Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЗОР

10.06.2016
FacebookWhatsappTelegram

Апта сәрсенбісінде Суздаль кен орнында жаңа инновациялық жоба аясында ыстықтай сілтісіздендіру цехы іске қосылды. Жаңа өндірістік орынның экономикалық тиімділігі аса жоғары. Осыған дейін кейінге қалдырылған, игерілмеген кеніштің бірқатар орындарын қайта қолға алуға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, кен қорындағы құрамында мышьягы бар алтынсульфидті кенді байытудың жаңа мүмкіндігі ашылды. Аталмыш шараға кәсіпорын ұжымы және қала әкімі Ермак Сәлімов қатысты.

Бұл тәсіл, яғни ыстықтай сілтісіздендіру әдісі арқылы кен өндіру, «Hitecc» жаңа технологиясымен инновациялық жоба аясында жүзеге асырылмақ. Осынау жаңашылдықты пайдалану туралы жетекші компания «Nordgold» басшылығы бір жыл бұрын нақты шешім қабылдаған. Осы орайда айта кету керек, ыстықтай цианирлеу тәсілі тек Қазақстан бойынша ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр. Оның берер тиімділігі сол — жылына он төрт мың унция алтын-күміс құймасын алуға мүмкіндік береді. «Nordgold» компаниясының бас директоры Николай Зеленский шара барысында сөз алып, құттықтау тілек білдіріп өтті. Ол өз сөзінде аталмыш жобаны жүзеге асыру компанияның стратегиялық даму қадамына жататынын жеткізе кетіп, жаңа технологияны өндіріске енгізу ісі бірқатар экономикалық тиімділіктер әкелетінін айтты.

— Аталмыш цехтың құрылысын жүргізуге шамамен 6 млн. АҚШ доллары жұмсалынды. Бұл инвестиция Суздаль кенішінің жарқын болашағына деген сенімділік сыйлайды. Ендігі аралықта мұндағы жұмыстың өнімділігі де артатын болады. Кәсіпорын бүкіл Шығыс Қазақстан облысы бойынша ғана емес, ел көлемінде, тіпті бұрынғы КСРО бойынша технологиялық жарақталу тұрғысынан да көшбасшы саналады. Оның үстіне кәсіпорын — Қазақстан Республикасы бойынша кенді биосілтісіздендіру технологиясымен байытатын бірегей мекеме. Яғни, алтынды мейлінше сапалы түрде өндіреді деген сөз. Сонымен қатар осынау жаңа цехты іске қосу арқылы өндіріс орны соны технологияларды игеру бойынша алдыңғы қатарлы кәсіпорындар санатына еніп отыр. Атап айтсақ, дәл осындай тәсілмен әлемде тек бір ғана зауыт — Австралиядағы өндіріс орны ғана жұмыс істеуде. Біздің межелеуіміз бойынша, ендігі аралықта бұл кен орнынан алтын өндіру ісі жылына 10-15 пайызға артатын болады. Ал мұның барлығы кәсіпорынның жұмыс істеу мерзімін ұлғайтып, экономикалық қуаттылығын арттырады,- деді Н.Зеленский.

Басқарма компанияның бас директоры аталмыш құрылысты жүргізуге қатысқан барлық қызметкерлер мен көмек жасаған ШҚО әкімдігіне алғысын жеткізді.

Ал облыс әкімі Даниал Ахметовтің атынан және өз атынан құттықтау лебіз білдірген Семей қаласының әкімі Ермек Сәлімов ұжымға табыс тіледі.

—  Қазіргідей қысылтаяң уақытта, көптеген компаниялар өз жоспарларын кейінге қалдырып жатқан шақта, «Nordgold» компаниясы жаңа жағдайда қалай жұмыс істеу керектігін айқын көрсетіп отыр,- деді қала басшысы. – Бүгінде кен байыту өндірісінде жаңа тенденциялар байқалуда. Құрамында металы бар кен қоры азайған шақта, оны өндіру қиындай түсетіні белгілі. Әйгілі кен орындарымен, өндіріс ошақтарымен танылған бізде, кенді Алтайда, үйінді күйінде қалған көптеген техногенді шикізаттар бар. Инновациялық технологияларды дендеп енгізу шикізаттарды қайта өңдеу арқылы қажетке жаратуға мүмкіндік береді. Бұл, бірінші кезекте, кәсіпорындағы инженерлік ойдың нәтижелі жүзеге асуы, әрі ол мақтауға тұрады,- деді Ермак Бидахметұлы. — «ФИК «АЛЕЛ» АҚ — бұл 900 жұмысшысы бар, бюджетке 5 миллиард теңге салық аударымын жасайтын қызметі тұрақты мекеме. Мұнда жұмыс істейтін еңбеккерлердің көпшілігі Семей қаласында тұрады. Сондай-ақ бүкіл шығысқазақстандық кәсіби шеберлер де осында. Сол себептен де біз сіздердің осынау қуаныштарыңызға ортақпыз,- деді қала басшысы.

Кәсіпорынның бас директоры Григорий Яковенконың айтуынша, ыстықтай сілтісіздендіру цехының құрылысын жүргізуге жылға жуық уақыт кетіпті. Оның басты тиімділігі сол — ресурстық базаны толық көлемде игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өндірістік процесті оңтайландырып, зауыттың өміршеңдігін ұзарта түседі. Жұмыс орындарының сақталуына жағдай туғызып, аймақтағы экономикалық һәм экологиялық ахуалдың қалыпты жағдайда болуына айтарлықтай зор ықпал жасайды.

Салтанатты шараның жалғасында құрылысты салуға қатысқан мердігер мекемелер өкілдеріне және кәсіпорынның үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,Эльдар НУРУЛЛИН, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС