Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСПЕК

07.06.2016
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптада стратегиялық әріптестік бағдарламасы шеңберінде Семей қаласына АҚШ-тан Сент-Луис университетінің өкілдері келген болатын. Мәртебелі меймандардың қатарында Сент-Луис университетінің медициналық сұрақтар бойынша вице-президенті, медицина ғылымдарының докторы Филлип О. Алдерсон және MD, Сент-Луис университеті ортопедиялық хирургия департаментінің профессоры, Қазақстан ұлттық холдингінің шұғыл көмек ғылыми-зерттеу институтының тәуелсіз директоры Жолдас Құлжанов сынды білікті мамандар болды. Семейге жасаған сапарлары аясында мәртебелі меймандар Семей өңірлік онкологиялық диспансердің жұмысымен де танысты.

Бұл сапардың мақсаты қос ел арасындағы денсаулық сақтау саласындағы байланысты нығайтып, өзара тәжірибе алмасу болып табылды. Бүгінде медициналық орталық 620 839 тұрғынды қамтитын Семей өңіріне арнаулы онкологиялық көмек көрсетіп келеді. Мұнда 140 тәуліктік әрі 20 стационарлы алмастырушы төсек қойылыпты. Бұл өз кезегінде жыл сайын 5 мыңға жуық науқасқа қажетті ем қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Бұған қоса диспансер жылма-жыл 42 мыңнан астам емделушіге консультациялық көмек ұсынып келеді. Сонымен қатар онкологиялық диспансер базасында медицина ғылымдарының докторы, профессор Д.Мусинов атындағы онкология және радиология кафедрасы орналасыпты. Аймақтағы бірегей нысанның қызметімен танысқан АҚШ мамандары қазақстандық әріптестерінің жұмысын оң бағалады. Денсаулық сақтау мекемесіндегі танысу әріптестік байланысты тереңдете түсетін екі жақты конференциямен жалғасын тапты. Білікті дәрігерлер жыл санап белең алып келе жатқан қатерлі ауруларды емдеудегі түйткілді мәселелерді талқылап, оның алдын алуға  байланысты пікір алмасты.

— Онкологиялық аурулардан болған өлім-жітім көрсеткіші бойынша, еліміздің солтүстік және шығыс аймақтары алдыңғы орындарда. Өкінішке орай, Шығыс Қазақстанда қатерлі дертпен сырқаттанғандардың саны жыл сайын бес пайызға көбейіп келеді. Бұл қатерлі сырқаттың алдын алу мақсатында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы негізінде «ҚР тұрғындарына онкологиялық көмек көрсетуді дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы» әзірленді. Соған сәйкес негізгі 6 локализация бойынша скринингтік тексеру жұмыстары жүзеге асырыла бастады. Нақтырақ айтқанда, сүт безі, жатыр мойыншығы, ішек, қуық түбі, өңеш-асқазан және бауыр обырларын ерте анықтауға бағытталған жұмыстар атқарылуда. Аталмыш скринингтік бағдарламаны енгізудің арқасында қатерлі сырқатты ерте кезеңде анықтауға жол ашылып отыр,- деді Семей қаласы өңірлік онкологиялық диспансерінің директоры М.Сандыбаев.

Өз кезегінде Сент-Луис университетінің ғалымдары әріптестік қарым-қатынасты ілгерілетуге ниет танытқан отандық дәрігерлерге алғыстарын айтып, осы саладағы бар білгендерімен бөлісуге дайын екендіктерін жеткізді.

— Менің негізгі мамандығым радиолог дәрігер болып табылады. Сондықтан да осы онкологиялық сырқаттарға қатысты сұрақтар маған бейтаныс емес. Төрт жылдай уақыт Колумбия университетінде еңбек еттім. Сол білім шаңырағында біраз уақыт радиологиялық онкология бөлімінің меңгерушісі де болдым. Сіздердің аймақтарыңыз жайлы хабардармын. Бұл кездесуді асыға күттім. Медицинаның осы саласы бойынша сіздермен бірлесе жұмыс атқару біз үшін қызықты, әрі өзіміз де сіздерден білмегенімізді үйренерміз деген ойдамын,- деп атап өтті Филипп О.Алдерсон.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС