Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІЛЕРДІҢ МҮМКІНДІГІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

31.01.2014
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІЛЕРДІҢ МҮМКІНДІГІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
FacebookWhatsappTelegram

«Нұр Отан» партиясының Семейдегі филиалында жыл басталғалы бері үшінші рет қоғамдық қабылдау өткізілді. Шараның жылашарын қала әкімі Айбек Кәрімов бастап, тұрғындарды жеке қабылдаған болатын. Бұл жолы қала тұрғындарын «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков қабылдады.

Бұл  қабылдаудың бір өзгешелігі бар. Облыстық филиал төрағасының орынбасарымен тікелей жүздесуге қаламыздағы мүгедек жандар мен олардың атынан өтініш, ұсыныс-пікір әкелушілер келіпті.

— Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы — 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Нұр отан» партиясына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға баса назар аударуды тапсырған болатын. Міне, Елбасының осы тапсырмасына сәйкес, мүгедек жандарға көмек көрсету, олардың қоғамға қиындықсыз икемделуі үшін қолайлы жағдайлар туғызу, еңбек және шығармашылық мүмкіндіктерін  жүзеге асыру мақсатында қабылдау  өткізіп отырмыз, — деді Түсіпхан Түсіпбеков. Қоғамдық қабылдауға қалалық әкімдіктің дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жалпы алғанда, бұл жиын барысында мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылды.

 

{jcomments on}Қабылдауға алғашқы болып жазылған «Айша бибі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжиһан Жұматаева екен.  Өтініші — қаламыздағы мүгедектер қауымы үшін арнайы емхана ашу екен. Өтініш иесі өз сөзін бірнеше мысалмен дәлелдеп шықты. Қазіргі ауруханаларда мүгедектер үшін толық жағдай бар деп айту қиын. Әрі он екі мүшесі сау адамдардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін бөтен сезінеді. Сонымен қатар, қазіргі аруханаларда мүгедектер арбасымен жүру де қиыншылық тудырады. Осыған байланысты олар үшін арнайы стационар бөлімін ашу қажеттігі туындайды екен. Г.Жұматаеваның сөзін мұқият тыңдап шыққан Т.Түсіпбекұлы бұл сауалды облыс басшысына жазбаша да, ауызша да жеткізетінін айтып уәде етті.

 

Жалпы, осы күнгі қоғамдық қабылдауға жазылған бірқатар азаматтардың айтар өтініштері мен ұсыныстары мүгедектерге арнайы үй бөлу туралы болды. Қабылдауға келген азаматтар бұл мәселе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың назарына ұсынылса дейді. Ал оларға жауап қайырған Түсіпхан Түсіпбеков мүгедектерге арнайы үй ашу үшін, оның коммуналдық қызметтерін өтеу үшін едәуір әлеуеттілік қажет екендігін айта келіп, бұл мәселені шешуде аймақ басшысы жәрдем көрсетер деген пікір білдірді.

Қоғамдық қабылдауға жазылған Тұрсын есімді азамат жұмыс барысында үш саусағынан      айрылған. Бірақ, оны қараған дәрігерлер мүгедектік тағайындаудан бас тартыпты. Сол себепті де жұмысқа тұру мәселесінде қиындықтар      туындаған. 57 жастаға азаматты бірқатар жұмыс орындары кемтарлығы себепті жұмысқа қабылдамайды. Қабылдауға қатысушы атқарушы билік өкілдері  бұл мәселені талқылай келе, азаматқа тиісті көмек беретіндіктерін жеткізді.

Осы тәрізді мысалдар қоғамдық қабылдау барысында көптеп кездесті. Расында, мүгедектер қатарына жатқызылғанымен, бұлардың көпшілігі қайсыбір жұмыстарға қабілетті көрінеді. Арнайы станоктарда, тігін цехтарында да жұмыс істей алатын азаматтар, мүгедектік топқа жататындар үшін жұмысқа тұру мәселесі біршама қиындық тудыратынын айтады. Сол себепті кейбірі үйінде отырып еңбек етуге көшкен. Осындай өтінішпен келген азаматтарға түсінік берілді. Мәселен, бекітілген Заңнама бойынша, 30 адамнан аса жұмысшысы бар жұмыс берушілерге жалпы жұмыс орындары санынан 3 пайыздық мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы берілген. Бұл орайда жұмысқа қабылдау шаралары дәрігердің анықтамасындағы мүгедектің денсаулық жағдайына байланысты көрсетілген ұсыныстар қатаң ескеріле отырып жүргізілуі керек.

Сөз орайында айта кетейік, Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы шаһарда 80 мүгедек адам жұмыспен қамту мәселесі бойынша өтініш жасапты. Олардың ішінде 29 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алайда, аталмыш қоғамдық қабылдаудан аңғарғанымыздай, денсаулығы еңбекке мүлде жарамсыз жандардың да жұмыс сұрап келгендері болды. Мәселен, 1 топтағы мүгедек, көзі көрмейтін адамға қоғамдық орындардан арнайы жұмыс тауып беру мүмкін емес. Олар тек мемлекет төлейтін жәрдемақыға сүйенеді. Жиын барысында бұл мәселе де қозғалды.

Қалай болған күнде де, мүгедектерді жұмыспен қамту және олардың құқығын қорғау шаралары ендігі арада Елбасының Жолдауына сәйкес «Нұр Отан» партиясының қадағалауында болмақ. Өз кезектерінде қоғамдық қабылдауға жазылып, түйіткілді мәселелеріне жауап алған жандар осы үшін де алғыс білдіріп жатты.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

“Семей таңы”.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

6 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС