нұрқасымның «Алашты жоқтау» әндері шырқалып, жас ақындар арнау өлеңдерін оқыды.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС