Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

САЯЖАЙДАҒЫ МӘСЕЛЕГЕ ОРТАҚ КЕЛІСІМ ҚАЖЕТ

07.06.2016
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптадағы жұма күні қала әкімі Ермак Сәлімов қала іргесіндегі Шығыс саяжайы тұрғындарымен кездесіп, олармен аталмыш алаптағы қордаланған мәселелер қатарын бірлесіп талқылады. Кездесуге қалалық әкімдіктің бөлім басшылары, коммуналдық мекемелер жетекшілері қатысты.

«Восточный правый» кәсіби баушылар кооперативі алдында өткен жиында саяжайшылар тарапынан бірқатар мәселелер көтерілді. Соның ішінде электр қуаты үшін жиналатын қаржы мәселесі қызу өрбіген әңгімеге арқау болды.

Саяжай тұрғындарының басым көпшілігі — осында қыстайтын, жергілікті аумақты мекен ететін азаматтар. Кооператив жұмысына реніш білдірушілер де солар. Олардың айтуынша, жыл сайын түрлі себептермен қаржы жинау дағдыға айналған. Алайда көпшілік тұрғындар өздері берген ақшаларының қайда және қандай мақсатта жұмсалатынын білмейтіндігін айтады. Ал тиісті соманы беруден бас тартқан тұрғындардың үйі электр желісінен ажыратылады екен. Сол себептен амалсыз ақша беруге мәжбүр болуда. Алайда тұрғындардың екінші тобы бұл жайттан ешқандай өрескелдік көрмейтінін жеткізеді. Біріншіден, аумақтағы тұрғындардан жиналған қаражат кооператив қызметіне жұмсалады. Оның ішінде шығын болған электр қуатының орнын толтыру да бар. Сонымен қатар ақы төлеуден бас тарқан тұрғындардың шаңырағын жарықтан айыруға кооператив заң жүзінде құқылы болып шықты. Осылайша екі жікке бөлінген саяжайшылар кездесу барысында эмоцияға да ерік берді. Бір-біріне дауыс көтеруге дейін барған топқа басу айтқан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов аталмыш аумақта туындаған мәселелерге біршама қанық екенін жеткізіп, құр айғаймен ештеңені де шешу мүмкін еместігін айтып, жиналғандарды сабырға шақырды.

Ал кесімді пікірді қала әкімі Ермак Сәлімов айтты. Дәл қазір мұндай жағдайда ортақ пікірге келу мүмкін еместігін алға тартқан Ермак Бидахметұлы бұл мәселені маусым айының 19-ы күні қалалық әкімдікке жиналып салқын мінез, сабырлы ақылмен кеңесе отырып шешу қажеттігін жеткізді. Яғни, аталмыш кооператив жұмысы жайында арнайы комиссия құрып, жүйелі бағытта іс жүргізу қажет. Ол комиссия құрамына саяжайшылар тілегін, мұң-мұқтажын дөп басып, дәл жеткізе алатын белсенді тұрғындар енгізілмек.

Тұрғындар қала әкімінің осы сөзіне тоқтасып, оған дейін қажетті құжаттарды реттеуге кірісу керектігін айтып жатты.

Өткен жылы дәл осындай жиын өткенімен, одан ешқандай нәтиже болмапты. Тіпті тұрғындар өз арасынан ынталы топ өкілдерін сайлап, әрекет қылғанымен, ешқандай жетістікке қол жеткізе алмаған. Тұрғындар аумақтағы мың жарымнан аса шаңырақты сарсаңға салған мәселеге нүкте қоюға үмітті.

— Саяжайдағы бұл мәселе біраз жылдан бері қордаланып қалған. Себебі оған бірінші кезекте миграция әсер етеді. Мұнда ауылды жерлерден көшіп келушілер көп. Азаматтар саяжайдан жер сатып алып, үй салып, тұрғылықты мекенге айналдырған. Алайда, түсінуіміз керек, саяжай дегеніміз — тек жазғы мезгілде ғана, маусымдық негізде уақытша мекен ететін тұрақжай. Неге? Себебі мұндағы электр қуаты, тіпті жол да халық нөпіріне арналмаған. Артық жүктемені көтере алмайды. Бүгінгі мәселе де, міне, осыдан келіп туындауда. Дегенмен тұрғындарды да түсінуге болады. Кездесуде бірқатар адамдар кооператив жұмысына қарсылық білдіріп, оны басқару жүйесін өз қолдарына алуға ниет білдіруде. Дегенмен аталмыш кооператив тарапынан көп жұмыстар жасалғанын білеміз. Мәселен, жаңадан төрт трансформатор орнатылып, электр желілері жаңғыртылған. Саяжайдың дәл осы аумағындағы электр қуатын беру ісі бір жүйеге келтірілген. Біз арнайы комиссия құруды жөн санадық. Ал халықтың мұндай наразылығының туындауына кооператив жұмысы жайында ақпараттардың жоқтығы себеп болып отыр,- деді БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында қала әкімі Ермак Сәлімов.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС